User Manual - Page 89

For HX6321/02.

Loading ...
Loading ...
Loading ...
Қазақша
89
Пайдалануға дайындау
Ауыстырылатын тақтаны бекіту
Балаларға арналған Sonicare құрылғысы 1 ауыстырылатын тақтамен келеді.
1 Тақтадан жабысатын бетін алыңыз.
2 Саптың (сурет 2) алдындағы ақ бөлікке тақтаны бекітіңіз.
Ескертпе: Тақтада кесілген жерлерін саптың алдындағы түймелермен
тураланғанына көз жеткізіңіз.
3 Жапсырма парақшасында көрсетілгендей, ұнаған жапсырманы (сурет 3)
тақтаға бекітіңіз.
Алынған тақтаны орнына бекіту
1 Тақтаны жылы сумен шайыңыз; оны тазалау үшін жұмсақ тазалау құралын
пайдалануыңызға болады.
2 Тақтаны кептіріңіз.
3 Саптың алдындағы ақ бөлікке тақтаны орнына бекітіңіз.
Щетка басын жалғау
1 Щетка басын қылшықтар сабының алдымен бірдей бағытта тұратын етіп
туралаңыз (сурет 4).
2 Тоқтағанша, щетка басын металл білікке кіргізіңіз.
Ескертпе: Щетка басы мен сабының арасында кішкентай саңылау бар.
Sonicare құрылғысын зарядтау
1 Зарядтағышты электр розеткасына тығыңыз.
2 Сапты зарядтағышқа (сурет 5) қойыңыз.
Қосу/өшіру түймесіндегі батарея зарядының индикаторы жыпылықтап,
щетканың зарядталып жатқанын көрсететін сап екі дыбыстық сигнал береді.
Loading ...
Loading ...
Loading ...