Philips HD2618/00 Toaster

User Manual - Page 37

For HD2618/00.

PDF File Manual, 96 pages, Read Online | Download pdf file

HD2618/00 photo
Loading ...
Loading ...
Loading ...
37

Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін, өніміңізді www.philips.com/welcome
веб-торабында тіркеңіз.

Қызатын сөре
B Тоқтататын түйме
C Тостерлейтін рычаг
D Дисплей
E Қызарту бағдарламасының көрсеткіші
F Қоқымдар легені
G Қызартудың басқару құралдары (+ және -)
H Режим түймесі (әртүрлі функцияларды таңдауға арналған)
1 Нормалы тостерлеу
2 Мұздан ерітіп барып тостерлеу
3 Бір жақты қызарту (тоқаштар мен багеттер үшін ыңғайлы)
4 Қайта қыздыру
5 Тәтті нан және круассандарды қыздыру
I Қыздыратын сөре рычагы

Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта
анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.

- Құралды еш уақытта суға батырмаңыз.
- Мөлшері тым үлкен тамақты немесе металды фольгадан жасалған орамасы бар тамақты
тостерге салуға болмайды, себебі ол өрт немесе электр шогын туғызуы мүмкін.

- Құралды ток көзіне қоспас бұрын, төменгі жағында көрсетілген кернеу мөлшері
қосылатын розетканың кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз.
- Егер құралдың шанышқысы, сымы немесе құралдың өзі зақымдалған болса, құралмен
қолданбаңыз.
- Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек Philips қызмет
көрсету орталығында, Philips ұсынған қызмет көрсету орталығында немесе тиісті білімі
бар мамандар алмастыру керек.
- Құрылғыны тек жерге қосылған розеткаға жалғаңыз.
- Қуат сымын ыстық беттерден аулақ ұстаңыз.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану
нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі, сезімталдығы төмен, сондай-ақ
білімі мен тәжірибесі аз адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы
керек.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
- Құралды қадағалаусыз қосып қоюға болмайды.
- Қауіпті жағдай туғызбас үшін, бұл құралды таймер арқылы істетпеңіз.
- Құралды перделер немесе басқа тез жанып кететін заттарға жақын жерде немесе
олардың астында, не болмаса қабырғаға ілулі тұрған жәшіктердің астында қолдануға
болмайды, себебі бұл өрт төндіруі мүмкін.
- Тостер қосулы тұрғанда немесе ол әлі де болса қызып тұрғанда оның үстіне ештеңе
қоймаңыз, себебі ол зақым тигізуі немесе өрт шалдыруы мүмкін.

Loading ...
Loading ...
Loading ...