Loading ...
Loading ...
Loading ...
22
Энергия үнемдеу
ECO (ЭКО) режимі
ECO (ЭКО) режимін (будың шығуын азайтады) пайдалана отырып
үтіктеу нәтижесіне әсер етпестен қуатты үнемдеуге болады.
1 ECO (ЭКО) режимін қосу үшін қосу/өшіру түймесін 2 секунд
бойы басып тұрыңыз. Шам жасыл түспен жанады.
2 OptimalTemp (Оңтайлы температура) параметріне оралу үшін бу
генераторын өшіріп, қайта қосыңыз.
Қауіпсіздік автоматты түрде өшіру функциясы
(тек белгілі бір түрлерде)
Қауіпсіздік автоматты түрде өшіру функциясы 10 минут бойы
пайдаланылмаса, қуатты үнемдеу үшін құрылғыны автоматты түрде өшіреді.
МАҢЫЗДЫ - тазалау және техникалық қызмет көрсету
МАҢЫЗДЫ - бу генераторының қағын тазалау
Бу генераторының ұзақ қызмет көрсетуін қамтамасыз ету үшін EASY
DE-CALC шамы жыпылықтай бастағанда қақ тазалау процедурасын
орындау өте маңызды.
- EASY DE-CALC шамы шамамен бір айдан немесе 10 үтіктеу
сеансынан кейін жыпылықтай бастап, бу генераторының қағын
тазалау керек екенін көрсетеді. Бу генераторының қағын тазалау
үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
Бу генераторы ыстық болғанда, EASY DE-CALC тұтқасын шешпеңіз.
1 Қосу/өшіру түймесін басып бу генераторын өшіріңіз де,
штепсельдік ұшты қабырға розеткасынан ажыратыңыз.
2 Бу генераторын тұрақты үстелге EASY DE-CALC тұтқасын үстел
жиегінен шығара қойыңыз немесе бу генераторын шұңғылшаға
апарыңыз.
3 EASY DE-CALC тұтқасының астында шыныаяқты ұстаңыз. EASY DE-
CALC тұтқасын сағат тіліне қарсы бұраңыз және қақ бөлшектері бар
суды шыныаяққа ағызыңыз. Бу генераторынан енді су шықпағанда
EASY DE-CALC тұтқасын қайта салыңыз. Бекіту үшін тұтқаны сағат
тілімен бұраңыз және ашаны розеткаға қайта қосыңыз.
Енді бу генераторын қайта пайдалана аласыз.
ҚАЗАҚША22
4239_000_9325_1_DFU_Booklet_Luxury_v3.indd 22 30/04/14 09:44
Loading ...
Loading ...
Loading ...