Loading ...
Loading ...
Loading ...
159
B O S C H
ҚАЗАҚ
Маңызды ескертпелер
Бұл құрылғы тек тұрмыстық қолданыс үшін
арналған және өнеркәсіптік мақсаттарда
пайдаланылмауы қажет.
Бұл құрылғы тек тағайындалуы бойынша,
яғни үтік ретінде ғана қолданылуы тиіс.
Кез келген басқа жолмен пайдалану дұрыс
емес, демек, қауіпті болып саналады.
Өндіруші құрылғыны дұрыс немесе тиісті
түрде пайдаланбаудан пайда болған кез
келген залал үшін жауаркершілік артпайды.
Пайдалану барысында бұл құрылғы
жоғары температураға дейін қызады және
бу шығарады, бұл дұрыс пайдаланбаған
жағдайда күюлерді тудыруы мүмкін.
- Үтіктің табанын ұстамаңыз! Үтікті
тұтқасынан ұстаңыз.
- Құрылғының құлауын болдырмау үшін
қуат сымын үстелден немесе үтіктеу
тақтайынан салбыраған күйінде
қалдырмаңыз.
- Үстіңізге киіліп тұрған киімді үтіктемеңіз!
- Адамдарға немесе жануарларға қарай
ешқашан суды бүркімеңіз және буды
бағыттамаңыз!
Қуат сымының өткір заттармен немесе
қызып тұрған үтіктің табанымен жанасуын
болдырмаңыз.
Үтіктің табаны ыстық болған кезде, үтікті
ешқашан көлденең күйде қалдырмаңыз.
Үтікті тігінен, табанымен орналастыру қажет.
Жұмыс істеу кезінде құрылғыны су қолмен
ұстамаңыз.
Бұл құрылғыны техникалық сипаттамалары
жазылған тақтайшадағы ақпаратқа сәйкес
қосу және қолдану қажет.
Бұл құрылғыны жерге тұйықталған
ұяшыққа қосу қажет. Ұзартқышты
міндетті түрде пайдалану қажет болған
жағдайда, ол 1сәйкес және жерге
тұйықталу қосылымы бар ұяшықпен
жабдықталғанына көз жеткізіңіз.
Нақты қоршаған орта жағдайларында
аталған аспап жұмысында аздаған
кідірістер болуы мүмкін.
Су багын толтыру мақсатында құрылғыны
ешқашан су құбыры шүмегінің астына
тікелей орналастыруға болмайды.
Құрылғыны әрбір қолданыстан кейін
немесе ақаулық болуы мүмкін жағдайда
қуат желісінен ажыратыңыз.
Құрылғы айырының сымын ұяшықтан
жұлқып шығаруға болмайды.
Үтікті суға немесе басқа сұйықтыққа
батырмаңыз.
Үтікті ашық қалған жерде қалдырмаңыз
(жаңбыр, күн, аязды күн,...).
Кәдеге жарату туралы кеңес
Біздің тауарларымыздың қаптамасы дұрыс
ойластырылған. Бұл негізінен екінші шикізат
ретінде қалдықтарды кәдеге жарату
бойынша жергілікті қызмет көрсету
орталығына жіберілуі тиіс ластамайтын
материалдарды қолданудан тұрады.
Ескірген құрылғыларды кәдеге жарату
туралы ақпаратты жергілікті қала
әкімшілігінен алуыңызға болады.
Бұл құрылғыда қолданылатын
электрлік және электрондық
құрылғыларға қатысты 2012/19/
EО Еуропалық директивасына
сәйкес белгіленген (электрлік
және электрондық жабдық
қалдықтары - ЭЭЖҚ).
Бұл нұсқаулық ЕО барлық аумағы үшін
қолданылатын пайдаланылған
құрылғыларды қайтару және қайта өңдеу
бойынша жалпы шарттарды анықтайды.
Сипаттама
1. “TempOK” индикатор шамдары
2. “SensorSecure” индикатор шамы
3. Бүрку түймесі
4. Бу соққысының түймесі
5. Бу реттегіші
6. Су құю саңылауының қақпағы
7. Бүрку саңылауы
8. Толудың жоғарғы деңгейінің белгісі
9. “clean” түймесі
10. Үтіктің табаны
11. Табан
12. Қуат кабелі
Жайылатын жақтарын ашу
Loading ...
Loading ...
Loading ...