Philips HP6576/60 Epilator

User Manual - Page 7

For HP6576/60.

PDF File Manual, 96 pages, Read Online | Download pdf file

HP6576/60 photo
Loading ...
Loading ...
Loading ...
5 Түйме тәріздес батареялар
s Сәнді дорба (көрсетілмеген)

Құрал мен көрікті қысқыштарды қолданар алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып, болашақта
қолдану мақсатымен сақтап қойыңыз.

- Құралды және адаптерді құрғақ күйінде сақтаңыз.
- Бұл құралды суы бар бақалшақтың немесе ваннаның жанында қолдануға
болмайды (Cурет 2).
- Бұл құралды ваннаға немесе душқа түсіп жатқанда қолдануға болмайды (Cурет 3).
- Эпиляторды ваннада қолданғанда электр қуаты сымын қолдануға болмайды (Cурет 4).

- Эпиляторды тек бірге жіберілген адаптер арқылы зарядтау қажет.
- Жарақат алмау үшін, зақымдалған немесе сынған құралды, қосымшаны немесе адаптерді
пайдалануға болмайды.
- Егер адаптер зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін оны түпнұсқалық түрімен
ғана ауыстырған жөн.
- Адаптерде трансформер бар. Адаптерды кесіп алып тастап, оның орнына басқа шанышқы
қоюға болмайды, себебі бұл өте қауіпті жағдай туғызады.
- Құралды қосар алдында, құралда көрсетілген вольтаж, жергілікті қамтамасыз етілетін
волтажбен сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
- Бұл құралды мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі және білімі мен тәжірибесі аз адамдар
(балаларды қоса) үшін қауіпсіздігіне жауап беретін адамның қадағалауымен немесе құралды
пайдалану жөнінде нұсқау берілген жағдайда ғана қолдануға болады.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаңыз.
- Көрікті қысқыш ойыншық емес. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет.

- Эпилятор тек әйел денесінің мойыннан төменгі бөліктердегі түктерді жұлып (аяқтар),
қырады (қолтықтар және бикини тұсы). Құралды басқа мақсатпен қолдануға болмайды.
- Гигиенаны сақтау мақсатында, құрал және көрікті қысқыштары тек бір адаммен
пайдаланылуы керек.
- Зақымдану мен жарақаттың алдын алу үшін  құралды (қосымша бөлшектерімен
немесе оларсыз) шашыңыздан, қастарыңыздан, кірпіктеріңізден, киімдеріңізден, жіптерден,
арқаннан, щеткадан және т.б. нәрселерден алшақ ұстаңыз.
- Алдын ала дәрігермен кеңеспегенше, құрал мен көрікті қысқыштарды тітіркенген, қан
тамырлары ісінген, бөртпелері, дақтары, меңдері (түгі бар) немесе жарақаттары бар теріге
пайдалануға болмайды.
- Иммунитеті төмен, қант диабетімен, гемофилия немесе иммунитет жетіспеушілігі
синдромымен ауыратын адамдар да алдымен дәрігермен кеңесу керек.
- Эпиляторды алғашқы рет қолданған кезде, теріңіз кішкене қызаруы немесе тітіркенуі
мүмкін. Бұл әбден қалыпты көрініс және ол тез арада жоқ болады. Құралды көбірек
қолданған сайын теріңіз эпиляцияға үйрене бастайды және тері тітіркенуі азайып, қайта
өскен шаштарыңыз жұқа және жұмсақ бола бастайды. Үш күн ішінде терінің тітіркенуі
кетпесе, дәрігерге көрінгеніңіз жөн.
- Шам жарығынан көрмей қалу жағдайын болдырмау үшін «Opti-light» шамына тура қарауға
болмайды.
- Эпилятордың жұлатын басын қосымшасыз пайдалануға болмайды.
- Құралды 5°C температурасынан төмен 35°C температурасынан жоғары жерлерде ұстауға
болмайды.
 7
Loading ...
Loading ...
Loading ...