Candy CCPN 200IWRU Refrigerators

User Manual - Page 30

For CCPN 200IWRU. Also, The document are for others Candy models: CCPN 6180 IWRU, CCPN 6180 ISRU, CCPN 200 IWRU, CCPN 200 ISRU

PDF File Manual, 39 pages, Read Online | Download pdf file

CCPN 200IWRU photo
Loading ...
Loading ...
Loading ...
ПРАКТИКАЛЫҚ КЕҢЕСТЕР
x Ауа қалыпты айналуы жəне өнімдерді салқындатуы үшін, оларды сөрелерге біркелкі
орналастырыңыз.
x Өнімдердің тоңазытқыш камераның артқы қабырғаларына тиюіне жол бермеңіз.
x Тоңазытқышқа ыстық тамақты қоймаңыз, өйткені ол тоңазытқышта тұрған басқа өнімдерді
бүлдіруі, сондай-ақ тұтынылатын электр энергиясының ұлғаюына əкеліп соғуы мүмкін.
x Өнімдерді тоңазытқышқа қоюдың алдында, олардан орамды шешіңіз.
x Тоңазытқышқа кір тəрелкелер мен табақтарды қоймаңыз.
x Желдеткіштен салқын ауа шығаруға арналған ойықтарды тамақпен қалқаламаңыз.
x Ауаның қалыпты айналысын қамтамасыз ету үшін, көкөністер сақтауға арналған контейнердің
шыны сөресін қалқаламаңыз.
x Қоректендіру кернеуі ұзақ уақыт жоқ болған жағдайда, тоңазытқыштың есікшелері
тоңазытқыштың ішінде тұрған тамақ мүмкіндігінше салқын күйінде қалуы үшін, жабық қалуға тиіс.
x Тоңазытқыш жылы жəне ылғалды үй-жайда орнатылған кезде, тоңазытқыштың есікшесі жиі
ашылатын жағдайда жəне тоңазытқышта көкөністердің көп көлемі сақталатын уақытта онда
конденсат түзілуі жəне тоңазытқыштың қалыпты жұмысының бұзылуы орын алуы мүмкін.
x Электр энергиясының көп тұтынылуына жол бермеу үшін, тоңазытқыштың есікшелерін жиі
ашпауға жəне оларды ұзақ уақытқа ашық күйінде қалдырмауға кеңес беріледі.
Тоңазытқыш жұмыс істеп тұрған уақытта артқы қабырғаны компрессордың жұмыс істеп тұрғанына
немесе тұрмағанына қарай қырау немесе су тамшылары басуы мүмкін. Мазаланбаңыз, бұл қалыпты
нəрсе.
МҰЗДАТУ
x Мұздатуға арналған өнімдер жаңа болуға тиіс.
x Өнімдерді жылдам мұздату үшін олардың шағын көлемін бірден мұздатыңыз. Ешқашан
тоңазытқыштың төлқұжаттық табличкасында көрсетілген максималды тамақ көлемін асырмаңыз.
x Өнімдерді мұздатқан уақытта мұздатқыш бөлімшенің есікшесін ашпаңыз.
x Ас герметикалық қапталған болуға тиіс.
x Мұздатылуға тиіс тамақты енді мұздатылған тамақтан бөліңіз.
x Мұздатылған өнімдерді түгендеуді қамтамасыз ету үшін, пакеттерге немесе контейнерлерге
құлақшалар жабыстырыңыз.
x Өнімдерді жібіткеннен кейін ешқашанда оларды қайта мұздатпаңыз жəне оларды бірден
тұтыныңыз.
ЕСКЕРТУ:
Мұздатылған өнімдерді су немесе дымқыл қолмен ұстамаңыз, бұл күйікке əкеліп соғуы мүмкін.
Мына бөлімді қараңыз. Дисплей Қосу/Өшіру
Өнімдерді салудан 8 сағат бұрын SUPER FREEZING (Терең мұздату) функциясын қосыңыз.
ЖІБІТУ
Жібіту автоматты түрде орындалады.
11
Loading ...
Loading ...
Loading ...