Loading ...
Loading ...
Loading ...
19
Кіріспе
Woolmark Company Pty Ltd компаниясы бұл үтікті тек жүннен
жасалған өнімдерді үтіктеуге қолдануды бекіткен. Тек киімді киім
жапсырмасындағы және осы үтік өндірушісінің нұсқауларына сай үтіктеу
керек. R1101. Құрама Корольдік, Эйр, Гонконг пен Үндістанда Woolmark
сауда белгісі куәліктендіру сауда белгісі болып табылады.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
Маңызды
Құрылғыны қолданар алдында бөлек ақпарат парақшасы мен
пайдаланушы нұсқаулығын оқып шығыңыз. Келешекте қарау үшін, екі
құжатты да сақтап қойыңыз.
Пайдалануға дайындау
Алынбалы су ыдысына су құю
Су ыдысына ыстық суды, иіс суды, сірке суын, крахмалды, қақ кетіретін
сұйықтықтарды, үтіктеу құралдарын немесе басқа химиялық заттарды
құюға болмайды.
Су ыдысын пайдалану алдында және «Су ыдысы бос»
шамы жыпылықтағанда толтырыңыз.
1 Ажыратылатын су ыдысын бу генераторынан алыңыз және су
ыдысын құбыр суымен толтырыңыз.
Ескертпе. Құрылғы құбыр суын қолданатын етіп жасалған.
Егер аса кермек су аймағында тұрсаңыз, қақ жылдам жиналуы мүмкін.
Бұл жағдайда құрылғыңыздың қызмет мерзімін ұзарту үшін
50% дистильденген және 50% құбыр суын араластыру ұсынылады.
2 Су ыдысын қайтадан бу генераторына сырғытып орнатыңыз
(«сырт» ете түседі).
«Су ыдысы бос» шамы
Су ыдысы бос болуға жақындағанда, «су ыдысы бос» шамы жанады.
Су ыдысын толтырыңыз және құрылғыны қайта қыздыру үшін бу
шығарғышты басыңыз. «Үтік дайын» шамы үздіксіз жанғанда бумен
үтіктеуді жалғастыра аласыз.
ҚАЗАҚША
1 Бу жеткізу шлангысы
2 Үтіктің түпқоймасы
3 Бу жеткізу шлангысын сақтау
орны
4 Қуат сымын сақтау бөлімі
5 Штепсельдік ұшы бар қуат
сымы
6 «Су ыдысы бос» шамы
7 ECO режимі бар қосу/өшіру
түймесі
8 EASY DE-CALC жарығы
9 EASY DE-CALC тұтқасы
10 Су деңгейінің көрсеткіші
11 Алынбалы су ыдысы
12 Толтыру тесігі
13 Тасымалдау құлпын ашу
түймесі (тек белгілі бір
түрлерде)
14 Тасымалдау бекітпесі
(тек белгілі бір түрлерде)
15 Үтіктің табаны
16 «Үтік дайын» жарығы
17 Бу шығару түймесі
18 Буды күшейту түймесі
4239_000_9325_1_DFU_Booklet_Luxury_v3.indd 19 30/04/14 09:44
Loading ...
Loading ...
Loading ...