User Manual - Page 315

For EP-P6300TBEGAU.

Loading ...
Loading ...
Loading ...
4
Қазақ тілі
Сымсыз зарядтағышты
пайдалану
Құрылғыны зарядтау
1
Зарядтағышты сымсыз зарядтағышқа қосыңыз.
Зарядтағыш сымсыз зарядтағышқа дұрыс қосылған кезде, индикатор қызыл, жасыл және
қызғылт сары түспен жыпылықтайды, содан кейін өшеді.
Тек құрылғымен бірге берілген зарядтағыш (9 В/2,77 А) пен кабельді қолданыңыз.
2
Зарядтау үшін қолдау көрсетілетін мобильді құрылғы мен Galaxy Buds құлаққабының
ортасын зарядтау катушкасының ортасына ( ) қойыңыз ( ). Сымсыз зарядтағыштың
( ) сағатты зарядтау катушкасында Galaxy Watch сағатын да зарядтауға болады.
Зарядтау катушкасы мобильді құрылғының, Galaxy Buds құлаққабының немесе Galaxy
Watch сағатының сымсыз зарядтау катушкасымен жанасқан кезде зарядтау процесі
басталады.
Зарядталу күйін көру үшін мобильді құрылғы мен Galaxy Watch сағатының экранында
көрсетілген зарядтау белгішесін тексеріңіз. Құлаққаптардың зарядталу күйі мен Galaxy
Buds құлаққабындағы батарея күйі индикаторының түсі арқылы зарядталу жағдайын
тексеріңіз.
Galaxy Watch сағатын сымсыз зарядтау бетіне екі бауымен бірге қойған жағдайда,
зарядтау катушкасы Galaxy Watch сағатының сымсыз зарядтау катушкасына тимей
тұруы себепті Galaxy Watch сағаты зарядталмауы мүмкін.
Loading ...
Loading ...
Loading ...