Loading ...
Loading ...
Loading ...
130 Қазақша
Құрылғының су қосылымында ешқашан Aquastop-
пен байланысқан шлангіні қолданбаңыз.
Кранға Aquastop муфтасын қолдануға болады.
1. Бақша құбыршегін су жеткізуге арналған
жалғағыштың муфтасына орнатыңыз.
2. Бақша құбыршегін су құбырына қосыңыз.
3. Су құбырының шүмегін толықтай ашыңыз.
Сурет F
Ашық ыдыстардан суды айдаңыз
Бұл қысыммен жууға арналған аппарат кері клапаны
бар KÄRCHER сору құбыршегімен (арнайы жабдық,
тапсырыс беру
2.643-100) беткі суларды,
мысалы, жаңбыр суына арналған бөшкеден немесе
тоғандардан ағызуға жарайды (Ағызудың
максималды биіктігін бөлімнен қараңыз Техникалық
мағлұматтар).
Сору жұмыстарын жүргізу кезінде су жеткізу үшін
жалғағыш муфта талап етілмейді.
1. Сору құбыршегін сумен толтырыңыз.
2. Сорғыш шлангіні құрылғыдағы су жеткізуге
арналған жалғағышқа бұраңыз жəне су көзіне
жіберіңіз (мысалы, жаңбыр суына арналған
бөшкеге).
Құрылғыдағы ауаны жою
1. Құрылғыны қосыңыз («I/ON»).
2. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттан
ашыңыз.
3. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз.
Құрылғы қосылады.
4. Құрылғыны су жоғары тегеурінді пистолеттен
көпіршіктерсіз шықпағанша максимум 2 минут
жұмыс істетіңіз.
5. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
6. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз.
Пайдалану
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Сорғының құрғақтай жұмыс істеуі
Құрылғының зақымдануы
Егер құрылғыда 2 минут бойы қысым пайда
болмаса, онда оны өшіріңіз жəне Ақаулар кезіндегі
көмек- бөлімдегі нұсқауларды сақтаңыз.
Жоғары қысыммен жұмыс істеу режимі
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Боялған немесе сезімтал беттердің
зақымдалуы
Ағыстың жеткілікті қашықтығы сақталмаған
жағдайда немесе тетік дұрыс таңдалмаған
жағдайда беттері зақымдалады.
Боялған беттерді тазалау кезінде 30 см-ден кем
емес шегіністі сақтаңыз.
Автомобиль шиналарын, лагын немесе сезімтал
беттерін фреза көмегімен тазаламаңыз.
1. Тетікті жоғары тегеурінді пистолетке салыңыз
жəне оны 90°-қа бұрай отырып, бекітіңіз.
Сурет G
2. Құрылғыны қосыңыз («I/ON»).
3. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттан
ашыңыз.
4. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз.
Құрылғы қосылады.
Жуғыш шөткемен жұмыс істеу режимі
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Бояудың зақымдалуы
Лас жуғыш шөткенің əсерінен беткі қабаттың
зақымдануы.
Жуғыш шөткені пайдаланар алдында оның лас
еместігіне жəне қоқыстың жоқтығына көз
жеткізіңіз.
Нұсқау
Жуғыш шөткені пайдаланатын кезде құрылғы аз
қысыммен жұмыс істейді. Бұл ретте жуғыш
құралдарды араластыруға болады.
1. Жуғыш шөткені жоғары тегеурінді пистолетке
салыңыз жəне оны 90°-қа бұрай отырып,
бекітіңіз.
Тазалау құралдарымен пайдалану
ҚАУІП
Техникалық төлқұжатты сақтамау
Жуғыш құралдарды тиісінше пайдаланбаған
жағдайда денсаулыққа ауыр зақым келеді.
Жуғыш құралдың өндірушісі құраған техникалық
төлқұжатты, көбінесе жеке қорғаныс құралдары
бойынша нұсқауларды қараңыз.
Нұсқау
Жуғыш құралды тек төменгі қысым кезінде
араластыруға болады.
Нұсқау
KÄRCHER тазалау құралдары үздіксіз жұмыс
істеуге кепілдік береді. Сізге кеңес беруге рұқсат
етіңіз немесе біздің каталогты немесе тазалағыш
заттар
туралы ақпараттық парақтарымызды
сұраңыз.
1. Корпустан жуғыш құралға арналған сору
құбыршегінің талап етілетін ұзындығын
тартыңыз.
Сурет H
2. Жуғыш құралға арналған сору құбыршегін жуғыш
құралдың ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
3. Click-Vario Power бүріккіш түтігін пайдаланыңыз.
4. Бүріккіш түтікті «MIX» күйіне бұраңыз.
Жұмыс барысында жуғыш құралдың ерітіндісі су
ағысына араластырылады.
Ұсынылатын жуу тəсілі
1. Жуғыш құралды үнемдей отырып,
құрғақ бетке
шашыңыз жəне сіңуге қалдырыңыз (кептірмей).
2. Еріген балшықты жоғары тегеурінді ағыспен
шайып тастаңыз.
Жуғыш құралмен жуғаннан кейін
1. Құрылғыны 30 секунд бойы таза сумен жуып
тастаңыз.
Жұмысты тоқтату
1. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
Тетігі жіберілген кезде, құрылғы өшеді. Жүйеде
жоғары қысым қалады.
2. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз.
3. Жоғары тегеурінді пистолетті сақтау үшін бөлікке
салыңыз.
4. Шүмегі бар жоғары тегеурінді пистолетті сақтауға
арналған қалыпқа орнатыңыз.
5. Жұмыс кезінде 5 минуттан аса үзілістерде
құрылғыны өшіріп жүріңіз («0/OFF»).
Loading ...
Loading ...
Loading ...