Candy CH64C/2 X Hobs

User Manual - Page 15

For CH64C/2 X.

PDF File Manual, 19 pages, Download pdf file

Loading ...
Loading ...
Loading ...
15 KZ
2.3. ПІСІРЕТІН БЕТТІ ГАЗДЫҢ БАСҚА
ТҮРЛЕРІНЕ БЕЙІМДЕУ
Пісіретін бетті газдың басқа түрлерімен жұмыс істеуге бейімдеу
үшін, төмендегі суреттелген нұсқаулықтарды орындаңыз:
торлар мен конфоркаларды шешіп алыңыз
конфорканың табанына алты қырлы кілтті (7 мм) сұғыңыз (7-ші
сурет)
Бүркіткішті бұрап алыңыз да, оны пайдаланылуға тиіс газдың
түріне сəйкес келетін бүркіткішке ауыстырыңыз(газ түрлерінің
кестесін қараңыз).
2.4. МИНИМАЛДЫ ЖАЛЫНДЫ РЕТТЕУ
Конфорканы тұтандырғаннан кейін жалынның биіктігін реттеуіштің
тұтқасын минималды жалынға сəйкес келетін қалыпқа орнатыңыз,
содан кейі, əл күш түсіріп, реттеуіштің тұтқасын шешіп алыңыз.
Минималды жалынды реттеу 9-шы суретте көрсетілгендей, винттің
жəне кішкентай бұрауыштың көмегімен орындалады. Винтті сағат
тілінің бағыты бойынша бұру газ ағынын азайтады, ал винтті сағат
тілінің бағытына қарсы бұру газ ағынын ұлғайтады. Осындай
реттеудің көмегімен биіктігі 3-4 мм жалынға жеткізіңіз, содан кейін
реттеуіштің тұтқасын орнына орнатыңыз.
Егер сұйытылған мұнай газы (СМГ) пайдаланылатын болса, винтті
сағат тілінің бағытымен ақырына дейін бұрыңыз.
Пісіретін бетті газдың басқа түріне бейімдеу үшін реттеуді
орындағаннан кейін, пісіретін бетке бекітілген, онда газдың түі
көрсетілген ескі табличканы онда пісіретін бет оған көшірілген
газдың түрі көрсетілген жаңасына (пісіретін бетпен
жиынтықталымда жеткізіледі) ауыстырыңыз.
3. ПІСІРЕТІН БЕТТІ ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ
НҰСҚАУЛЫҚТАР
Бұл электр аспап тек оның тура нысаналы мақсаты бойынша, яғни,
үй жағдайларында тамақ пісіру үшін пайдалануға арналған.
Пісіретін бетті кез келген басқа қолдану дұрыс емес жəне
сондықтан қауіпті болуы мүмкін деп саналады. Өндіруші пісіретін
бетті дұрыс пайдаланбаудың салдары болып табылатын зақымдар
мен ысыраптар үшін жауапкершілік көтермейді.
3.1. ГАЗ КОНФОРКАСЫН ПАЙДАЛАНУ
Конфорканы тұтандыру үшін, оған жанған сіріңкені тақап,
жалынның биіктігін реттеу тұтқасын басыңыз да, оны сағат тілінің
бағытына қарсы бұрыңыз.
Егер конфоркалар екі немесе одан артық күннің іщінде
пайдаланылмаған болса, онда, конфорканы тұтандырмастан
бұрын, түтікшелерден ауа шыққанынша бірнеше секунд күте
тұрыңыз.
Электр тұтандыру құрылғысымен пісіретін беттің конфоркасын
тұтандыру үшін, төмендегі операцияларды орындаңыз:
• жалынның биіктігін реттеу тұтқасын басып, оны сағат тілінің
бағытына қарсы тұтандырубелгісімен көрсетілген қалпына
бұрыңыз.
• электр тұтандыру түймешігінің көмегімен конфорканы
тұтандырыңыз.
Егер пісіретін бет автоматты электр тұтандырумен жабдықталған
болса, жай жалынның биіктігін реттеу тұтқасын басыңыз жəне оны
тұтандыру белгісімен көрсетілген қалпына орнатыңыз. Электр
тұтандыру жүйесі жалынды реттеу тұтқасы басулы қалпында
тұрғанынша, үнемі ұшқындар туғызатын болады.
Егер конфорка 5 секундтың ішінде тұтанбаса, реттеу тұтқасын 0
қалпына орнатыңыз жəне жоғарыда суреттелген операцияны
қайталаңыз.
Жалын кенеттен сөнген жағдайда газ жіберуді автоматты түрде
жабатын қорғаныштық клапанмен жабдықталған модельдерде,
конфоркалар жоғарыда суреттелгендей тұтандырылады, бірақ бұл
орайда, конфорканы тұтандырғаннан кейін сақ болу қажет.
Газ пісіретін бетті қосудың алдында конфоркалар мен
конфоркалардың қақпақтары пісіретін беттің үстінде дұрыс
орнатылғанын тексеріңіз.
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР
Барынша жақсы нəтижелерге ие болу үшін түбі жайпақ,
мөлшерлері газ конфоркаларының мөщлерлеріне сəйкес келетін
табалар мен қазандарды пайдаланыңыз (А Кестесін қараңыз).
Таблица A
Конфорканың
типі
Табаның/
қазанның
Ø(cm)
AUX Кішкентай конфорка
SR Жартылай жылдам конфорка
R Жылдам конфорка
18
24
26
QC 4 сақина
26
Табаның/
қазанның Ø
(cm)
10
12
16
18
2.2. ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛУ
Осы нұсқаулықтар жабдықты орнатуды ұлттық ережелер мен
нормалардың талаптарына сəйкес орындау үшін жеткілікті
біліктілікке ие мамандарға арналған. Тек Ұлыбритания үшін.
Заңға сəйкес, орнатуды/пайдалануға қосуды тек "Gas Safe"
қызметінің қызметкері орындауға тиіс.
Барлық жұмыстар электр қуатымен қоректендіру ағытылған
кезде орындалуға тиіс.
Пісіретін бетке бекітілген төлқұжаттық табличкада пісіретін бет
онда жұмыс істеуге тиіс газдың түрі көрсетілген. Пісіретін бетті
газбен жабдықтау желісіне немесе газ баллонына қосудың
алдында пісіретін беттің оған жіберілетін газдың түріне
реттелгенін тексеру қажет. Егер пісіретін бет газдың керекті түріне
реттелмеген болса, реттеуді қалай өзгерту керектігі суреттелген
келесі параграфтарда келтірілген нұсқаулықтарды қараңыз.
Сұйытылған газда (баллондағы газ) жұмыс істеген кезде ұлттық
стандарттардың талаптарына жауап беретін қысым реттеуішті
пайдалану керек.
Құбырлар, шайбалар мен тығыздағыш аратөсемдер ұлттық
стандарттардың талаптарына сəйкес болуға тиіс.
Кейбір модельдер конустық бұрандасы бар иінмен
(жалғастырғыш тетікпен) бірге жеткізіледі. Бірқатар елдерде
ондай жалғастырғыш тетіктерді пайдалану міндетті болып
табылады. 8-ші суретте цилиндрлік бұрандасы бар
жалғастырғыш тетікті конустық бұрандасы бар жалғастырғыш
тетіктен қалай ажыратуға болатыны көрсетілген (CY =
цилиндрлік, СО = конустық).
Кез келген жағдайда, цилиндрлік бұрандасы бар жалғастырғыш
тетіктің шеті пісіретін бетке қосылуға тиіс.
Икемді түтікше ол жиһаздың жылжытылатын бөліктеріне
(мысалы, жəшікке) тимейтіндей жəне қысылып қалуы мүмкін
жерлерде өтпейтіндей етіп құрастырылады.
Егер пісіретін бетті газбен жабдықтау желісіне қосу икемді
шлангінің көмегімен жүзеге асырылатын болса, икемді шлангінің
ұзындығы 2 метрден аспайтынын тексеріңіз.
Пісіретін бетті зақымдап алмау үшін, оны орнатуды
суреттелгендей орындаңыз (6-шы суретті қараңыз).
1) Бөлшектерді суретте көрсетілгендей қосыңыз:
А) 1/2 дюйм сыртқы цилиндрлік бұрандасы бар жалғастырғыш
тетік
В) 1/2 дюйм аратөсем
С) 1/2 дюйм бұрандасы бар газдық жалғастырғыш тетік, конустық-
цилиндрлік немесе цилиндрлік-цилиндрлік.
2) Қосылысты гайкалық кілттердің көмегімен қатайтып
тартыңыз. Қосылысты қатайтып тартудың алдында
құбырларды керекті қалпында орнатыңыз.
3) Иінді С газ жіберу желісіне қатты мыс түтіктің немесе
икемді болат түтіктің көмегімен жалғаңыз.
МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТПЕ: Пісіретін бетті газбен жабдықтау
желісіне қосқаннан кейін, барлық құбырлық қосылыстарды
сабынды ерітіндінің көмегімен газ жылыстауының жоқ
болуы тұрғысынан тексеріңіз. ЕШҚАШАНДА ГАЗ
ЖЫЛЫСТАУЫН ТЕКСЕРУ ҮШІН ЖАЛЫНДЫ
ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. Сондай-ақ икемді шлангінің асүй
жиһазының жылжытылатын бөліктеріне (мысалы, тартпа
жəшікке) тимейтінін жəне ол зақымдалуы мүмкін жерлерде
өтпейтінін тексеріңіз.
Ескерту: Егер сіз пісіретін беттің маңында газдың иісін
сезсеңіз, пісіретін бетке газ жіберуді жабыңыз да, маманды
шақыртыңыз. Газ жылыстайтын жерді ашық жалынның
көмегімен іздемеңіз.
Мөлшері кем табаны немесе қазанды пайдаланатын кезде, жалын
табаның немесе қазанның түбінің шектерінен шықпайтындай
түрде реттелуге тиіс. Түбі томпақ немесе шұңғыл ыдыс-аяқты
пайдаланбау керек.
ЕСКЕРТУ: Егер жанарғы кездейсоқ сөніп қалса, реттеу
тұтқасын ӨШІРУ қалпына орнатыңыз жəне кем дегенде бір
минуттың ішінде жалынды қайтадан тұтандыруға
тырыспаңыз.
Егер пісіретін бет бірнеше жыл жұмыс істегеннен кейін газ
крандары бұруға қиын болса, оларды майлау қажет.
Бұл жұмысты тек қызмет көрсету жөніндегі білікті маман
орындауға тиіс.
Loading ...
Loading ...
Loading ...