Karcher 1.055-709.0 FC 7 Signature Line

Bedienungsanleitung - Page 235

For 1.055-709.0.

PDF File Manual, 252 pages, Read Online | Download pdf file

1.055-709.0 photo
Loading ...
Loading ...
Loading ...
Қазақша 235
АБАЙЛАҢЫЗ
Жеңіл жарақаттануға апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Материалдық зиянға апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
Электрлік компоненттер
ҚАУІП ● Құрылғыны суға салмаңыз.
● Бұйымның зарядтау ұясына ешқашан ток
өткізгіш заттарды, мысалы, гайка бұрауыш жəне
т.с.с. бұйымдарды салмаңыз. ● Ешқашан
контактілер мен сымдарға қол тигізбеңіз. ● Желі
кабелін кесіп өтіп, қысып немесе үшкір
шеттерінен тарту арқылы зақымдауға немесе
бүлдіруге болмайды. ● Құрылғыны тек ауыспалы
ток көзіне қосуға рұқсат етіледі. Зауыт
тақтайшасында көрсетілген кернеу желі
кернеуіне сəйкес келу керек. ● Құрылғыны тек
ақаулардан автоматты қорғаныспен (макс. 30 мА)
пайдалануға рұқсат етіледі.
ЕСКЕРТУ ● Зақым тиген зарядтағыш
құрылғыны зарядтау кабелімен бірге түпнұсқа
қосалқы бөлшекпен дереу алмастырыңыз. ● Күтім
жəне техникалық қызмет көрсету бойынша
жұмыстарды орындау алдында құрылғыны өшіріңіз
жəне оны қуат ашасынан алып тастаңыз.
● Құрылғыда электрлік құрамдастар бар.
Құрылғыны немесе төменгі бастың үстіңгі немесе
астыңғы жағын ағынды судың астында немесе душ
кабинасының астында
жууға болмайды, əйтпесе
су кіріп кетуі мүмкін. ● Құрылғыны IEC 60364-1
стандартына сəйкес электрик маман орындаған
қуат көзіне жалғаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ ● Жөндеу жұмыстарын
тек өкілетті қызмет көрсету қызметіне
жүктеңіз. ● Əрбір іске қосу алдында құрылғыны
жəне құрамдас бөліктерін тексеріңіз, əсіресе
қоректендіру кабелінің жəне ұзартқыш кабельдің
тиісті күйін жəне қауіпсіз пайдаланылатынын
тексеріңіз. Егер зақымдалған болса, ашаны
розеткадан суырыңыз жəне құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Зарядтау құрылғысы
ҚАУІП ● Ешқашан қуат ашасы мен электр
розеткасын ылғалды қолмен ұстамаңыз.
● Зарядтау құрылғысын жарылғыш ортада
қолданбаңыз.
ЕСКЕРТУ ● Қуат сымын жылудан, үшкір
шеттен, майдан жəне құрылғының қозғалатын
бөліктерінен қорғаңыз. ● Зарядталып жатқанда
аккумулятор жинағын жаппаңыз жəне желдету
саңылауларын бос қалдырыңыз. ● Зарядтау
құрылғысын ашпаңыз. Жөндеу жұмыстары тек
білікті қызметкерлермен орындалады.
● Аккумулятор жинағын тек бекітілген зарядтау
құрылғыларымен зарядтаңыз. ● Зақым тиген
зарядтағыш құрылғыны зарядтау кабелімен бірге
түпнұсқа қосалқы
бөлшекпен дереу
алмастырыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ ● Зарядтағышты дымқыл
немесе кір күйінде қолданбаңыз. ● Зарядтау
құрылғысын қуат сымынан тартып жүрмеңіз.
● Құрылғыны бірнеше розеткасы бар ұзартқыш
кабельдерде басқа құрылғылармен қолдануға
тыйым салынады. ● Ашаны розеткадан қуат беру
сымынан тартып шығармаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ ● Зарядтағыш
құрылғыны тек құрғақ жерде қолданып сақтаңыз.
Аккумулятор
ҚАУІП ● Аккумуляторға қатты күн сəулесі,
жылу немесе өрттің əсерін тигізбеңіз.
ЕСКЕРТУ ● Бұйымды тек жеткізілім
жинағына кіретін түпнұсқа зарядтағыш
құрылғымен немесе KÄRCHER компаниясы рұқсат
еткен зарядтағыш құрылғымен зарядтаңыз.
Келесі адаптерді қолданыңыз:
ЕСКЕРТУ ● Қысқа тұйықталу қаупі.
Аккумуляторды ашпаңыз. Сонымен қатар,
тітіркендіргіш булар немесе күйдіргіш
сұйықтықтар кіріп кетуі мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ ● Бұл құрылғыда
алмастырылмайтын батареялар бар.
Ауыстырылатын аккумулятор жинағы бар құрылғыларға
қолданылмайды
Қауіпсіз қолдану
ҚАУІП ● Тұншығу қаупі! Қаптама пленканы
балалардан алыс ұстау қажет.
ЕСКЕРТУ ● Құрылғыны тек нұсқауға
сəйкес қолданыңыз. Жергілікті жағдайларды
ескеріңіз жəне құрылғымен жұмыс істеген кезде,
бөгде тұлғаларды, əсіресе балаларды
қадағалаңыз. ● Қауіпті аймақтардағы тиісті
қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз (мысалы,
жанармай құю станциялары). Құрылғыны жарылыс
қаупі бар жерлерде ешқашан пайдаланбаңыз. ● Осы
нұсқаулықпен таныс емес балалар мен тұлғалар
құрылғыны пайдаланбауы тиіс. Жергілікті
ережелер пайдаланушының
жасын шектеуі мүмкін.
● Құрылғы балалардың немесе физикалық,
сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті шектеулі
адамдардың немесе осы нұсқауларды білмейтін
адамдардың қолдануы үшін арналмаған.
● Физикалық, сезгіштік немесе ақыл-ой қабілеті
нашарлаған не тəжірибесі мен біліктілігі
жетіспейтін тұлғаларға құрылғыны қауіпсіз
пайдалану туралы олардың қауіпсіздігіне жауапты
тұлға нұсқаулық берген жəне олар нəтижесінде
пайда болуы ықтимал қауіптерді түсінген,
құрылғы тиісті түрде бақыланған жағдайда ғана
пайдалана алады. ●  Балалардың құрылғымен
ойнауына рұқсат етпеңіз. ● Балаларды бұйыммен
ойнамайтындай етіп қадағалап тұрыңыз.
● Құрылғы желіге қосылған болғанда немесе суып
жатқанда, балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз. ● Балалар тазалау жəне техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын тек біреудің
бақылауында
орындай алады. ● Байланыстырғыш
сымын жылудан, өткір жиектен, майдан жəне
жылжымалы бөлшектерден қорғаңыз. ● Дененің
бөліктерін (мысалы, саусақтар, шаш) айналмалы
тазарту білікшелерінен алыс ұстаңыз ● Қатты
заттар (мысалы, сынықтар) арқылы жарақат алу
PS07
Loading ...
Loading ...
Loading ...