Candy CCPF 6180SRU Refrigerators

User Manual - Page 26

For CCPF 6180SRU.

PDF File Manual, 47 pages, Download pdf file

Loading ...
Loading ...
Loading ...
Жалпы мағлұматтар
Аталған бұйымды сатып алғаныңыз үшін, Сізге алғыс айтамыз.
Тоңазытқыш-мұздатқышты пайдаланудан алдын (əрі мəтін бойынша тоңазытқыш деп аталатын
болады) пайдалану бойынша аталған нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Бұл Сізге оның оңтайлы
жұмыс істеуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оны бұдан кейінгі пайдалану үшін немесе басқа бір
иеленушіге берген жағдайда, барлық құжаттарды сақтап қойыңыз.
Аталған бұйым тек тұрмыстық жəне төмендегідей осыған ұқсас қолданыстарға арналған:
- дүкендегі, кеңседегі жəне басқа да асханалық ғимараттарда орнату;
- мейманхана, қонақ үй жəне басқа да тұрғындық ғимараттардың нөмірлеріне орнату;
- «жатақ, түнейтін жер жəне таңертеңгі ас» түріндегі қонақ үйлерде орнату
- тамақтандыру қызметін көрсету, азық-түліктерді бөлшек сауда жасауға арналмаған.
Аталған бұйым, осы нұсқаулықтың талаптарына сəйкес, тек тұрмыстық жағдайда азық-түліктерді
сақтау үшін пайдаланылуы тиіс. Аталған бұйымды кез келген басқа қолданыстар, қауіпті деп
қарастырылады жəне болуы мүмкін ысырап үшін өндіруші жауапты бола алмайды.
Сонымен бірге кепілдік шарттарына назар аударыңыз.
Тоңазытқыш қоршаған ортаның температураның төменде көрсетілген өрісінде қалыпты істейді:
SN климаттық класы үшін +10 ден +32 º С дейін (салыстырмалы түрде суық);
N климаттық класы үшін +16 ден +32 º С дейін (қалыпты);
SТ климаттық класы үшін +10 ден +38 º С дейін (субтропикалық);
Т климаттық класы үшін +10 ден +43 º С дейін ( тропикалық);
Тоңазытқыштың класы тоңазытқыштың зауыт кестесінде көрсетілген.
Басқа ж
ағдайларда па
йдаланған кезде тоңазытқыштың энергетикалық сипаттамалары өндірушінің
көрсетілген нұсқауларына сəйкес келмеуі мүмкін.
Тоңазытқышты жатын бөлмелерде пайдалануға болмайды. Тоңазытқыш жұмыс істеп тұрған кезде,
атқарымдық шулар мен дыбыстардың болатынын ескеру қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Оны сақтау немесе дүлей күш əрекеттердің (өрт, дүлей апаттар)
кесірінен болған, оны пайдалану шарттарын бұзудың салдарынан пайда болған, бұйымның
бүлінуі жəне ақау үшін (соның ішінде, кепілдік кезеңінде) өндіруші жауапты емес.
Тасымалдау кезінде тоңазытқыштың бүлінген жерлерінің болмауын тексеріңіз. Оларды тапқан
кезде жақын маңдағы Өкілетті Қызмет көрсету Орталығына телефон шалыңыз.
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ БОЙЫНША ТАЛАПТАР
Тоңазытқыш қоршаған ортамен жоғары сыйымдылықты газ тəрізді хладагенттен (R600a: изобутан)
жəне жылу айырғыш көбіктендіргіштен (HCFC141b) тұрады, алайда олар жанғыш заттар болып
табылады. Қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін келесі ережелерді сақтауға кеңес беріледі:
Ақау белгілері бар тоңазытқышты ешқашан қоспаңыз; егер бұйымның ақауы бар екендігіне
сізде күмəн пайда болса, қызмет көрсету орталығына жүгініңіз.
•Кез келген операцияларды орындаудың алдында желілік шнурды электр розеткасынан суырып
тастау қажет.
•Тоңазытқыштың ішкі жағында жəне артқы қабырғасында орналасқан тоңазытқыш жүйесінде,
хладагент бар. Олай болса, тоңазытқыштың тоңазыту жүйесінің трубаларына зиян келтірмеу үшін,
абай болу қажет.
•Егер тоңазытқыштың тоңазыту жүйесінде ағып жатқан нəрсені байқасаңыз, электр розеткасына
қолыңызды тигізбеңіз жəне жақын жерде ашық жалынды пайдаланбаңыз. Терезені ашып, бөлменің
ішін желдетіп алыңыз. Содан кейін қызмет көрсету орталығына көмек сұрап, жүгініңіз.
•Тоңазытқышта қатып қалған қалың мұзды пышақпен немесе басқа да үшкір затпен алмаңыз.
Мұндай жағдайда хладагенттың сұлбасына залал келуі мүмкін, оның жүйеден шығып кетуі өрттің
пайда болуына əкелуі немесе сіздің көзіңізге зиян келтіруі мүмкін.
• Ылғалды, маймен ластанған жəне қоқыс тасталған жерлерде электр құралдары мен аспаптарын
орнатпаңыз, сонымен бірге оған су мен күн сəулесінің тікелей түсуіне жол бермейді.
2
Loading ...
Loading ...
Loading ...