Loading ...
Loading ...
Loading ...
109

- Осы Philips құралы электромагниттік өрістердің туындауына
қатысты барлық тиісті стандарттар мен ережелерге сай келеді және
оны ағын су астында қауіпсіз жууға болады.

- Құралда кернеудің автоматты таңдағышы бар, сондықтан, кернеуі
100 және 240 вольт аралығындағы розеткаларға жалғауға болады.
- Адаптер 100-240 вольтты 24 вольттан төмен қауіпсіз кернеуге
түрлендіреді.

Ұстараны толық зарядтау үшін шамамен 1 сағат кетеді.
Ұстараны алғаш рет немесе ұзақ уақыт бойы қолданбағаннан соң
зарядтағанда, ақ батарея шамдары тоқтаусыз жанғанша зарядтаңыз.
Толығымен зарядталған ұстарамен қуат сымынсыз 60 минут (PT927CC/
PT927/ PT925/PT923/PT923CC/PT920) немесе 50 минут (PT877/PT876/
PT875/PT870) қырынуға болады.
Қырыну әдетіңізге, тазалау дағдыларыңызға немесе сақал түріне
байланысты қырыну уақыты 60 минуттан (PT927CC/PT927/PT925/
PT923/PT923CC/PT920) немесе 50 минуттан (PT877/PT876/PT875/
PT870) аз болуы мүмкін.


- Батарея толығымен дерлік таусылғанда (батареяда 5 минут немесе
одан да аз уақыт қалғанда), батарея жарығы қызғылт сары болып
жыпылықтай бастайды.
- Ұстараны өшіргенде, батарея жарығы бірнеше секунд қызғылт сары
болып жыпылықтап тұрады.

- Қуаты таусылған батареяны зарядтап бастағанда батарея жарығы
ақ және қызғылт сары болып жыпылықтайды.
Ескертпе. Батарея жарығы тек ақ емес, ақ және қызғылт сары болып
жыпылықтағанда, 3 минутта жылдам қырынып алуға болады.

- Ұстара зарядталып жатқанда, батарея жарығы ақ болып
жыпылықтайды.
 109
Loading ...
Loading ...
Loading ...