Loading ...
Loading ...
Loading ...
65

Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына
қош келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен
пайдалану үшін, өніміңізді www.philips.com/welcome веб-торабында
тіркеңіз.

Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып
шығып, болашақта анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.

- Моторды суға батыруға және ағын сумен шаюға болмайды.

- Құралды ток көзіне қоспас бұрын, төменгі жағында көрсетілген
кернеу мөлшері қосылатын розетканың кернеуіне сәйкес келетінін
тексеріңіз.
- Егер штепсельдік ұшы, қуат сымы немесе өзге бөлшектері
зақымданған болса, құралды пайдаланбаңыз.
- Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны
тек Philips қызмет көрсету орталығында, Philips ұсынған қызмет
көрсету орталығында немесе тиісті білімі бар мамандар
алмастыру керек.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны
пайдалану нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті
шектеулі, сезімталдығы төмен, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз
адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.

- Розеткаға қосар алдында, миксерге шайқағыштарды
немесе илейтін ілмектерді орнатып алыңыз.
- Құралды қоспас бұрын, шайқағыштарды немесе илейтін ілмектерді
ыдыстағы қоспаға салыңыз.
- Шайқағыштарды немесе илейтін ілмектерді шығарып, тазаламас
бұрын, міндетті түрде миксерді розеткадан ажыратыңыз.

Loading ...
Loading ...
Loading ...