Karcher 2.445-064.0 Starter Kit Battery Power 36/25

Bedienungsanleitung - Page 75

For 2.445-064.0.

PDF File Manual, 84 pages, Read Online | Download pdf file

2.445-064.0 photo
Loading ...
Loading ...
Loading ...
Қазақша 75
ЕСКЕРТУ ● Кернеудің зарядтау
құрылғысының техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген кернеуіне
сəйкестігін тексеріңіз. ● Желі кабелін жылудан,
өткір жиектерден, майдан жəне құрылғының
жылжымалы бөліктерінен қорғаңыз. ● Зарядтау
құрылғысын ашпаңыз. Жөндеу жұмыстары тек
білікті қызметкерлермен орындалады. ● Зарядтау
құрылғысын тазаламас бұрын немесе кез келген
техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырудан
бұрын ашаны розеткадан суырыңыз.
● Дене, сезім
немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе
тəжірибесі мен біліктілігі жетіспейтін тұлғалар
тиісінше бақыланған жағдайда немесе олардың
қауіпсіздігіне жауапты тұлғадан құрылғыны
қауіпсіз пайдалану жөнінде нұсқау алған жəне
нəтижесінде пайда болуы мүмкін қауіптерді
түсінген жағдайда ғана құрылғыны пайдалана
алады. ● Балалардың құрылғымен ойнауына
рұқсат етпеңіз. ● Балалардың құрылғымен
ойнамағанына көз
жеткізу үшін оларды қадағалап
тұрыңыз. ● Кем дегенде 8 жасқа толған балалар
олардың қауіпсіздігіне жауапты тұлғадан
құрылғыны қауіпсіз пайдалану жөнінде нұсқау алған
немесе тиісінше бақыланған жағдайда жəне
нəтижесінде пайда болуы мүмкін қауіптерді
түсінген жағдайда құрылғыны пайдалана алады.
● Балалар тазалау жəне техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын тек біреудің бақылауында
орындай алады.
АБАЙЛАҢЫЗ ● Құрылғыны бірнеше
розеткасы бар ұзартқыш кабельдерде басқа
құрылғылармен қолдануға тыйым салынады.
● Ашаны розеткадан суырып шығарған кезде желі
кабелінен ұстамаңыз. ● Зарядтау құрылғысын
дымқыл немесе кір күйінде қолданбаңыз.
● Аккумулятор жинағын дымқыл немесе кір күйінде
зарядтау құрылғысының аккумулятор ұясына
салмаңыз. ● Зарядтау құрылғысын шаңды ортада
қолданбаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ ● Қысқа тұйықталу
қаупі. Аккумулятор ұясының контактілерін
металл бөлшектерден қорғаңыз. ● Зарядтау
құрылғысын жұмыс кезінде пайдаланбаңыз.
● Зарядтау құрылғысын желі кабелінен тартып
жүрмеңіз. ● Зарядтау құрылғысын тек ауа
ылғалдылығы төмен болатын құрғақ бөлмелерде
қолданыңыз.
Мақсатына сəйкес қолдану
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарылыс қаупі!
Аккумулятор жинағының жарылуы салдарынан
жарақат алу жəне зақымдану.
Ақаулы немесе толық жұмыс істемейтін
аккумулятор жинақтарын зарядтамаңыз.
Өндіруші рұқсат бермеген өзгерістер мен
модификациялауға тыйым салынады.
Мақсаты бойынша пайдаланбауға рұқсат
берілмейді. Пайдаланушы дұрыс пайдаланбау
салдарынан болатын қауіп-қатерлерге жауапты.
Тек KÄRCHER батарея қуаты / батарея қуаты+
жүйелерінің аккумулятор жинақтарын зарядтаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Зарядтау құрылғысын тек бір кернеу түріндегі
(18 В / 36 В) аккумулятор жинақтарымен бірге
пайдалануға болады! Басқа кернеу түріндегі
аккумулятор жинағын зарядтамаңыз.
Қолданар алдында аккумулятор жинағы мен
құрылғының кернеу түрі (18 В / 36 В) сəйкес
келетіндігін тексеріңіз.
Кернеу туралы ақпаратты құрылғыдан, аккумулятор
жинағынан жəне оның тақтайшасынан табуға
болады.
Қоршаған ортаны қорғау
Орауыш материалдарын утилизациялауға
болады. Орауыштарды қоршаған ортаға
қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.
Электрлік жəне электрондық бұйымдардың
құрамында қате қолдану немесе
утилизациялау нəтижесінде адам
денсаулығына жəне қоршаған ортаға қауіп
төндіруі ықтимал, құнды қайта өңделмелі
материалдар жəне батареялар, аккумуляторлар
немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі.
Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше
пайдалану үшін қажет болады. Осы
таңбамен
белгіленген бұйымдарды үй қоқыстарымен бірге
тастауға болмайды.
Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы
мəліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.kaercher.com/REACH
Керек-жарақ жəне қосалқы
бөлшектер
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы
бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың
қауіпсіз жəне апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік
болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Кепілдік
Əр елде жергілікті дистрибьюторлар берген кепілдік
шарттары қолданылады. Бұйымда материалдық
немесе өндірістік ақаулар анықталған жағдайда,
ықтимал ақауларды кепілдік мерзімі ішінде ақысыз
жөндейміз. Кепілдік мерзіміне наразылықтарыңыз
болса, бұйымды сатқан сауда мекемесіне немесе
жақындағы өкілетті қызмет көрсету орнына
түбіртекті көрсетіп хабарласыңыз.
(Мекенжайы артқы жағында берілген)
Loading ...
Loading ...
Loading ...