Karcher 1.516-375.0 SC 1 EasyFix Premium

Bedienungsanleitung - Page 131

For 1.516-375.0.

PDF File Manual, 140 pages, Read Online | Download pdf file

1.516-375.0 photo
Loading ...
Loading ...
Loading ...
Қазақша 131
Қондырмаларды қолдану
Бу шүмегі / бу тапаншасы
Бу шүмегін немесе бу тапаншасын келесі
жағдайларда қондырмаларсыз қолдануға болады:
●Ілініп тұрған киімдегі жеңіл қыртыстарды жою
үшін: Киімді бумен 10-20 см қашықтықтан
өңдеңіз.
●Шаңды ылғалмен жою үшін: Майлықты бумен
жеңіл өңдеп, онымен жиһазды сүртіңіз.
Нүктелік шүмек
Нүктелік шүмекпен қиын қол жететін аймақтарды,
тігістер, фитингтер, суағар, шұңғылша, əжетхана,
жалюзи немесе радиаторларды тазалауға болады.
Нүктелік шүмек ластанған жерге жақын болған
сайын, тазарту əсері жоғары болады, себебі
шүмектен шыққан кездегі температура мен бу
мөлшері ең жоғары. Қатты əк шөгінділерін бумен
тазарту алдында сəйкес келетін жуғыш құралмен
өңдеуге болады. Жуғыш құралды шамамен 5 мину
т
əрекет етуге қалдырып, бумен өңдеңіз.
1. Нүктелік шүмектің ашық шетін бу шүмегіне
немесе бу тапаншасына кигізіңіз.
Сурет F
Сурет J
Дөңгелек щетка
Дөңгелек щеткамен ескі ласты тазалауға болады.
Щетка арқылы ескі ластарды жою оңай.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Зақымдалған беттер
Щетка жұмсақ беттерді сызып тастауы мүмкін.
Жұмсақ беттерді тазартуға арналмаған.
1. Нүктелік щетканы нүктелік шүмекке орнатыңыз.
Сурет K
Тазартуды жақсартуға арналған қондырма
Жақсартылған тазартуға арналған қондырма ескі
ласты тазалауға, бұыштарды, тігістерді жəне т.б.
тазалауға келеді.
1. Жақсартылған тазартуға арналған қондырманы
дөңгелек щетканың орнына нүктелік шүмекке
кигізіңіз.
Сурет K
Қондырма-щетка
Қондырма-щеткамен шағын жуылатын беттерді,
душ кабиналарын жəне айнаны тазалауға болады.
1. Қолмен жұмыс істейтін қондырманы нүктелі
тозаңдату қондырмасына сəйкес бу
қондырғысына немесе бу тапаншасына кигізіңіз.
Сурет J
2. Майлықты микроталшыққа бекітіңіз.
Еден тазалауға арналған қондырма
Еденге арналған қондырмамен тас едендер, плитка
жəне ПВХ едендер сияқты жуылатын қабырға жəне
еден жабындарын тазалауға болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Бумен өңдеуден болған зақымдар.
Жоғары температура мен ылғалдық зақымдарға
əкелуі мүмкін.
Пайдалану алдында будың жылуға төзімділігі мен
əсерін білінбейтін жерде будың аз мөлшерімен
тексеріңіз.
Нұсқау
Тазартылатын беттегі тазартқыш құралдардың
немесе күтім көрсетуге арналған эмульсиялардың
қалдығы бумен тазалаған кезде жолақтар пайда
болуына əкелуі мүмкін, ол қайта өңдеген кезде
жойылады.
Құрылғыны қолдану алдында еденнің бетін
шаңсорғышпен соруға немесе сыпыруға кеңес
беріледі. Осылайша ылғалды тазартудан бұрын
еден лас пен бөтен заттардан тазартылады. Қатты
ластанған жерлерде будың ұзақ əрекет етуі үш
ін
мұқият жұмыс істеңіз.
1. Ұзартқыш түтіктерді бу тапаншасымен
байланыстырыңыз.
Сурет N
2. Еденге арналған қондырманы ұзартқыш түтікке
кигізіңіз.
Сурет O
3. Еденге арналған қондырмаға майлықты бекітіңіз.
a Еденге арналған майлықты еденге жабысатын
жолақтарын жоғары қаратып қойыңыз.
b Еденге арналған қондырманы майлыққа
қойып, жеңіл қысыңыз.
Сурет P
Еденге арналған майлық жабыстыру бекіткішіне
өздігінен бекітіледі.
Еденге арналған майлық
ты алыңыз
1. Аяққа арналған сүйеуішке еденге арналған
майлықты қойып, еденге арналған қондырманы
жоғары көтеріңіз.
Сурет P
Нұсқау
Ең басында еденге арналған шүберектің бекітпе
таспасы əлі жеткілікті түрде жақсы ұсталады
жəне еден қондырмасынан əрең ажыратылады.
Көп рет қолданған жəне жуған соң, шүберек еден
қондырмасынан жақсы шешіледі, оңтайлы бекіту
күшіне қол жеткізілген.
Күтім жəне техникалық қызмет
көрсету
Бу қазанындағы қақты тазалау
Нұсқау
Сатылымда бар дистилденген суды тұрақты
пайдалансаңыз, бу генераторынан қақты жоюды
қажет етпейді.
Нұсқау
Құралға əк шөгінділері жиналатындықтан, бу
генераторының толу мөлшеріне қарай кестеде
көрсетілгендей құралды тазартуға кеңес береміз
(KF = бу генераторының толуы).
Нұсқау
Су шаруашылығы басқармасы немесе
муниципалитеттер су құбыры суының
қаттылығы туралы ақпарат береді.
Қаттылық
ауқымы
°dH ммоль/л KF
I жұмсақ 0-7 0-1,3 35
II орташа 7-14 1,3-2,5 30
III қатты 14-21 2,5-3,8 20
IV өте қатты >21 >3,8 15
Loading ...
Loading ...
Loading ...