Karcher 1.328-114.0 KHB 6 Battery Limited Edition

Bedienungsanleitung - Page 105

For 1.328-114.0.

PDF File Manual, 112 pages, Read Online | Download pdf file

1.328-114.0 photo
Loading ...
Loading ...
Loading ...
Қазақша 105
Мазмұны
Қауіпсіздік нұсқаулары
Құрылғыны алғашқы рет пайдалану
алдында, осы түпнұсқалық пайдалану
нұсқаулығын жəне аккумулятордың/
зарядтау құрылғысының қоса берілген түпнұсқалық
пайдалану нұсқаулығын оқып шығыңыз. Оған сəйкес
əрекет етіңіз. Буклеттерді кейінірек пайдалану үшін
немесе кейінгі иелері үшін ұстаңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулықтағы нұсқауларға
қосымша құрылғы пайдаланылатын елдің
қауіпсіздік техникасы мен қайғылы
жағдайлардың алдын алудың жалпы
нұсқауларын сақтау керек.
●Құрылғыдағы нұсқаулары мен ескертулері бар
тақтайша қауіпсіз пайдалануға арналған
маңызды нұсқауларды береді.
Қауіп деңгейлері
ҚАУІП
● Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып
соғатын тікелей қауіп бойынша нұсқау.
ЕСКЕРТУ
● Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып
соғуы мүмкін қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
АБАЙЛАҢЫЗ
● Жеңіл жарақаттануға апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
● Материалдық зиянға апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
Техникалық қауіпсіздік бойынша жалпы
нұсқаулар
ҚАУІП ● Тұншығу қаупі! Қаптама пленканы
балалардан алыс ұстау қажет.
ЕСКЕРТУ ● Құрылғыны тек нұсқауға
сəйкес қолданыңыз. Жергілікті жағдайларды
ескеріңіз жəне құрылғымен жұмыс істеген кезде,
бөгде тұлғаларды, əсіресе балаларды
қадағалаңыз. ● Физикалық, сезгіштік немесе ақыл-
ой қабілеті нашарлаған не тəжірибесі мен
біліктілігі жетіспейтін тұлғаларға құрылғыны
қауіпсіз пайдалану туралы олардың қауіпсіздігіне
жауапты тұлға нұсқаулық берген жəне олар
нəтижесінде пайда болуы ықтимал қауіптерді
түсінген
, құрылғы тиісті түрде бақыланған
жағдайда ғана пайдалана алады. ● Балаларға
құрылғыны пайдалануға тыйым салынады.
● Балаларды бұйыммен ойнамайтындай етіп
қадағалап тұрыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ ● Қорғаныс құрылғысы
сіздің қауіпсіздігіңізге арналған. Қорғаныс
құрылғысын ешқашан өзгертпеңіз немесе
ажыратпаңыз.
Пайдалану
ҚАУІП ● Жарылыс қаупі бар аймақтарда
пайдалануға тыйым салынады. ● Құрылғыны
қауіпті аймақтарда (мыс., АЖҚС) қолданған кезде
сəйкес қауіпсіздік ережелерін ұстаныңыз.
ЕСКЕРТУ ● Су ағынын адамдарға,
жануарларға, белсенді электр жабдықтарына
немесе бекітілмеген заттарға бағыттамаңыз.
● Жоғарғы қысым ағынымен денсаулыққа қауіпті
заттарды (мыс., асбест) қамтитын затты
тазаламаңыз. ● Бұйым ішінде электрлік құрамдас
бөлшектер бар, сондықтан оны ағынды су
астында тазалауға болмайды.
АБАЙЛАҢЫЗ ● Алдында құлап түскен,
зақым белгілері бар немесе ағатын жерлері бар
бұйымды қолдануға болмайды. ● Қолданыстағы
жарлықтарға сəйкес ауыз су желісінде құрылғыны
ешқашан қорғаныс жүйесінсіз қолданбаңыз.
Жоғарғы қысымды жуғыш жалғанған су құбырына
қосылымның EN 12729, BA типіне сəйкес
ажыратқыш жүйесімен жабдықталғанына көз
жеткізіңіз. ● Жүйелік ажырату автоматы арқылы
өтетін су ауыз су болып табылмайды
.
● Құрылғыны жұмыс істеп тұрғанда қараусыз
қалдырмаңыз. ● Құрылғыны тек сипаттамаға
жəне суретке сай пайдаланыңыз немесе сақтаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ ● Құрғақ жұмыс
салдарынан құрылғының зақымдануы. Құрылғыны
су берілген кезде ғана қосыңыз. ● Құрылғыны 0 °C-
тан төмен температурада қолданбаңыз.
Мақсатына сəйкес қолдану
Сымсыз жоғарғы қысымды жуғышты тек үйде
пайдаланыңыз.
Жоғарғы қысымды жуғыш машиналарды,
тасымалдау құралдарын, құрылымдарды,
құралдарды, қасбеттерді, террасаларды, бау-бақша
жабдықтарын жəне т.б. су ағынының көмегімен
тазалауға арналған.
Қауіпсіздік нұсқаулары....................................... 105
Мақсатына сəйкес қолдану ............................... 105
Қоршаған ортаны қорғау ................................... 106
Керек-жарақ жəне қосалқы бөлшектер ............ 106
Жеткізілім жинағы .............................................. 106
Қорғаныс құрал-жабдықтары ............................ 106
Құрылғыдағы
белгілер....................................... 106
Құрылғының сипаттамасы................................. 106
Пайдалануға енгізу............................................ 106
Пайдалану.......................................................... 107
Тасымалдау........................................................ 107
Сақтау................................................................. 107
Күтім жəне техникалық қызмет көрсету ........... 107
Ақаулар кезіндегі көмек..................................... 108
Техникалық мағлұматтар .................................. 108
Кепілдік............................................................... 108
ЕО стандарттарына сəйкестігі туралы
декларация......................................................... 109
Loading ...
Loading ...
Loading ...