User Manual - Page 151

For 06033D2100.

Loading ...
Loading ...
Loading ...
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Электр құралын тік аймақтарда жұмыс істеу кезінде
сорғыш шланг төменге көрсететін етіп ұстаңыз.
Қосалқы тұтқа (K суретін қараңыз)
Қосымша тұтқа (7) оңай қолдану мен оптималды күш
таратылуын қамтамасыз етеді, әсіресе жоғары ажарлау-
тегістеу жұмыстарында.
Қырға жақын тегістеуде қосымша тұтқаны қолданбау
мүмкіндігі бар. Қатпарлы гайканы (18) бұрап шығарып,
бұранданы (17) корпустан тартып алыңыз. Содан кейін
қосалқы тұтқаны (7) алға тартыңыз.
Қосалқы тұтқаны (7) қайта орнату үшін, оны алдымен
корпусқа ұстағыштары корпус саңылауларына кіріп
тірелетіндей етіп жылжытыңыз. Қосалқы тұтқаны
бұрандамен (17) және (18) қатпарлы гайкамен бұрап
бекітіңіз.
Қосалқы тұтқаны реттеу (L суретін қараңыз)
Қосалқы тұтқаны үш күйде реттеуге болады. Күйін өзгерту
үшін қатпарлы гайканы (18) босатыңыз (шамамен 2 –3
айналымға). Қосалқы тұтқаны орнатып, қатпарлы
гайканы қайта бұрап бекітіңіз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Зарядталған аккумуляторды (4) электр құралының артқы
жағынан аккумулятор берік құлыптанғанша енгізіңіз.
Қосу/өшіру
u Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (2) алға
жылжытыңыз да, ажыратқышта "1" көрсетілуі тиіс.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (2) артқа
жылжытыңыз да, ажыратқышта "0" көрсетілуі тиіс.
Тербелу санын алдын ала таңдау
Тербелу санын таңдайтын реттеуші арқылы (1) қажетті
тербелу санын жұмыс істеу кезінде де реттеуге болады.
1 – 2 төмен тербелу саны
3 – 4 орташа тербелу саны
5 – 6 жоғары тербелу саны
Талап етілетін тербелулер санын материалмен жұмыс
жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы
анықтауға болады.
Электр құралмен ұзақ жұмыс кіші ьербелу санында
істегеннен кейін салқындату үшін 3 минутқа ең жоғары
тербелу санына қосу керек.
Қайта қозғалу сақтағышы
Кездейсоқ қосылудан қорғағыш қуаттандырудан кейін
электр құралының бақылаусыз іске қосылуын
болдырмайды.
Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (2) өшірілген күйге
келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
u Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
u Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз.
u Электр құралы тұрақты пайдалануға арналмаған.
Оны, мысалы, қысқыш немесе верстакке бекіту мүмкін
емес.
Аймақтарды тегістеу
Электр құралын қосып толық ажарлау бетін өңделетін
жерге қойып күшпен қатты басып дайындама үстінен
жылжытыңыз.
Көшіру деңгейі және тегістелген бет сапасы тегістеу
дискін таңдау, таңдалған тербелулер саны және басу күші
арқылы реттеледі.
Тек мінсіз тегістеу дискімен ғана дұрыс тегістеуге, сол
арқылы электр құралын сақтауға болады.
Ажарлау дискінің қызмет мерзімін ұзарту үшін
бірқалыпты басуға талпыныңыз.
Өте қатты басу электр құралы мен тегістеу дискінің тез
тозуын тудырады.
Металл өңдеген тегістеу дискін басқа материалдар үшін
пайдаланбаңыз.
Тек түпнұсқалы Bosch ажарлау жабдықтарын
пайдаланыңыз.
Ірі тегістеу
Ірі түйіршіктіліктік ажарлау дискісін орнатыңыз.
Электр құралын тек жай басыңыз, онда ол жоғары
тербелу санымен жұмыс істеп көбірек материал
алынады.
Майда тегістеу
Майда түйіршіктілік тегістеу дискісін орнатыңыз.
Басу қаттылығын немесе тербелу санын аз өзгертіп
тегістеу тәрелкесінің тербелу санын төмендету мүмкін,
онда экцентрикті әрекет өзгермейді.
Электр құралды аз қысыммен, бетке параллель немесе
ішінара көлденең және тік бағытта дайындамаға қарай
жылжытыңыз. Шере сияқты өңделетін даындаманы қатты
тегістемеу үшін электр құралын қисатпаңыз.
Жұмыс әдісін аяқтағанан соң электр құралын өшіріңіз.
Жылтырату
Жел қаққан лактарды немесе қырылған жерлерді
жылтырату (мысалы, акрилдік шыны) үшін электр
құралын тиісті қозы жүніне жасалған өқап, жылырату
киізі немесе губкасы (жабдықтар) сияқты жылтырату
саймандарымен жабдықтау мүмкін.
Қазақ | 151
Bosch Power Tools 1 609 92A 4BC | (09.08.2018)
Loading ...
Loading ...
Loading ...