Delonghi KBIN2001.PK Distinta Perla Rose

User Manual - Page 4

For KBIN2001.PK.

PDF File Manual, 5 pages, Download pdf file

Loading ...
Loading ...
Loading ...
42
- Индикатор шамы жанады.
- Су қайнаған соң шәйнек автоматты түрде
өшіріледі (ON/OFF (ҚОСУ/ӨШІРУ) қосқышы
жоғары қарай «сырт» етіп көтеріледі де,
шамдар өшеді).
- Су қайнамас бұрын шәйнекті өшіру үшін, ON/
OFF (ҚОСУ/ӨШІРУ) қосқышын OFF (ӨШІРУ)
бағытына жылжытып, шәйнекті негізден
алсаңыз болғаны, ол ажыратылады да,
қосқыш OFF (ӨШІРУ) бағытына автоматты
түрде қайтады.
Құю
- Шәйнекті қуат беру негізінен алып, суды
абайлап төгіп тастаңыз. Шәйнекті кенеттен
еңкейтіп қалмаңыз немесе суды қатты
еңкейтіп құймаңыз.
- Шәйнекті негізден алған кезде, негіздің
беткі бөлігінде жиналған суды көруіңіз
мүмкін. Негізде судың жиналуы өте
қалыпты нәрсе, ол үшін алаңдаудың қажеті
жоқ.
Ескеріңіз: Шәйнекті әрбір қолданыстан
соң босатып отырыңыз. Шәйнек екі
күннен астам уақыт бойы қолданылмаса,
оны шайыңыз. Қуат тұтынуды және су
ысырабын азайту үшін, тек қажетті су
мөлшерін пайдаланыңыз.
ҚАУІПСІЗДІК ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ
1) Автоматты ON/OFF (ҚОСУ/ӨШІРУ)
қосқышы:
Шәйнегіңізде су қайнағаннан кейін
автоматты түрде өшірілетін ON/OFF (ҚОСУ/
ӨШІРУ) қосқышы бар. Егер шәйнек жаңа
ғана қайнап болса, шәйнекті қайтадан
толтыру үшін бір не одан көп минут
күтіңіз. ON/OFF (ҚОСУ/ӨШІРУ) қосқышын
ON (ҚОСУ) бағытында басып тұруға
және қосу механизмін реттеуге ешқашан
әрекеттенбеңіз.
2) Қауіпсіздік үшін ажырау:
Егер шәйнек сусыз не аз ғана сумен ІСКЕ
ҚОСЫЛСА, ол қуатты ажыратып тастайтын
қауіпсіздік үшін ажырату құрылғысы
көмегімен қорғалады. Егер осы ажырату
функциясы жұмыс істеп кетсе, шәйнекті
розеткадан ажыратыңыз да, салқын сумен
қайта толтырмас бұрын суытып алыңыз
(әйтпесе қыздыру элементі зақымдануы
мүмкін).
3) Егер шәйнек негізде жұмыс істеп тұрған
кезде (қосқыш ON (ҚОСУ) күйінде тұрғанда)
көтерсеңіз, ол автоматты түрде өшеді.
КҮТІМ КӨРСЕТУ
Шәйнекті тазалау
- Шәйнекті тазалау алдында құрылғыны
розеткадан суырып, суытып қойыңыз.
- Шәйнекті немесе негізді суға батырмаңыз.
- Құрылғының тамаша беткі əрін сақтау үшін
құрылғының сыртын тек дымқыл шүберек
пен суды ғана пайдаланып тазалауды
ұсынамыз.
- Металл жылтыратқышты, тұтанғыш
сұйықтықтарды немесе өткір жуғыш сұйық
затты пайдаланБАҢЫЗ.
- Барлық жалғағыштар мен ұяшықтарды
құрғақ күйде ұстаңыз.
Қақ
Су қызған кезде, судағы минералдар қатты
затқа айналып, суды лай сияқты етеді. Суда
қалыптасқан жұқа қабатты көрсеңіз немесе
сүзгіні тазалап жатқан кезде қабырғалар
мен элементте қалыптасқан жұқа қабатты
байқасаңыз, шәйнектің және оның сүзгісінің
қағын тазалаңыз.
Қақ сүзгісі
Сусыныңызға қақтың ірі бөлшектері сумен
бірге құйылмас үшін, шәйнегіңіз қақ сүзгісімен
жабдықталған. Бұл сүзгіні алуға және жууға
болады. Егер сүзгіге жиналған нәрселерді
немесе құю жылдамдығының нашарлағанын
байқасаңыз, су сүзгісін алып, тазалауыңыз
керек.
Қақ сүзгісін алу
- Шәйнекті суытып қойыңыз және құрылғыны
электр көзінен суырыңыз. Қолдарыңыздың
таза және сабыннан, кілегейден немесе
суды ластауы мүмкін кез келген нәрседен
таза екеніне көз жеткізіңіз.
- Шәйнекті босатып, сүзгіні 1-суретте
көрсетілгендей етіп алыңыз. Жұмсақ
щеткамен тазалау кезінде ағынды су
Loading ...