Loading ...
Loading ...
Loading ...
Төмендегі операцияларды орындап, клеммалық
қалыпшаның қақпағын шешіңіз:
1 2 3
қапталда орналасқан екі табаншаны табыңыз,
табаншаның үстінен жайпақ бұрауыштың жүзімен басыңыз
(мұны əр табанша үшін жасаңыз),
қақпақты шешіңіз.
Қоректендіру бауын шешіп алу үшін
онда шунттар мен қоректендіру бауының өткізгіштері бар
клеммалық қалыпша бекітілетін винттерді бұрап алыңыз,
қоректендіру бауын тартып шығарыңыз.
Жаңа қосылуды орындау реті:
Кестеде берілген ұсыныстамаларға
сəйкес қоректендіру бауын таңдап
алыңыз.
Қоректендіру бауын қоректендіру
бауының қысқышы арқылы өткізіңіз.
Клеммалық қалыпшаға қосылыстарды
орындау үшін қажет қоректендіру
бауының ұзындығын ескере отырып,
қоректендіру бауының барлық
өткізгіштерінің шеттері 10 мм ұзындыққа
аршыңыз.
Өткізгіштер мен шунттарды
(алдындағы операцияда шешіп
алынған) төмендегі берілген кестеде көрсетілгендей электр
тогымен қоректендіру желісінің типіне сəйкес қосуды
орындаңыз.
Қақпақты орнатыңыз.
Қоректендіру бауының қысқышының винттерін қатайтып
бұраңыз.
Ескерім: Клеммалық қалыпшадағы винттердің мықтап
қатайтылуын тексеріңіз.
SHUNT
Бір фаза 220-240 V~
Екі фаза 220-240 V2~
Үш фаза 220-240 V3~ 380-415 V2N~
“хайлайт" қыздыру аумағы: ток өткізгіш металл жолақша
бүкіл пісіретін бет бойынша бөлінген. Ол 3 секундың ішінде
өрістейді жəне бірқалыпты, біркелкі əрі жеткілікті ұзақ тамақ
дайындау үдерісі үшін пайдаланыла алады. Шыны-керамика
пісіретін бет "хайлайт" қыздыру аумағы өндіретін үлкен жылу
қуаттылығына ие, бұл тамақтың жылдам пісірілуін қамтамасыз
етеді.
Пісіретін беттің конструкциясына енгізілген өзгерістер шыны-
керамиканың жоғары температураларға шыдау қабілетін
төмендеткен жоқ, бірақ олар қыздыруды реттеудің икемділігін
арттырды. "Спринтер" құрылғысын пайдалану тамақ пісіру
тəсіліне жəне пайдаланылатын ас үй ыдыс-аяғына
байланысты тамақ пісіру уақытын 15% төмендетуге мүмкіндік
береді.
6. ПІСІРЕТІН БЕТТЕ ПАЙДАЛАНУҒА
АРНАЛҒАН АС ҮЙ ЫДЫС-АЯҒЫН ТАҢДАУҒА
ҚАТЫСТЫ КЕҢЕСТЕР
Пісіретін беттің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету үшін,
жоғары сапалы ас үй ыдыс-аяғы пайдаланылуға тиіс.
• Тек табаны мүлдем жайпақ жəне қалың ас үй ыдыс-аяғын
пайдаланыңыз: ондай ыдыс-аяқты пайдалану оларда тамақ
күйетін ыстық орындардың түзілуіне жол бермейді. Табаны қалың
қазандар мен табалар жылудың біркелкі бөлінуін қамтамасыз
ететін болады.
• Қазанның немесе табаның табаны құрғақ болуға тиіс:
ыдысқа сұйық құйылғаннан кейін немесе бұған дейін
тоңазытқышта тұрған қазанды пайдаланатын кезде, қазанды
пісіретін беттің үстіне қоймай тұрып, қазанның табаны əбден
құрғақ болып табылатынына көз жеткізіңіз. Бұл пісіретін бетте
дақтардың түзілуінің алдын алады.
• Тек табаны мүлдем жайпақ жəне қалың ас үй ыдыс-аяғын
пайдаланыңыз: ыдыс-аяқтың диаметрі қыздыру аумағының
диаметрінен кем болмауға тиіс. Егер ыдыс-аяқтың диаметрі
қыздыру аумағының диаметрінен сəл үлкендеу болса, онда
энергия барынша тиімді пайдаланылатын болады.
ЛАЙЫҚТЫ АС ҮЙ ЫДЫС-АЯҒЫН ТАҢДАУ -
Төмендегі берілген ақпарат сізге тамақты барынша тиімді пісіру
үшін ыдыс-аяқ таңдауға көмектеседі.
Тат баспайтын болаттан жасалған ыдыс-аяқ: пайдалануға
ерекше кеңес беріледі. Əсіресе үш қабатты құрылымды табаны
бар ас үй ыдыс-аяғы жақсы.
Үш қабатты құрылымды табан өз бойында тат баспайтын
болаттың артықшылықтарын (тартымды сырт əлпеті, ұзаққа
жарамдылығы жəне беріктігі) жəне алюминийдің немесе мыстың
артықшылықтарын (жоғары жылу өткізгіштік, температураның
біркелкі таралуы) біріктіреді.
Алюминий ыдыс-аяқ: ауыр ыдыс-аяқты пайдалануға кеңес
беріледі. Жоғары жылу өткізгіштік. Алюминий ыдыс-аяқ кейде
пісіретін бетте сызаттарға ұқсайтын іздер қалдырады. Бірақ, егер
пісіретін бетті тазалау ондай іздер түзілгеннен кейін бірден жүзеге
асырылатын болса, ондай іздер оңай кетіріледі. Алюминийдің
балқу температурасының төмен болуына байланысты, жұқа
алюминий ыдыс-аяқ пайдаланылмауға тиіс.
Шойын ыдыс-аяқ: пайдалануға болады, бірақ қолдануға кеңес
берілмейді. Іске пайдалану сипаттамалары нашар. Бетке сызат
түсіруі мүмкін.
Мыс табанды ыдыс-аяқ / тас керамика: ауыр ыдыс-аяқты
пайдалануға кеңес беріледі. Іске пайдалану сипаттамалары
жақсы, бірақ мыс бетте сызаттарға ұқсайтын іздер қалдырады.
Бірақ, егер пісіретін бетті тазалау ондай іздер түзілгеннен кейін
бірден жүзеге асырылатын болса, ондай іздер оңай кетіріледі.
Алайда, ондай ыдыс-аяқты оған су құйылмай тұрып, пісіретін
беттің үстіне қоймаңыз. Қатты қызған металл шыны-керамика
бетке күйіп жабысуы мүмкін. Қатты қызған мыс табанды ыдыс-аяқ
шыны-керамика бетте кетіру мүмкін болмайтын іздер қалдыруы
мүмкін.
Фарфор / эмаль жалатылған ыдыс-аяқ: Жақсы іске пайдалану
сипаттамалары тек табаны жұқа, тегіс, жайпақ ыдыс-аяқ үшін.
Шыны-керамика ыдыс-аяқ: пайдаланбаған дұрыс. Пайдалану
сипаттамалары нашар. Шыны-керамика пісіретін бетке сызат
түсіруі мүмкін.
PH = Фаза N = Нейтраль T = Жер
ЭЛЕКТР ҚОСЫЛЫСТАР
LAY OUT
“ 1 ”
LAY OUT
“ 2 ”
LAY OUT
“ 3 ”
Бір фаза 220-240 В НЕМЕСЕ Екі фаза 220-240
В 2~
Қоректендіру
бауы
HO5V2V2F
3x2,5
мм
2
3x2,5 мм
2
3x2,5
мм
2
Үш
фаза 220-240 В 3~
Қоректендіру
бауы
HO5V2V2F
4x1,5 мм
2
4x1,5 мм
2
4x1,5 мм
2
Үш
фаза 380-415 В 3N~
Қоректендіру
бауы
HO5V2V2F
4x1,5 мм
2
4x1,5 мм
2
4x1,5 мм
2
Үш фаза
5. СУРЕТТЕМЕСІ
98 KAZ
Loading ...
Loading ...
Loading ...