Delonghi KBIN2001.PK Distinta Perla Rose

User Manual - Page 3

For KBIN2001.PK.

PDF File Manual, 5 pages, Download pdf file

Loading ...
Loading ...
41
- Су құю барысында шүмектен, қақпақтан
немесе қайта толтыру барысында
қақпақтан шығатын ыстық будың сізге тиіп
кетуіне жол бермеңіз.
- Шәйнекті, оның негізін немесе сымын тамақ
пісіргіштердің, ыстық плиталардың немесе
газ плиталардың үстіне не қасына ешқашан
қоймаңыз.
Ескеріңіз:
Бұл таңба пайдаланушыға арналған
ұсыныстарды және маңызды ақпаратты
білдіреді.
- Шәйнекті толтырмас бұрын, оны қуат беру
негізінен алыңыз.
- Шәйнекті су қыздырудан басқа мақсаттар
үшін ешқашан пайдаланбаңыз.
- Егер құрылғы дұрыс пайдаланылмаса
немесе нұсқаулар орындалмағанынан
туындайтын ақаулық болса, De’Longhi
компаниясы ешқандай жауапкершілікті өз
мойнына алмайды.
- Шәйнекті ешқашан қақпақсыз және сүзгісіз
қолданбаңыз (шәйнек өшпей қалуы мүмкін).
- Шәйнекті іске қоспас бұрын, оны қуат беру
негізіне дұрыстап салыңыз.
Бұл құрылғы тағам тиетін материалдар
мен ке
рек-жарақтарға қатысты ЕО-тың
1935/2004 ережесіне сай.
СИПАТТАМА
A Алынбалы сүзгі
B Алынбалы қақпақ
C Шәйнек корпусы
D Қуат индикаторының шамы
E Сым орағышы бар 360° бұрылатын негіз
F Аша
G ON/OFF (ҚОСУ/ӨШІРУ) қосқышы
H Су деңгейінің индикаторы
ПАЙДАЛА
НУ
Пайдаланбас бұрын
- Шәйнектен және қуат беру негізінен барлық
орам материалдарын алыңыз.
- Жұтып қою қаупінің алдын алу үшін
балаларға онымен ойнауына жол бермеңіз.
- Сыртқы тот баспайтын болаттан жасалған
беттегі кез келген жапсырманы алып
тастаңыз.
- Сүзгіні (1-сурет) алып, сумен жуыңыз
(2-сурет). «Қақ сүзгісін алу» бөлімін
қараңыз.
- Шәйнекті MAX (Ең жоғарғы) деңгейіне дейін
сумен толтырып, қайнатыңыз.
- Қайнаған судың қалғанын төгіп тастап,
шәйнекті салқын сумен шаю керек.
Кез келген ақаулыққа себеп болған
шаңды, т.б. кетіру үшін қайнату және шаю
қадамдарын қайталаңыз.
- Шәйнек шайылған соң, сүзгіні орнына қайта
салыңыз (3-сурет).
Пайдаланған кезде
Ерекше етіп жасалған қуат беру негізімен және
орталық жалғағышымен шәйнекті негізге кез
келген бұрышпен кез келген бағытқа қаратып
қоя аласыз.
- Сымды сақтау бөлігінен шығарып, сымның
ұзындығын реттеңіз, пайдаланылатын
розеткаға дейін жететіндей етіп қажетті
ұзындықты шығару үшін негізгі бөлікті
бұраңыз (4-сурет).
- Сымының үстел немесе шкаф жиегінен
салбырауына немесе ыстық заттарға
(мысалы, плита бетіне B) тиюіне жол
бермеңіз.
Толтыру
- Шәйнекті толтырмас бұрын негізден
алыңыз.
- Қақпақты ашып, шәйнекті қажетті деңгейге
дейін толтырыңыз.
Шәйнекті пайдаланған кезде ол құрғап
кетпес үшін, суды 0,3 литрден аз етіп
толтырмаңыз; осы сияқты дұрыс
пайдаланбау қыздыру элементінің қызмет
ету мерзімін қысқартады. 1,7 литрден
артық су құймаңыз (MAX деңгейінен
асырмаңыз). Егер шәйнек шамадан артық
толтырылса, қайнаған су тасып, күйіп қалу
қаупін туындатуы мүмкін.
Іске қосу
- Қуат беру негізін розеткаға қосыңыз.
- Шәйнекті негізге қойыңыз.
- Шәйнекті іске қосу үшін ON/OFF (ҚОСУ/
ӨШІРУ) қосқышын (5-сурет) басыңыз.
Loading ...
Loading ...