Loading ...
Loading ...
Loading ...
- Зақымдалған болса, ұстараны немесе адаптерді пайдаланбаңыз,
себебі жарақаттанып қалуыңыз мүмкін. Әрқашан зақымдалған
адаптерді түпнұсқа түрінің бірімен ауыстырыңыз.
- Құралды тек 10°C және 35°C аралығындағы температурада
қолдануға және сақтауға болады.
- Ұстараны міндетті түрде сұйықтық өткізбейтін бетке қойып,
пайдаланыңыз.
- Бұл ұстараны қайта зарядтауға болмайды, оны тек розеткаға жалғап
пайдалануға болады.
- Тек берілген адаптерді және қосалқы құралдарды пайдаланыңыз.
- Жарақаттанып қалмас үшін және қырыну бастарында шаң жиналып
қалмас үшін әрдайым қорғаныс қақпағын ұстараға кигізіп қойыңыз.

- Құрал халықаралық мақұлданған IEC қауіпсіздік ережелеріне сәйкес
келеді және оны ағынды сумен шаюға болады.
- Ұстара электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық
стандарттарға сәйкес келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы
нұсқауларға сай дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми
дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз болып табылады.

- Құралда кернеудің автоматты таңдағышы бар, сондықтан, кернеуі
100 және 240 вольт аралығындағы розеткаларға жалғауға болады.
- Адаптер 100-240 вольтты 24 вольттан төмен қауіпсіз кернеуге
түрлендіреді.

Ескерту Бұл ұстараны қайта зарядтауға болмайды, оны тек розеткаға
жалғап пайдалануға болады.
1 Кішкене шанышқыны ұстараға енгізіңіз.
2 Адаптерді қабырғадағы розеткаға қосыңыз.
3 Электр ұстараны қосу үшін, қосу/өшіру түймесін басыңыз.
4 Қырыну бастарын тері бетімен жүргізіңіз. Айналдыра жүргізіңіз.
- Терінің Philips қырыну жүйесіне үйренуіне 2 немесе 3 апта кетуі
мүмкін.
5 Электр ұстараны өшіру үшін, қосу/өшіру түймесін бір рет
басыңыз.
6 Ұстараны тазалаңыз («Тазалау және күтіп ұстау» тарауын
қараңыз).
50
Loading ...
Loading ...
Loading ...