User Manual - Page 285

For EP-P4300TBEGGB.

Loading ...
Loading ...
Loading ...
Сымсыз зарядтағышты пайдалану
7
7
Қазақ тілі
3
Мобильді құрылғы, Galaxy Buds құлаққабы немесе Galaxy Watch сағаты толығымен
зарядталған кезде, оларды сымсыз зарядтағыштан алып тастаңыз.
Мобильді құрылғыны, Galaxy Buds құлаққабын немесе Galaxy Watch сағатын
зарядтау бойынша сақтық шаралары
Мобильді құрылғының артқы жағы мен мобильді құрылғының қақпағының
арасына кредиттік карта немесе радио-жиілікті идентификация (RFID) картасын
(транспорттық карта немесе кілт карта сияқты) қойып, мобильді құрылғыны
сымсыз зарядтағышқа қоймаңыз.
Мобильді құрылғы, Galaxy Buds құлаққабы немесе Galaxy Watch сағаты мен
сымсыз зарядтағыш арасында металл заттар мен магниттер сияқты өткізгіш
материалдар болған кезде мобильді құрылғыны, Galaxy Buds құлаққабын немесе
Galaxy Watch сағатын сымсыз зарядтағышқа қоймаңыз.
Мобильді құрылғы, Galaxy Buds құлаққабы немесе Galaxy Watch сағаты дұрыс заряд
алмауы немесе қатты қызып кетуі не мобильді құрылғы, Galaxy Buds құлаққабы,
Galaxy Watch сағаты немесе карталар зақымдалуы мүмкін.
Сіздің сатып алған сымсыз зарядтағышыңызға байланысты бөлек зарядтағышты
сатып алуыңыз керек болуы мүмкін.
Мобильді құрылғы не Galaxy Buds құлаққабының ортасын зарядтау катушкасының
ортасына, ал Galaxy Watch сағатын сағатты зарядтау катушкасына орналастырыңыз.
Оларды дұрыс орналастырмаған жағдайда, зарядтау жылдамдығы төмендеуі
немесе олар тиісті түрде зарядталмауы мүмкін.
Мобильді құрылғыңызға қалың қап кигізсеңіз сымсыз зарядтағыш дұрыс жұмыс
істемеуі мүмкін. Егер сіздегі қап қалың болса, оны сымсыз зарядтағышқа мобильді
құрылғыңызды қоймас бұрын алыңыз.
Бір уақытта бірнеше құрылғыны зарядтау - зарядтау жылдамдығының төмендеуіне
әкелуі мүмкін.
Сымсыз зарядталу кезінде мобильді құрылғыңызға зарядтағышты қоссаңыз,
сымсыз зарядтау функциясы қолжетімді болмайды.
Galaxy Watch сағатын зарядтаған кезде, оны бағдарламалық жасақтаманың ең
соңғы нұсқасына жаңартыңыз. Бағдарламалық жасақтаманың ең соңғы нұсқасы
орнатылмаған болса, зарядтау жылдамдығы баяу болуы мүмкін.
Егер желі сигналы әлсіз жерлерде сымсыз зарядтағышты қолдансаңыз, желі
қабылдауын жоғалтып алуыңыз мүмкін.
Сымсыз зарядтау кезінде, сымсыз зарядтағыштан шу естілуі мүмкін.
Қуатты үнемдеу үшін пайдаланылмаған кезде зарядтағышты желіден ажыратыңыз.
Зарядтағыштың қуат қосқышы жоқ, сондықтан қуат ысырабын болдырмау үшін
пайдаланбаған кезде зарядтағышты электр розетка ұясынан ажырату керек. Зарядтау
кезінде зарядтағыш электр розетка ұясына жақын және оңай қол жетімді болуы керек.
Loading ...
Loading ...
Loading ...