Karcher 1.633-219.0 WV 2 + KV 4 Premium

Bedienungsanleitung - Page 56

For 1.633-219.0.

PDF File Manual, 64 pages, Read Online | Download pdf file

1.633-219.0 photo
Loading ...
Loading ...
Loading ...
56 Қазақша
нұсқаулар
Құрылғыны алғашқы рет пайдалану алдында, осы
қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауларын жəне
түпнұсқалық пайдалану нұсқаулығын оқып
шығыңыз. Көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.
Кітаптардың екеуін де кейін пайдалану немесе
кейінгі пайдаланушылар үшін сақтап қойыңыз.
●Бұйымды іске қосу алдында бұйымның
графикалық пайдалану бойынша нұсқаулығын
жəне осы қауіпсіздік техникасы бойынша
нұсқаулықты қарап шығыңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулықтағы нұсқауларға
қосымша құрылғы пайдаланылатын елдің
қауіпсіздік техникасы мен қайғылы
жағдайлардың алдын алудың жалпы
нұсқауларын сақтау керек.
Қаптауыш қағазды балалардан алшақ ұстаңыз,
себебі тұншығып қалу қаупі бар.
Қауіп деңгейлері
ҚАУІП
● Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып
соғатын тікелей қауіп бойынша нұсқау.
ЕСКЕРТУ
● Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып
соғуы мүмкін қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
АБАЙЛАҢЫЗ
● Жеңіл жарақаттануға апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
● Материалдық зиянға апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
Жалпы нұсқаулар
ЕСКЕРТУ ● Физикалық, сезгіштік немесе
ақыл-ой қабілеті нашарлаған не тəжірибесі мен
біліктілігі жетіспейтін тұлғаларға құрылғыны
қауіпсіз пайдалану туралы олардың қауіпсіздігіне
жауапты тұлға нұсқаулық берген жəне олар
нəтижесінде пайда болуы ықтимал қауіптерді
түсінген, құрылғы тиісті түрде бақыланған
жағдайда ғана пайдалана алады. ● Балаларды
бұйыммен ойнамайтындай етіп қадағалап
тұрыңыз. ● 8 жастан үлкен
балалар олардың
қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның тарапынан
құрылғыны пайдалануға машықтанған немесе
қадағаланған жəне құрылғыны пайдаланудан
туындайтын қауіптерді түсінген жағдайда ғана
құрылғыны пайдалана алады. ● Балалар тазалау
жəне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын
тек біреудің бақылауында орындай алады. ● 
Балалардың құрылғымен ойнауына рұқсат етпеңіз.
Ток соғу қаупі
ҚАУІП ● Ешқашан қуат ашасы мен электр
розеткасын ылғалды қолмен ұстамаңыз.
● Ешқашан контактілер мен сымдарға қол
тигізбеңіз. ● Бұйымның зарядтау ұясына ешқашан
ток өткізгіш заттарды, мысалы, гайка бұрауыш
жəне т.с.с. бұйымдарды салмаңыз.
● Аккумуляторға қатты күн сəулесі, жылу немесе
өрттің əсерін тигізбеңіз. ● Ағынды пештің іші
сияқты электрлік құрамдас
бөлшектерді
қамтитын жабдыққа тікелей бағыттамаңыз.
ЕСКЕРТУ ● Бұйымды тек жеткізілім
жинағына кіретін түпнұсқа зарядтағыш
құрылғымен немесе KÄRCHER компаниясы рұқсат
еткен зарядтағыш құрылғымен зарядтаңыз.
● Зақым тиген зарядтағыш құрылғыны зарядтау
кабелімен бірге түпнұсқа қосалқы бөлшекпен дереу
алмастырыңыз. ● Зақымдалған
аккумуляторларды зарядтауға болмайды.
Зақымдалған аккумуляторларды KÄRCHER
компаниясы рұқсат еткен аккумуляторлармен
алмастырыңыз.
Аккумулятор кірістірілген
құрылғыларға қатысты емес. ● Зарядтағыш
құрылғыны тек рұқсат етілген аккумуляторларды
зарядтау үшін қолданыңыз.Нұсқау ● Бұйым
ішінде электрлік компоненттер бар, сондықтан
оны ағынды су астында тазалауға болмайды.
Құрылғыны ылғал беттерге қоймаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ ● Қысқа тұйықталу
қаупі. Аккумуляторларды металл заттармен бірге
сақтауға болмайды. ● Зарядтағыш құрылғыны тек
құрғақ жерде қолданып сақтаңыз. ● Бұл құрылғыда
алмастырылмайтын батареялар бар.
Ауыстырылатын аккумулятор жинағы бар құрылғыларға
қолданылмайды
Қолдану
ҚАУІП ● Жарылыс қаупі. Батареяларды
(қуат беру элементі) зарядтауға болмайды.
● Аккумуляторларды отқа немесе үй қоқысына
тастамаңыз. ● Ақаулы аккумулятордан аққан
сұйықтықпен жанасуға жол бермеңіз. Сұйықтық
тиген жағдайда бірден сумен шайып қойыңыз да,
көзге тиген жағдайда дəрігерге де қаралыңыз.
ЕСКЕРТУ ● Жарақат алу қаупі. Ағынды
көзге бағыттауға болмайды.
АБАЙЛАҢЫЗ ● Алдында құлап түскен,
зақым белгілері бар немесе ағатын жерлері бар
бұйымды қолдануға болмайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ ● Терезе
тазалағышты нəзік (жылтыр) беттерге
қолданбас бұрын, көрінбейтін жерде сүртіңіз.
● Бұйымды тек құрғақ бөлмелерде сақтаңыз.
Тек WV үшін қолданылады
НАЗАР АУДАРЫҢЫ ● Желдету
саңылауына ешқандай бөгде заттарды салуға
болмайды. ●  Лас суға арналған ыдыстағы МАХ
белгісіне жеткен кезде, құрылғыны өшіріп, ыдысты
босатыңыз. ● Бұйымды тек тік қойылған күйде
сақтау керек.
Бұйымды мақсатына сəйкес
қолдану
Бұйымды үй шаруашылығында ғана қолданыңыз.
Аккумуляторлық бұйым терезе, айна немесе
керамикалық плитка сияқты ылғалды, тегіс беттерді
тазалауға арналған. Қауіпсіздік техникасы бойынша
нұсқауларды орындаңыз.
●Құрылғыны ешқашан шаңды тазалау үшін
қолданбаңыз (тек WV үшін үшін қолданылады).
●Ең көбі 25 мл сұйықтықты сорыңыз. Құрылғы
көлденең беттерден үлкен көлемде
сұйықтықтарды соруға жарамайды, мысалы,
құлаған шыны (тек WV үшін
қолданылады).
Loading ...
Loading ...
Loading ...