User Manual - Page 90

For HX6321/02.

Loading ...
Loading ...
Loading ...
Қазақша
90
Батарея заряды аз
Егер Sonicare құрылғысының батарея заряды аз болса, үш дыбыстық сигнал
естисіз және батарея зарядының индикаторы тазалау циклінен кейін 1 минут
жылдам жыпылықтайды.
Батарея толығымен зарядталды
Sonicare толығымен зарядталса, батарея заряды индикаторының жыпылықтауы
тоқтап, өшіру алдында 10 секунд қосулы қалады.
Батареяны барлық уақытта толығымен зарядталған күйде ұстау үшін
пайдаланбаған кезде Sonicare щеткасын зарядтағышта ұстауға болады. Батарея
толығымен 24 сағат ішінде зарядталады.
Ескертпе: Батарея заряды таусылған кезде сап щеткамен тазалау сеансы
соңында немесе жаңа щеткамен тазалау сеансы бастау кезінде 5 дыбыстық
сигналды 2 рет береді. Жаңа щеткамен тазалау сеансы басталмайды. Сонымен
қатар, сап ұйықтағанша жасыл ЖШД жылдам жыпылықтайды.
Bluetooth қосылымы
Қосылым процедурасын бастау алдында ұялы құрылғы Bluetooth 4.0 немесе
одан кейінгі нұсқасында іске қосылатынын тексеріңіз.
Ескертпе: Құрылғы үйлесімділігі бойынша ең соңғы ақпарат алу үшін App
Store немесе Google Play қызметіне кіріңіз.
Тіс щеткасын қосу
1 App Store немесе Google Play қызметінен Балаларға арналған Philips
Sonicare қолданбасын жүктеп алыңыз.
2 Қолданбаны ашу алдында ұялы құрылғыда Bluetooth қосылғанын растаңыз.
Bluetooth қосу үшін ұялы құрылғыдағы параметрлерді тексеріңіз.
3 Тіс щеткасын қолданбаға қосу үшін қосу/өшіру түймесін немесе щеткамен
тазалау режимі түймесін басумен тіс щеткасын қосыңыз. Қосу кезінде тіс
щеткасы зарядтағышқа қосылмағанын тексеріңіз.
Loading ...
Loading ...
Loading ...