User Manual - Page 211

For EP-P3105TBEGCA.

Loading ...
Loading ...
Loading ...
Сымсыз зарядтағышты пайдалану
5
3
Galaxy Watch немесе мобильді құрылғы толығымен зарядталған болса, Galaxy Watch
немесе мобильді құрылғыны сымсыз зарядтағыштан алып тастаңыз.
Galaxy Watch немесе мобильді құрылғыны зарядтаудың сақтық шаралары
•
Мобильді құрылғыны мобильді құрылғы арты мен мобильді құрылғының
тысының арасында орналасқан кредит картасы немесе радио жиілігін анықтау
(RFID) картасы (мысалы, тасымалдау картасы немесе кілт картасы) бар сымсыз
зарядтағышқа қоймаңыз.
•
Металл нысандар және магниттер сияқты өткізгіш материалдар мобильді құрылғы
немесе Galaxy Watch мен сымсыз зарядтағыш арасына қойылған жағдайда,
мобильді құрылғыны сымсыз зарядтағышқа қоймаңыз.
Galaxy Watch немесе мобильді құрылғы дұрыс зарядталмауы, қызып кетуі немесе
мобильді құрылғы, Galaxy Watch немесе карталар жұмыс істемеуі мүмкін.
•
Сатып алынған сымсыз зарядтағышқа байланысты тағы да бір зарядтағышты сатып
алу қажет болуы мүмкін.
•
Galaxy Watch немесе мобильді құрылғының сымсыз индукциялық зарядтау
шарғысының орнына байланысты Galaxy Watch немесе мобильді құрылғы дұрыс
жұмысістемеуі мүмкін.
•
Егер мобильді құрылғыға қалың құндақ бекітілген болса, сымсыз зарядтағыш
дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Егер құндақ қалың болса, мобильді құрылғыны
сымсыз зарядтағышқа қояр алдында, оны алып тастаңыз.
•
Сымсыз зарядтау кезінде зарядтағышты мобильді құрылғыға жалғасаңыз, сымсыз
зарядтау функциясы қол жетімді болмайды.
•
Сымсыз зарядтағыш желі сигналы төмен болатын жерлерде қолданылған кезде,
желі қосылымы ажырауы мүмкін.
•
Сымсыз зарядтағыштың ішіндегі желдеткіш жылдам сымсыз зарядтау кезінде шуыл
шығаруы мүмкін. Сымсыз жылдам зарядтау функциясын сөндірген жағдайда,
желдеткіштің шуылы азаяды. Сымсыз жылдам зарядтау функциясын қалай
сөндіруге болатынын анықтау үшін мобильді құрылғыны пайдалану нұсқаулығын
оқып шығыңыз.
•
Galaxy Watch құрылғысы мен екі байланыс таспасы сымсыз зарядтау бетіне
қойылса, Galaxy Watch құрылғысы зарядталмауы мүмкін, себебі индукциялық
зарядтау шарғысы Galaxy Watch құрылғысының сымсыз индукциялық зарядтау
шарғысымен байланысқа түспейді.
•
Gear S2 құрылғысында сымсыз зарядтауға қолдау көрсетілмейді.
•
Қуатты үнемдеу үшін пайдаланылмаған кезде зарядтағышты желіден ажыратыңыз.
Зарядтағыштың қуат қосқышы жоқ, сондықтан қуат ысырабын болдырмау үшін,
пайдаланбаған кезде зарядтағышты электр розеткасынан ажырату керек. Зарядтау
кезінде зарядтағыш электр розетка ұясына жақын және оңай қол жетімді болуы
керек.
Қазақ тілі
5
Loading ...
Loading ...
Loading ...