Samsung EO-SG510CDEGUS Wireless Speaker Scoop Design

User Manual - Page 445

For EO-SG510CDEGUS.

PDF File Manual, 559 pages, Read Online | Download pdf file

Loading ...
Loading ...
Loading ...
7
Bluetooth динамигін
пайдалану
Bluetooth динамигін қосу немесе өшіру
Bluetooth динамигін қосу немесе өшіру үшін қуат түймесін басып тұрыңыз.
Бірінші рет іске қосқан кезде Bluetooth динамигі Bluetooth жұптастыру режиміне енеді.
•
Bluetooth динамигі тұрып қалса және жауап бермей жатса, дыбыс деңгейі (+)
түймесін, дыбыс деңгейі (-) түймесін және Ойнату/Bluetooth жұптау түймесін бір
мезгілде басып тұрыңыз.
•
Сымсыз құрылғыларды пайдалануға тыйым салынатын жерлерде, мысалы
ұшақтардың бортында және ауруханаларда барлық жарияланған ескертулерді
және уәкілетті қызметкерлер құрамының нұсқауларын ұстаныңыз.
Басқа құрылғыға қосылу
Bluetooth арқылы жалғау
Bluetooth динамигін мобильді құрылғымен жұптау. Құрылғылар жұпталғаннан кейін,
Bluetooth динамигі әрбір рет қосылған кезде, Bluetooth динамигі мобильді құрылғыға
автоматты түрде қосылатын болады.
1
Bluetooth динамик Ойнату/Bluetooth жұптастыру режиміне кіру үшін Bluetooth
жұптастыру түймесін шамамен үш секунд бойы басып тұрыңыз.
Индикатор шамы қызыл және көк түспен жыпылықтайды.
Бірінші рет іске қосқан кезде Bluetooth динамигі Bluetooth жұптастыру режиміне
енеді.
2
Екінші құрылғы Bluetooth мүмкіндігін белсендіріңіз және Bluetooth құрылғыларын
іздеңіз.
Қосымша ақпаратты екінші құрылғының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Қазақ тілі
7
Loading ...
Loading ...
Loading ...