Bosch 600853670 Garden Shredder AXT Rapid 2200

Original instructions - Page 135

For 600853670.

PDF File Manual, 203 pages, Read Online | Download pdf file

600853670 photo
Loading ...
Loading ...
Loading ...
Қазақша | 135
Bosch Power Tools F 016 L81 412 | (18.1.16)
Қозғалтқыштың зақымданып
бұзылуын немесе өрт шығуын
болдыртпау үшін желдету
саңылауларын қалдықтардан
немесе басқа қатпарлардан бос
қалыпта ұстауыңыз қажет.
Қозғалтқышы істе болып тұрған бақ
электрбұйымын ешқашан
көтермеңіз немесе тасымаңыз.
Жұмыс істеген аумақтан кету
алдынан әрқашан алдымен бақ
электрбұйымын өшіріңіз, кесу
механизмі тоқтағанша дейін күтіңіз
де, бұйым айырын шығарыңыз.
Жұмыс барысында бақ
электрбұйымын аудармаңыз.
Бақ электрбұйымын жауын
жауғанда сыртқа шығармаңыз не
сыртта қалдырмаңыз. Бақ
электрбұйымын тек қана құрғақ
жерде сақтаңыз.
Күту мен сақтау
Бақ электрбұйымы сервистік,
тексеру, сақтау немесе қосалқы
бөлшектерін ауыстыру жұмыстары
себептерінен істен шығарылса,
оны алдымен өшіріңіз, айырын
электр розеткадан шығарып,
суытып алыңыз. Әр тексеру немесе
лайықтау жұмыстары алдынан
әрқашан алдымен барлық
жылжымалы бөлшектерінін
толығымен тоқтап тұрғанын
тексеріп алыңыз.
Бақ электрбұйымын күтіп, таза
күйде ұстаңыз.
Бақ электрбұйымын тексеріп,
қауіпсіздік себептерінен тозып
немесе бұзылып кеткен
бөлшектерін ауыстырыңыз.
Ауыстырылатын бөлшектерінің
Бош фирмасының бұйымдары
болғанына назар аударыңыз.
Ұзарту кабелі қолданғанда оның
күші бақ электрбұйымындағы
кабелінен азырақ болмауы тиіс.
Инженерлік коммуникация
жүйелері мен ұзарту кабелінде
зақымданған не тозған жерлерінің
бар не жоқ болуын үнемі
тексеріңіз. Кабелі зақымданып
бұзылған қалыпта болған бақ
электрбұйымын қолданбаңыз.
Кесу механизмінің параметрін
орнатқанда қозғалтқышқа тоқ
берілуі мәжбүрлеме түрде
тоқтатылып, қозғалтқыш іске
қосыла алынбайтын түрде
болғанына қарамастан кесу
механизмі, қозғалтқышты қолмен
бұрғанда, әрі қарай жылжып
тұратынын ұмытпаңыз.
мәжбүрлеме тоқтатуын ешқашан
күштен шығаруға әрекеттенбеңіз.
Электр қауіпсіздігі
Назарыңызда болсын! Жөндеу
немесе тазалау жұмыстарын
өткізу алдында бақ
электрбұйымын өшіріп, электр
тоқ айырын розеткадан
шығарып алыңыз. Электр тоққа
қосу кабелінің зақымданып,
кесіліп немесе оралып
қалғанында да жоғарыдағыдай
әрекеттеніңіз.
Өзіңіздің бақ электрбұйымыңыз
қауіпсіздік үшін қорғау оқшауламен
қамтамасыз етіліп, сондықтан оның
жерге тұйықталуы қажет емес.
Жұмыс кернеуі: 230 В AC, 50 Гц
Loading ...
Loading ...
Loading ...