Candy CH64C/2 X Hobs

User Manual - Page 16

For CH64C/2 X.

PDF File Manual, 19 pages, Download pdf file

Loading ...
Loading ...
Loading ...
16 KZ
Ыдыстың ұсыныстамалық мөлшерлері (11-ші сурет)
Көлемі үлкенірек ыдыстың қыздыру ауданы да үлкенірек екенін
ұмытпау керек.
Бұл қыздыру ауданы кемірек ыдыспен салыстырғанда, тамақтың
анағұрлым жылдам пісуін қамтамасыз етеді.
Əрқашанда мөлшері пісірілетін тамақтың көлеміне сəйкес келетін
ыдысты пайдаланыңыз. Төгілуден немесе шашыраудан сақтану
үшін, əсіресе сұйық тағамдар үшін, мөлшері шағын ыдыс-аяқты
пайдалану керек. Жылдам пісетін тамақ үшін тым үлкен ыдысты
пайдаланбаңыз, өйткені ол жабысып қалуы жəне тамақтың
қалдықтары ыдыстың бетінде қалып қоюы мүмкін.
Тəтті тоқаштар пісіру үшін жабық ыдыс-аяқты, табаны немесе
қалыпты пайдалану керек. Жабық емес ыдыстан төгілген шырын
немесе қант электр плитаның бетіне жабысып қалуы мүмкін жəне
оларды кетіру қиынға соғады.
Бұл əсіресе қуыруға немесе жоғары температура жағдайында
қысым астында пісіруге арналған ыдыс-аяқ үшін маңызды.
Бос конфорканы немесе бос ыдыс-аяқ тұрған конфорканы
қараусыз қалдырмаңыз.
Ыдыс-аяқтың төмендегі өлшемдерге сəйкестігін тексеріңіз:
Ол ауыр болуға тиіс.
Ол конфорканың бетін толық жауып тұратын болуға тиіс; аздап
үлкенірек болуы мүмкін, бірақ ешбір жағдайда кішірек болмауға
тиіс.
Түбі абсолютті жайпақ болуға жəне конфорканың бетімен тығыз
қабысып тұруға тиіс.
Электр плитаны барынша жақсы пайдалану жəне электр
энергиясы тұтынысын қысқарту үшін, түбі тегіс, жайпақ ыдыс-
аяқты пайдаланыңыз. Ыдыстың мөлшері конфорканың
диаметрімен бірдей немесе сəл үлкен болуға, бірақ ешбір
жағдайда одан кем болмауға тиіс.
Конфорканың бетіне сұйық төгілуінен сақтаныңыз жəне
конфорканың үстіне дымқыл ыдыс-аяқ қоймаңыз. Бос ыдыс-
аяқты конфорканың үстінде қалдырмаңызжəне бос тұрған
конфорканы қосулы күйінде қалдырмаңыз.
Электр плитаның қажетті қыздыру температурасын таңдау үшін,
ажыратқышты тиісті қалыпқа бұрыңыз. Бұл орайда жарық
индикаторы жанады жəне электр плита қыза бастайды.
Тамақ пісіру үдерісі аяқталған соң ажыратқышты “O” қалпына
бұрыңыз (10-шы сурет). Бо электр плитаны қосулы күйінде
қалдырмаңыз. Пайдаланылатын ыдыс-аяқтың түбінің диаметрі
мен пішіні өте маңызды фактор болып табылады. Ыдыстың
түбінің максималды диаметрі – 14 см, түбі жайпақ əрі тегіс
ыдысты пайдалануға кеңес беріледі.
Электр плитаны алғаш қосқан кезде ыдысты қоймастан бұрын, 5
минут күте тұрыңыз. Бұл плитаның ыстыққа төзімді жабынына
қыздырудың нəтижесінде қатуға мүмкіндік береді.
Электр плитаның бетін тазалау үшін дымқыл шүберек пен жуғыш
құралды пайдаланыңыз. Электр плитаның бетінен тамақ
қалдықтарын кетіру үшін пышақ немесе басқа өткір жəне үшкір
заттарды пайдаланбаңыз.
Бетін тазалағаннан кейін, электр плитаны конфоркалар толық
құрғағанға дейін бірнеше секундқа қосыңыз. Алайда, бос электр
плитаны бірнеше секундтан артыққа қосулы күйінде қалдырмау
керек.
Қалпы Қуаттылығы
(Вт)
Қуаттылығы
(Вт)
Түсініктеме
0
1
2
3
0
100 W
180 W
250 W
0
135 W
220 W
300 W
Өшірулі
3.2. ЭЛЕКТР ПЛИТАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУ
Қыздыру
Төмен температура
жағдайында тамақ пісіру
Төмен температура
жағдайында тамақ пісіру
Пісіру, Қуыру, Қайнату
Пісіру, Қуыру, Қайнату
Пісіру, Қуыру, Қайнату
4
5
6
500 W
750 W
1000 W
850 W
1150 W
1500 W
4. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖƏНЕ ТАЗАЛАУ
Пісіретін бетті тазалауға кірісудің алдында, оның суығанын
тексеріңіз. Ашаны розеткадан суырыңыз немесе (егер пісіретін
бет электр желісіне тікелей қосылған болса) қоректендіруші
кернеуді ажыратыңыз.
Балалар тұрмыстық аспапты тазалауды жəне қызмет көрсетуді
ересектердің қадағалауынсыз орындамауға тиіс.
Абразивтік жəне жеміргіш тазартқыш құралдарды, ағартқыш
заттектерді немесе қышқылдарды пайдалануға тыйым
салынады. Эмаль жалатылған жəне лак жалатылған
бөлшектерді, сондай-ақ тат баспайтын болаттан жасалған
бөлшектерді тазалау үшін қышқылдар мен сілтілерді (лимон
шырыны, сірке жəне т.) пайдаланбаңыз.
Эмаль жалатылған, лак жалатылған жəне хромдалған беттерді
тазалау сабынды судың немесе бейтарап жуғыш құралдың
көмегімен орындалуға тиіс. Тат баспайтын болаттан жасалған
беттерді тазалау үшін лайықты тазалағыш ерітіндіні пайдалану
қажет.
Конфоркаларды сабынды судың көмегімен тазалауға болады.
Олардың бастапқы жылтырын қалпына келтіру үшін, тат
баспайтын болатқаарналған тұрмыстық тазартқыш құралды
пайдаланыңыз. Жанарғыларды тазалағаннан кейін оларды
құрғатыңыз да, орнына орнатыңыз.
Конфоркалардың дұрыс құрастырылуын қадағалаңыз.
Хромдалған торлар мен конфоркалар
Хромдалған торлар мен конфоркалар уақыт өте келе күңгірт
тартады.
Бұл қалыпты жəне табиғи құбылыс, ол пісіретін беттің жұмысына
теріс ықпалын тигізбейді.
Сіз қосалқы бөлшектерді біздің компаниямыздың сатылғаннан
кейін қызмет көрсету бөлімінен сатып ала аласыз.
5. САТЫЛҒАННАН КЕЙІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Пісіретін бетті жөндеуді жүргізу үшін техникалық қызмет көрсету
жөніндегі маманды шақырмай тұрып, төмендегідей тексеруді
орындаңыз:
• Қоректендіру кабелінің ашасы электр розеткасына дұрыс
сұғылғанын жəне балқыма сақтандырғыштың жанып кетпегенін
тексеріңіз.
• Газ жіберілетінін тексеріңіз.
Егер сіз ақаулықтың себебін өз бетіңізбен анықтай алмайтын
болсаңыз:
Пісіретін бетті өшіріңіз де, сатылғаннан кейін қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз. ЭЛЕКТР АСПАПТЫ ӨЗ БЕТІҢІЗБЕН
ЖӨНДЕУГЕ ТЫРЫСПАҢЫЗ.
Бұл аспаптың 2012/19/ЕС электр жəне электрондық
жабдық өндірісінің қалдықтары туралы Еуропалық
директиваға (WEEE) сəйкес таңбаламасы бар. Электр
жəне электрондық жабдық өндірісінің қалдықтарының
құрамында ластаушы заттектер (қоршаған ортаға
теріс əсер етуі мүмкін) жəне негізгі компоненттер
(екінші қайтара пайдалануға жататын) болады.
Электр жəне электрондық жабдық өндірісінің қалдықтарының
барлық ластаушы заттектерді кетіру жəне кəдеге жарату, сондай-
ақ барлық материалдарды регенерациялау жəне екінші қайтара
пайдалану мақсатында арнайы өңдеуге жатқызылуы маңызды.
Əркім де электр жəне электрондық жабдық өндірісінің
қалдықтары туғызатын экологиялық проблемалардың бетін
қайтаруға елеулі үлес қоса алады; ол үшін бірқатар негізгі
ережелерді сақтаған маңызды:
Электр жəне электрондық жабдық өндірісінің қалдықтарын
тұрмыстық қалдықтар секілді жаратуға болмайды.
Электр жəне электрондық жабдық өндірісінің қалдықтарын
жергілікті билік органдарының немесе тіркелген компаниялардың
бақылауындағы жинау пункттеріне табыстау керек. Көпшілік
елдерде электр жəне электрондық жабдық өндірісінің
қалдықтарының көлемі көп болған кезде, қалдықтарды үйден
жинау жүзеге асырылады.
Жаңа аспапты сатып алған кезде ескі аспапты бөлшек сауда
кəсіпорнына қайтаруға болады, ол оны егер ондай аспаптар
бірдей типті жəне қайтарылатын аспап тура сатылатын аспап
секілді функцияларға ие болса, өзара бірсыңайлы сəйкестіктің
негізінде тегін қабылдауға міндетті.
6. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Loading ...
Loading ...
Loading ...