User Manual - Page 73

For GC3531/02.

Loading ...
Loading ...
Loading ...
73
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына
қош келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен
пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome веб-торабында
тіркеңіз.
Маңызды
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып
шығып, болашақта анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
- Үтікті ешқашан суға батыруға болмайды.
Абайлаңыз!
- Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі
кернеуіне сәйкес келетінін тексеріп алыңыз.
- Ашасы, сымы немесе құралдың өзі зақымдалған болса, сондай-ақ,
құралды түсіріп алсаңыз немесе құралдан су ағып тұрса,
оны қолданбаңыз.
- Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін,
оны тек Philips компаниясында, Philips мақұлдаған қызмет
орталығында немесе білікті мамандар ауыстыруы керек.
- Құрал розеткаға қосылып тұрса, оны бақылаусыз қалдырмаңыз.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны
пайдалану нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті
шектеулі, сезімталдығы төмен, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз
адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
- Ток сымын қызып тұрған үтіктің табанына тигізбеңіз.
Ескерту
- Құрылғыны тек жерге қосылған розеткаға жалғаңыз.
- Әрдайым қуат сымының зақымдалмағанын тексеріп отырыңыз.
- Үтіктің табаны өте ыстық болады, тигізіп алсаңыз, теріңіз күйіп
қалуы мүмкін.
ҚАЗАҚША
4239_000_8219_2_DFU Booklet_A6_v1.indd 73 18/07/14 14:06
Loading ...
Loading ...
Loading ...