Loading ...
Loading ...
Loading ...
59
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош
келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану
үшін өніміңізді www.philips.com/welcome веб-бетінде тіркеңіз.
Close Cut жүйесі күнделікті таза әрі оңай қырынуды қамтамасыз етіп
отырады. Нәтиже үздік болу үшін, қыратын бастарды теріңіздің үстінен
тік және айналмалы қозғалыстар жасап жылжытыңыз.
Маңызды қауіпсіздік ақпараты
Құрылғыны және оның қосалқы құралдарын пайдаланудың алдында
осы маңызды ақпаратты мұқият оқып, оны болашақта пайдалану үшін
сақтаңыз. Бірге берілетін қосалқы құралдар әр түрлі өнімдер үшін
өзгеше болуы мүмкін.
Қауіпті жағдайлар
- Құрал мен тоқ сымын құрғақ ұстаңыз.
Абайлаңыз!
- Бұл құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балалар және дене,
сезу немесе ақыл-ой қабілеттері төмен, не болмаса тәжірибесі
және білімі жоқ адамдар қадағалаумен немесе құрылғыны қауіпсіз
пайдалануға қатысты нұсқаулар алған және байланысты қауіптерді
түсінген жағдайда пайдалана алады. Балалар құрылғымен ойнамауы
керек. Балалар тазалауды және күтуді қадағалаусыз орындамауы керек.
- Құрылғыны әрдайым қолданар алдында тексеріңіз. Құрылғы зақымданған
болса, оны қолданбаңыз, себебі бұл жарақатқа себепші болуы мүмкін.
Әрдайым зақымданған бөлшекті түпнұсқа түрімен ауыстырыңыз.
Абайлаңыз
- Бұл құрылғыны тек пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген арнайы
мақсатта қолданыңыз.
- Тазалық мақсатында бұл құралды тек бір адам ғана қолдануы тиіс.
- Құралды тазалау үшін қысылған ауаны, қыратын шүберектерді,
қырғыш тазалау құралдарын, сондай-ақ бензин немесе ацетон
сияқты сұйықтықтарды пайдалануға болмайды.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
- Осы Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге қатысты барлық
қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Жалпы ақпарат
- Құрылғы 100 - 240 вольтқа дейінгі тоқ қуатымен жұмыс жасай береді.
- Ең жоғарғы шу деңгейі: Lc= 69 дБ (A).
Жалпы сипаттама (Cурет 2)
1 Қорғау қақпағы
2 Қыру бөлігі
3 Ұстараны қосу/өшіру сырғымасы
4 Зарядтау жарығы (тек HQ6996, HQ6990, HQ6986, HQ6976,
HQ6950, HQ6947, HQ6927, HQ6926, HQ6925, HQ6923)
5 Қайшы (тек HQ6996, HQ6990, HQ6976, HQ6950, HQ6946)
6
Қайшы сырғымасы (тек HQ6996, HQ6990, HQ6976, HQ6950, HQ6946)
7 Щетка
8 Штепсельдік ұшы бар қуат сымы
9 Құралдың штепсельдік ұшы
ҚАЗАҚША
Loading ...
Loading ...
Loading ...