Candy CCPN 200IWRU Refrigerators

User Manual - Page 32

For CCPN 200IWRU. Also, The document are for others Candy models: CCPN 6180 IWRU, CCPN 6180 ISRU, CCPN 200 IWRU, CCPN 200 ISRU

PDF File Manual, 39 pages, Read Online | Download pdf file

CCPN 200IWRU photo
Loading ...
Loading ...
Loading ...
ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУ
Тоңазытқыш жұмыс істеп тұрған кезде, энергияны үнемеуді арттыру үшін келесі кеңестер
беріледі:
Электр аспаптарын жылу көздерінен алыстау орнатыңыз, оған тікелей күн сəулесінің түсуіне жол
бермеңіз, сонымен бірге оны жақсы желдетілген, ауасы тазартылған бөлмеге орнату қажет.
Тоңазытқыштың ішіндегі температураның артып кетуінің алдын алу үшін жəне компрессордың
ұзақ уақыт жұмыс істеуі үшін, тоңазытқышқа ыстық тамақты салмаңыз.
Тоңазытқыштың ішінде ауаның қалыпты алмасуын қамтамасыз ету үшін, оған тым көп азық-
түліктерді салмаңыз.
Егер оның ішінде қалың мұз қабаты пайда болса, тоңазытқышты ерітіңіз (Ерітуді қараңыз). Бұл
салқын ауаның оңай алмасуы үшін қажет.
Электрмен қамтамасыз ету бұзылған жағдайда, мүмкіндігінше, тоңазытқыштың есігін жабық
ұстау қажет.
Тоңазытқыштың есігін барынша азырақ ашу немесе ашық ұстау қажет.
Термостатта тым төмен температураны белгілеуден аулақ болу.
Тоңазытқыштың сыртқы жағындағы қабырғада жиналған шаң-тозаңды тазалау (Тазалау бөлімін
қараңыз).
Тоңазытқыштың есіктеріне қойылған резеңкенің таза болуын жəне есікті жапқан кезде корпусқа
нығыздалып жабылуын қадағалаңыз, бұл суық ауаның шығып кетуінің алдын алуға мүмкіндік
береді.
Тоңазытылған азық-түліктерді тоңазытқыш камераларында еріту қажет, өйткені олардың
салқындығы тоңазытқыштың электр қуатын тұтынуын төмендетеді.
ШУЫЛДЫ ТӨМЕНДЕТУ
Тоңазытқыштың жұмысына əбден табиғи шуылдар ілеседі.
x ГУІЛДЕУ, компрессор жұмыс істеуде.
x СЫТЫРЛАУ жəне ЫСЫЛДАУ, тоңазытқыш агент түтікшелер арқылы ағуда.
x ТЫҚЫЛДАУ жəне СЫРТЫЛДАУ, компрессордың тоқтауы немесе қосылуы.
Вибрациялық шуылдарды төмендетуге бағытталған қарапайым шаралар:
x Электр аспап горизонталды орнатылмаған: Аяқтардың биіктігін реттеудің көмегімен
горизонталды орнатуды реттеңіз.
x Контейнерлер бір біріне тиіп тұр. Контейнерлер мен шыны ыдыстардың арасындағы контактыны
жойыңыз.
x Тоңазытқыш басқа заттарға тиіп тұр. Тоңазытқышты ол жиһазға немесе басқа электр аспаптарға
тиіп тұрмайтындай етіп орнатыңыз.
x Тартпа жəшіктер мен сөрелер дірілдейді. Ішкі керек-жарақтың дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ:
Газ тəрізді тоңазытқыш агент тіпті компрессор жұмыс істемей тұрған уақытта да шуыл шығарады,
бұл ақау емес, бұл қалыпты құбылыс.
Егер Сіз тоңазытқыштың ішінен сыртылдарды естісеңіз, бұл қалыпты құбылыс, өйткені бұл
сыртылдар əр түрлі материалдардың жылулық кеңеюінен туындайды.
ТОҢАЗЫТҚЫШТЫҢ ЖҰМЫСЫНЫҢ УАҚЫТША ТОҚТАУЫ
Егер тоңазытқышты ұзақ уақыт бойынша іске пайдаланбау жорамалданатын болса:
1. Тоңазытқышты өшіріңіз (Іске пайдалануды қараңыз).
2. Желілік бауды электр желісінен ағытыңыз.
3. Тоңазытқышты тазалаңыз.
4. Иіс пайда болуына жол бермеу үшін, тоңазытқыштың есікшесін ашық қалдырыңыз.
13
Loading ...
Loading ...
Loading ...