Loading ...
Loading ...
Loading ...
36
• Зарядталатын батареяны
алмастырмаңыз. Ол алмастырылмайды.
Денсаулыққа қатысты ескерту
• 6 жасқа толмаған балаларға арналмаған.
• Өзіңіз немесе жанұяңыз эпилепсия
немесе жарық сезгіштік талмасына
шалдыққан болсаңыз, жыпылықтайтын
жарық көздерін, тез ауысатын суреттерді
немесе үш өлшемді бейнені көрмес
бұрын дәрігермен кеңесіңіз.
• Бастың айналуы, бас ауруы немесе
бағытынан адасу сияқты ыңғайсыздықты
болдырмау үшін, 3D бейнесін ұзақ
уақыт бойы көрмеген дұрыс. Кез келген
жайсыздық сезілген жағдайда, 3D
бейнесін көруді тоқтатып, симптомдар
жоғалғанша, қаупі бар әрекет жасамаңыз
(мысалы, көлік жүргізу). Симптомдар
жоғалмаса, дәрігерге қаралмастан 3D
бейнелерін көрмеңіз.
• Ата-аналар үш өлшемді бейнені көру
кезінде балаларын бақылауы керек және
олардың жоғарыда аталған жайсыздыққа
ұшырамауын қамтамасыз етуі керек. 3D
бейнесін көру 6 жастан кіші балаларға
ұсынылмайды, өйткені олардың көру
жүйесі әлі толық жетілмеген.
• 3D көзілдірігін үш өлшемді ТВ
бейнелерін көруден басқа мақсатта
пайдаланбаңыз.
Техникалық сипаттар
3D жүйесі: Active 3D көзілдірігі.
Батарея түрі: зарядталатын литий-ион
батареясы.
Тарату жүйесі: инфрақызыл.
Сигналдың ең үлкен қашықтығы: 6 м.
Жұмыс температурасы: 5-40°C.
Ескірген бұйымдарды және батареяларды жою.
Өнім қайта өңдеуге және қайта пайдалануға
болатын жоғары сапалы материалдардан және
бөлшектерден жасалған.
Бұйымдағы сызылған дөңгелекшелі
қоқыс жәшігінің белгісі көрінсе, ол
бұйымның Еуропалық 2002/96/EC
нұсқауына сәйкес оралғанын білдіреді.
Электр және электрондық бұйымдарды қоқысқа
лақтырудың жергілікті ережелерімен танысып
алыңыз.
Жергілікті тәртіпке сәйкес әрекет жасауыңызды
және ескі өнімдерді кәдімгі тұрмыстық
қалдықпен тастамауыңызды өтінеміз. Ескі
өнімді дұрыс тастау қоршаған орта мен адам
денсаулығына тиетін кері әсерлердің алдын
алуға көмектеседі.
Loading ...
Loading ...
Loading ...