Karcher 1.512-557.0 SC 5 EasyFix Premium Iron

Bedienungsanleitung - Page 61

For 1.512-557.0.

PDF File Manual, 72 pages, Read Online | Download pdf file

1.512-557.0 photo
Loading ...
Loading ...
Loading ...
Қазақша 61
қауіпсіздік жəне қауіпсіздік техникасы бойынша
ережелерге назар аударуыңыз қажет.
●Құрылғыдағы нұсқаулары мен ескертулері бар
тақтайша қауіпсіз пайдалануға арналған
маңызды нұсқауларды береді.
Қауіп деңгейлері
ҚАУІП
Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып
соғатын тікелей қауіп бойынша нұсқау.
ЕСКЕРТУ
Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып
соғуы мүмкін қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жеңіл жарақаттануға апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Материалдық зиянға апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
Техникалық қауіпсіздік бойынша жалпы
нұсқаулар
ҚАУІП ● Тұншығу қаупі! Қаптама пленканы
балалардан алыс ұстау қажет.
ЕСКЕРТУ ● Құрылғыны тек нұсқауға
сəйкес қолданыңыз. Жергілікті жағдайларды
ескеріңіз жəне құрылғымен жұмыс істеген кезде,
бөгде тұлғаларды, əсіресе балаларды
қадағалаңыз. ● Құрылғыны пайдалану бойынша
нұсқау берілген немесе құрылғыны пайдалану
мүмкіндігін растаған жəне осы мақсатқа нақты
тағайындалған адамдарға ғана пайдалануға
рұқсат етілген. ● Физикалық, сезгіштік немесе
ақыл-ой қабілеті нашарлаған не тəжірибесі мен
білі
ктілігі жетіспейтін тұлғаларға құрылғыны
қауіпсіз пайдалану туралы олардың қауіпсіздігіне
жауапты тұлға нұсқаулық берген жəне олар
нəтижесінде пайда болуы ықтимал қауіптерді
түсінген, құрылғы тиісті түрде бақыланған
жағдайда ғана пайдалана алады. ● Балаларға
құрылғыны пайдалануға тыйым салынады.
● Балаларды бұйыммен ойнамайтындай етіп
қадағалап тұрыңыз. ● Құрылғы желіге қосылған
болғанда немесе суып жатқанда, балалардың қо
лы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ ● Алдында құлап түскен,
зақым белгілері бар немесе ағатын жерлері бар
бұйымды қолдануға болмайды. ● Қорғаныс
құрылғысы сіздің қауіпсіздігіңізге арналған.
Қорғаныс құрылғысын ешқашан өзгертпеңіз
немесе ажыратпаңыз.
Ток соғу қаупі
ҚАУІП ● Ешқашан қуат ашасы мен электр
розеткасын ылғалды қолмен ұстамаңыз.
● Құрылғыны тек ауыспалы ток көзіне қосуға
рұқсат етіледі. Зауыт тақтайшасында
көрсетілген кернеу желі кернеуіне сəйкес келу
керек. ● Бу ағынын электр бөлшектері бар
құрылғыға, мысалы пештің ішкі бөлігіне тікелей
бағыттамаңыз. ● Суға арналған алынбалы ыдысы
жоқ құрылғы токқа қосылмайынша, оны су
құ
бырына жалғанған түтік арқылы сумен
толтырмаңыз. Толтыруға қолайлы ыдысты
қолданыңыз. ● Құрылғыны сумен толтырылған
бассейндерде пайдаланбаңыз. ● Желі ашасы,
кабель мен ұзартқыш суда болмау керек. ● Еден
үстіндегі розеткаларды тазаламаңыз.
ЕСКЕРТУ ● Құрылғыны IEC 60364-1
стандартына сəйкес электрик маман орындаған
қуат көзіне жалғаңыз. ● Ванна бөлмелері сияқты
ылғал орындарда құрылғыны тек жылдам əрекет
ететін қорғаныстық ажырату құрылғылары
тізбегіне орнатылған розеткаға қосыңыз.
● Құрылғыны пайдаланбас бұрын, ашасы бар қуат
сымы зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Егер сым
зақымдалған болса, қандай да бір қауіпті
болдырмау үшін, оны өндіруші, өкіле
тті қызмет
көрсету орталығы немесе кəсіби электр маманы
тарапынан ауыстырылуы керек. ● Жаншу, қысу,
созу немесе осыған ұқсас əрекетпен желі кабелін
немесе ұзартқышты зақымдап алмауға
тырысыңыз. Желі кабелін жоғарғы температура,
май жəне өткір жиектер əсерінен қорғау керек.
● Үйлесімді емес электр ұзартқыштарының
қауіпті болуы мүмкін. Кабель қимасы мин. 3 х 1 мм
тек су
дан қорғалған электр ұзартқыштарын
пайдаланыңыз.
2
. ● Желі кабелі мен ұзартқыш
жалғағыштарын тек су өткізбейтін жəне ұқсас
механикалық төзімділікке ие балама түрімен
ауыстырыңыз. ● Плиткамен қапталып өңделген
розеткалары бар қабырғаларды өте абайлап
тазартыңыз. ● Ұзақ уақыт пайдаланылмайтын
кезде, құрылғыға қызмет көрсетуден кейін немесе
оның алдында, құрылғыны желіден ажыратыңыз.
● Техникалық күтім көрсету кезінде бу
генераторын токтан ажыратыңыз жə
не суытып
алыңыз.
Пайдалану
ҚАУІП ● Жарылыс қаупі бар аймақтарда
пайдалануға тыйым салынады. ● Құрылғыны
қауіпті аймақтарда (мыс., АЖҚС) қолданған кезде
сəйкес қауіпсіздік ережелерін ұстаныңыз.
ЕСКЕРТУ ● Жидіту қаупі. Бу ағынын
ешқашан жақын қашықтықта қолыңызбен
ұстамаңыз жəне оны адамдарға немесе
жануарларға бағыттамаңыз. ● Құрылғы пайдалану
кезінде 30°-тан төмен еңкейтілген болса, көп
мөлшерде су шығарылуынан буға күйіп қалу қаупі.
Тек қана SC 1 құрылғысына қатысты ● Ыстық бу
қазанымен күйіп қалу қаупі. Су толтырмас бұрын
қазанның сууына мүмкіндік беріңіз.
SC 1 Upright / KST 1
Upright / SC 2 Upright / KST 2 Upright / SC 3 / SC 3 Upright
құрылғыларына қолданылмайды ● Жидіту қаупі.
Жабдықтар мен керек-жарақтарға, əсіресе, еденге
арналған матаны немесе қолдың қақпағына қол
тигізер алдында салқындатыңыз. ● Жидіту қаупі.
Құрылғыны қысымдағы ыдыстарды тазалау үшін
пайдаланбаңыз, себебі ажырау жəне жарылу қаупі
бар. ● Шаңсорғыш саптамасының жидіту қаупі бар.
Ешқандай дене бөліктері шаңсорғыш
саптамасына түспегеніне көз жеткізіңіз.
Шаңсорғыш саптамасын ешқашан аяқ киім
сіз
пайдаланбаңыз. ● Жидіту қаупі. Құрылғыны толық
жинақталғанда жəне жұмыс істеп тұрғанда ғана
қолданыңыз. ● Жидіту қаупі. Құрылғыны сақтауға
қоймас бұрын, оның толық салқындауына мүмкіндік
беріңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ ● Құрылғыға тазалау
құралын немесе басқа қоспа құймаңыз. ● Сірке суын
немесе осыған ұқсас заттарды пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТУ ● Олардан бу шығып тұрғанда,
Loading ...
Loading ...
Loading ...