Loading ...
Loading ...
Loading ...

- Шаң дорбасы толы көрсеткішінің түсі тұрақты болып жанып тұрса, шаң дорбасын саптама
еденге тигізілмеген кезде де ауыстыру керек (Cурет 26).
1 Оны ашу үшін, жабылғысын жоғары қарай тартыңыз (Cурет 27).
2 Шаң дорбасын ұстағышынан жоғары қарай тартып шығарып алыңыз (Cурет 28).
Шаң сорғыш дорбаны құралдан алып жатқанда оны тік ұстағаныңыз жөн.
3 Ұстағыштан толған шаң дорбасын алу үшін, картон биркасынан тартыңыз (Cурет 29).
, Сіз осылай жасағанда, дорба автоматты түрде жабылады.
4 Жаңа шаң дорбасының картон ілмегінің алдын дорба ұстағышының екі тесігіне
барынша итеріп салыңыз. (Cурет 30)
5 Шаң дорбасы ұстағышын қайтадан шаң сорғышқа салыңыз (Cурет 31).
Ескертпе: Егер шаң дорбасы салынбаған болса, сіз жапқышын жаба алмайсыз.

Кей елдерде, шаңсорғышпен қоса қайта қолданылатын шаң дорбалары да беріледі,
оларды босатып, қайта қолдануға болады. Қайта қолдануға болатын шаң дорбаларын бір рет
қана қолдануға болатын шаң дорбаларының орнына қолдануға болады.
Қайта қолдануға болатын шаң добаларын босату үшін, тек қана «Бір рет қолдануға болатын
шаң дорбаларын алмастыру» бөлігінде берілген нұсқауды орындаңыз.
Қайта қолданатын шаң жинағыш дорбаны босату:
1 Шаң дорбасының екі жағындағы сырғымасын сырғытыңыз.
2 Ішіндегі қоқысты қоқыс шелегіне сілкіп түсіріңіз.
3 Шаң дорбасын жабу үшін, сырғыманы шаң дорбасының астыңғы жиегіне дейін қайтадан
сырғытыңыз.

Фильтрлерді тазалар немесе алмастырар алдында құралды міндетті түрде тоқтан суырыңыз.

Тұрақты Мотор Қорғауыш Фильтірін шаң дорбасын алмастырған сайын тазалап отырыңыз.
1 Шаң дорбасы ұстағышын дорбамен бірге шығарып алыңыз (Cурет 28).
2 Құралдан моторды қорғау фильтр орнын алыңыз. Фильтірді орнынан
шығарыңыз. (Cурет 32)
3 Сүзгіні тазалау үшін, оны қоқыс шелегі үстінен сілкіңіз.
4 Таза фильтірді қайтадан фильтр ұстағышына салыңыз. Фильтр ұстағышының екі құлағын
жоғары жағында дұрыстап бекітілгендігін қамтамасыз ету үшін, төмендегі төмпешектің
артына бекітіңіз. Содан соң фильтр ұстағышын орнына түскенше итеріңіз («сырт» ете
түседі) (Cурет 33).
5 Шаң дорбасы салынған ұстағышты қайтадан құрылғыға салыңыз.

Құралдың артқы жағында орналасқан Super Clean Air Фильтірінде электровалентті талшықтар
бар. Бұл талшықтар қолданылған ауадағы майда қоқыстардың ірілерін фильтірлейді.
 53
Loading ...
Loading ...
Loading ...