Loading ...
Loading ...
Loading ...
90
Шам ауыстыру
Корпус жарық диод технологиясына негізделген жарық жүйесімен жабдықталған.
Жарық диодтары оңтайлы жарықты, əдеттегі шамдардан 10 есе артық
ұзақтықты қамтамасыз етеді жəне 90% электр энергиясын сақтауға мүмкіндік
береді.
Ауыстыру үшін техникалық қызмет көрсету бөліміне хабарласыңыз.
Пайдалану
T1. Моторды ҚОСУ/ӨШІРУ (ON/OFF)
T1 түймесін басыңыз, сол кезде түтін тартқыш əдепкі
жылдамдықпен іске қосылады (Əдепкі жылдамдық: төмен).
Тағы да басыңыз, сонда түтін тартқыш ұйқы режиміне оралады.
T2. Төменгі жылдамдық
T2 түймесін басыңыз, сол кезде түтін тартқыш төменгі
жылдамдықпен іске қосылады.
T3. Орташа жылдамдық
T3 түймесін басыңыз
, сол кезде түтін тартқыш орташа
жылдамдықпен іске қосылады.
T4. Жоғарғы жылдамдық
T4 түймесін басыңыз, сол кезде түтін тартқыш жоғарғы
жылдамдықпен іске қосылады.
T5. Тездетілген жылдамдық
T5 түймесін басыңыз, сол кезде түтін тартқыш 5 минутқа
тездетілген жылдамдықпен іске қосылады.
T6 Автоматты жылдамдық
Түтін тартқыш желдеткіштің жылдамдығын пісіру бетінен
келетін газ
көлеміне байланысты автоматты түрде реттейді.
T6 (Автоматты) түймесін басыңыз, сол кезде түтін тартқыш
автоматты жылдамдықпен іске қосылады.
Газ датчигі жайлы
Түтін тартқыш алғашқы жұмысы кезінде 5-10 минут ішінде бұл
датчикті автоматты түрде калибрлейді. Осы уақыт барысында
түтін тартқыштың айналасында таза жəне тұрақты ауа
болғанын қадағалаңыз. Газ датчигін калибрлеуді орындау үшін
Auto (Автоматты) түймесін күту режимінде 3 секунд басып
тұрыңыз.
Датчикті калибрлеу
T6 түймесін күту режимінде 3 секунд басып тұрыңыз, сол кезде
түтін тартқыш газ датчигін 5-10 минут бойы калибрлеуді
бастайды.
*Тек Standby (Күту) режимінде
Датчик үшін пісіру бетін таңдау режимі
Датчик үшін пісіру беті режимін таңдау мүмкіндігі арқылы дұрыс
пісіру беті режимін орнатыңыз
.
Күту режимінде T6 жəне T4 түймелерін 3 секунд басып
тұрыңыз. Датчик үшін пісіру беті режимін түтін тартқыш
өзгертеді.
GA: газ пісіру беті
EL : электрлік пісіру беті (Əдепкі)
Пісіру беті режимін орнатқаннан кейін, түтін тартқыш 5-10 минут
калибрлеуді автоматты түрде белсендіреді.
T7. Таймерді ҚОСУ/ӨШІРУ
Жұмыс істеу уақытын орнату үшін T7 (Таймер) түймесін
басыңыз
.
T7 түймесін 3 секунд басып тұрсаңыз, таймер функциясы
өшеді.
T8. Шамды ҚОСУ/ӨШІРУ
T8 түймесін бассаңыз, шам жоғарғы параметрде жанады.
T8 түймесін қайта бассаңыз, шамдар көмескі болып жанады.
T8 түймесін үшінші рет бассаңыз, шамдар сөнеді.
ДЫБЫСТЫ ҚОСУ/ӨШІРУ
«Шам» түймесін 3 секунд басып тұрыңыз. Дыбысы өшеді.
«Шам» түймесін 3 секунд басып тұрыңыз. Дыбыс қосылады
.
ПІСІРУ БЕТІ МЕН ТҮТІН ТАРТҚЫШТЫ ЖАЛҒАУ
Бұл құрылғыда үйлесімді Samsung пісіру беттері мен түтін
тартқышты Bluetooth арқылы жұптастыру мүмкіндігі бар.
Осы функцияны іске қосқан соң жəне түтін тартқыш пен үйлесімді
пісіру бетін жұптастырған соң, түтін тартқыш желдеткіші пісіру беті
элементін іске қосқан кезде Low (Төмен) жылдамдығында
автоматты түрде іске қосылады. Пісіру беті элементін
автоматты
түрде жапқан кезде түтін тартқыш желдеткіші де өшеді.
Сонымен қатар, түтін тартқыш пен үйлесімді пісіру беті жұпталған
соң, Smart Things қолданбасын мобильді құрылғыға жүктеп алып,
Smart Things қолданбасын келесі мақсаттарға пайдаланыңыз:
Түтін тартқыштың On/Off (Қосу/Өшіру) күйін бақылаңыз жəне
басқарыңыз.
Желдеткіш жылдамдығын бақылаңыз жəне басқарыңыз.
Шамдарды бақылаңыз жəне басқарыңыз.
Түтін
тартқыштың өшу таймерін уақыт дабылымен
орнатыңыз.
Smart Things қолданбасын мобильді құрылғыға жүктеп алу жəне оны
түтін тартқышты басқару үшін пайдалану туралы толығырақ
ақпаратты алу үшін мынаған өтіңіз:
www.samsung.com.
T9. Bluetooth байланысы (жұптастыру)
1. Түтін тартқышта T9 түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.
Жұптастыру режимі белсендіріледі жəне L1 индикаторы
жыпылықтайды.
2. Пісіру бетіндегі Bluetooth түймесін басыңыз. Жұптастыру
процесі
аяқталған соң Bluetooth шамы жанған күйде қалады
жəне дисплейде "bt" жазуы көрінеді.
T9. Bluetooth ажырату (жұптастыруды қайта орнату)
1. Түтін тартқыштағы T8+T9 түймесін 3 секунд басып
тұрыңыз.
2. Bluetooth байланысы ажырайды жəне дисплейде "bt rt"
жазуы көрінеді.
ЕСКЕРТПЕ
Жұптастыру əдісінің толығырақ сипаттамасын тиісті Samsung пісіру
бетінің пайдаланушы нұсқаулығынан көріңіз.
Автоматты қосу
"Автоматты қосу" функциясы түтін
тартқышты Bluetooth арқылы
үйлесімді Samsung пісіру бетімен түтін тартқыш пен пісіру беті
жұптастырылған соң жылдам қосылуға мүмкіндік береді.
Бұл функцияны іске қосу үшін Auto Connectivity (Автоматты қосу)
түймесін басыңыз.
Бұл функцияны өшіру үшін түтін тартқыш пен пісіру бетін
ажыратып, Auto Connectivity (Автоматты қосу) түймесін қайта
басыңыз. Түтін тартқыш пен пісіру беті жалғанған соң, пісіру
элементі іске
қосылған кезде түтін тартқыштың желдеткіші Төмен
жылдамдықпен автоматты түрде іске қосылады жəне шам жанады.
Пісіру беті элементін автоматты түрде жапқан кезде түтін тартқыш
желдеткіші мен шамы да өшеді.
Түтін тартқышты Smart Things қолданбасы арқылы жоғарыда
сипатталғандай басқаруға да болады.
T9. Автоматты қосуды ҚОСУ/ӨШІРУ
1. Бұл функцияны белсендіру үшін T9 (Автоматты қосу
)
түймесін басыңыз.
2. Түтін тартқыш пен шам пісіру бетінен кейін іске
қосылады/өшеді.
3. Бұл функцияны ажырату үшін оны қайта басыңыз.
Loading ...
Loading ...
Loading ...