Candy CCPF 6180SRU Refrigerators

User Manual - Page 33

For CCPF 6180SRU.

PDF File Manual, 47 pages, Download pdf file

Loading ...
Loading ...
Loading ...
тоңазытқыш болып табылса, онда 1 көрсеткішінен кейін, дисплейде Н (Holiday) көрсеткіші пайда
болады (Қосылу).
Мұздатқыш
Mode түймесін екі рет басқан соң, мұздатқыштағы температураны реттеу орындалады:
минус- 16˚С, азырақ мұздатады, минус -22˚С, көбіреу мұздатады;
Қажетті нұсқаманы таңдап алып, 3 секунд күтіңіз. Қажетті температура белгіленді.
«ECТҮЙМЕСІНІҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ (ҚУАТ ҮНЕМДЕУ РЕЖИМІ) /
Аталған қызметті қосу, оңтайлы температураны автоматты түрде белгілеу арқылы электр
қондырғысының энергетикалық тиімділігін қамтамасыз етеді, мұндай жағдайда электр қуатын ең
төмен деңгейде пайдалану арқылы азық-түліктерді сақтау қамтамасыз етіледі.
Eco қызметін өшіру үшін осы түймені тағы да бір рет басыңыз.
«LOCK» ТҮЙМЕСІНІҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ (БҰҒАТТАУ) /
Lock түймесін басу, түймелердің жұмыс істеуін бұғаттауды қамтамасыз етеді (кейінгі пəрмендердің
барлығы еленбейтін болады). Бұл қызметті өшіру үшін Lock түймесін тағы да бір рет басыңыз.
«SUPER FREEZING» ТҮЙМЕСІНІҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ (ҚАТТЫ ТОҢАЗЫТУ) /
Көп мөлшердегі тағам өнідерін тоңазыту үшін Super Freezing қызметін қосуға кеңес беріледі. Бұл
қызметті қосу үшін, Super Freezing түймесін тағы да бір рет басыңыз. Бұл қызмет 26 сағаттан 34
сағатқа дейін қосылады (тоңазытқыштың моделіне байланысты). Осы уақыт аралығында немесе Su-
per Freezing түймесін қайтадан басқан соң, бұл қызмет автоматты түрде өшіріледі. ECO қызметі
қосулы тұрған кезде, Super Freezing қызметі қосыла алмайды.
«SMART COOL / ICED DRINK» ТҮЙМЕСІНІҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ.
(ТЕЗ МҰЗДАТУ/ МҰЗДАТЫЛҒАН СУСЫН) /
Сусынды тезірек мұздату үшін, сусыны бар бөтелкені мұздатқыш камерасына орналастырып, бұл
қызметті Smart cool/iced drink түймесін басу арқылы қосыңыз.
30 минутқа тең, уақытты қайтымды есептеу басталады, бұдан кейін ұзақтығы15 секундтай дыбыстық
сигнал беріледі, ол бөтелкедегі сусын мінсіз температураға жетті деп хабарлайды. Бұл қызметті өшіру
үшін аталған түймені тағы да бір рет басыңыз.
«HOLIDAY» ТҮЙМЕСІНІҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ (ҚОСУ) (ТЕК TOTAL NO FROST
МОДЕЛІНДЕ ҒАНА БАР)
Сіз үйде ұзақ уақыт болмаған жағдайда, Holiday қызметін пайдалану мүмкіндігі бар. Бұл қызмет сізге
тоңазыту камерасын өшіруге мүмкіндік береді, алайда, мұндай жағдайда мұздатқыш камера қосулы
күйінде қалады. Бұл қызметті қосудан бұрын тоңазыту камерасынан азық-түліктерді алуды
ұмытпаңыз. Бұл қызметті қосу үшін Mode (Режим) қызметін қараңыз. Бұл қызметті өшіру үшін
тоңазытқыштың температурасын белгілеуді өзгертіңіз.
ТОҢАЗЫТҚЫШТЫҢ ЕСІГІ АШЫҚ ЕКЕНДІГІ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТЕТІН СИГНАЛ.
Егер тоңазытқыштың есігі бір минуттан артық ашық тұрса, дыбыстық сигнал беріледі. Бұл сигналды
өшіру үшін MODE түймесін басыңыз.
АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕРДІ САҚТАУ
Азық-түліктер мен тағам өнімдерінің хош иісін, қасиеттерін жəне балғындығын сақтау үшін,
оларды тоңазытқыштың бөлімшелерінде сақтауға кеңес беріледі, ұсынылған 8 суретте
көрсетілгендей, олар қасында сақталып тұрған тағам өнімдерінің иісін өзіне сіңдіріп алмауы үшін,
азық-түліктерді алюминий фольгаға немесе пластикалық пленкаға орап, немесе азық-түліктерді
жабық контейнерлерде сақтауға кеңес беріледі.
9
Loading ...
Loading ...
Loading ...