Karcher 1.673-000.0 K 2 Universal Edition

Bedienungsanleitung - Page 87

For 1.673-000.0.

PDF File Manual, 92 pages, Read Online | Download pdf file

1.673-000.0 photo
Loading ...
Loading ...
Loading ...
– 5
АБАЙЛАҢЫЗ
2 минуттан артық құрғақ күйдегі жұмыс жоғары
қысымды сорғыштың зақымдалуына апарып
соғады. Бұйымды 2 минут ішінде қысымсыз
қалпына келтіріңіз, бұйымды өшіріңіз және
"Ақаулықтар бойынша анықтама" бөліміндегі
нұсқауларды орындаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Лакталған беттерді тазалау кезінде зақымдарға
жол бермеу үшін ағыннан кемінде 30 см
қашықтықта тұрыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Шина, лак не ағаш сияқты сезімтал беттерді
шашырату құбырымен тазаламаңыз, себебі
зақымдалу қаупі бар.
Бұйымды тегіс бетке қойыңыз.
Сурет
Тазалау
Сурет
Жоғары қысымды бүріккіштің иінтірегін босатып
құлыптаңыз.
Ұзақ жұмыс кідірістері (5 минуттан артық) үшін
бұйымды "0/OFF" күйіне ауыстырыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жүйеде қысым жоқ болғанда жоғары қысымды
шлангіні тек жоғары қысымды бүріккіштен немесе
бұйымнан ажыратыңыз.
Жоғары қысымды бүріккіштің иінтірегін
босатыңыз.
Бұйымды "0/OFF" күйіне орнатыңыз.
Электр ашасын электр розеткасынан шығарып
алыңыз.
Құбыр кранын жабыңыз.
Жүйедегі бар қысымды төмендету үшін
жоғары қысымды бүріккіштің иінтірегін
басыңыз.
Жоғары қысымды бүріккіштің иінтірегін
құлыптаңыз.
Бұйымды су беру жүйесінен ажыратыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу және зақымдалу қаупі бар!
Тасымалдау және сақтау кезінде бұйымның
салмағына назар
аударыңыз.
Құралды тұтқасынан көтеріп тасымалдаңыз.
Құрылғыны сырғанап кетуден және соғылудан
қорғаңыз.
Бұйымды тегіс бетке қойыңыз.
Сурет
Қуат сымы мен қалған керек-жарақтарды
бұйымда сақтаңыз.
Ұзақ уақытқа, мысалы, қыста сақтау үшін "Күту"
бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Толығымен босатылмаған бұйым мен керек-
жарақтар аяздан бұзылуы мүмкін. Бұйым мен
керек-жарақтарды толығымен босатыңыз және
аяздан қорғаңыз.
Зақымдалуға жол бермеу үшін:
Бұйымды толығымен судан босатыңыз:
Қосылған жоғары қысымды шлангісі мен
қосылған су беру жүйесі жоқ бұйымды қосыңыз
(макс. 1 минут) және жоғары қысымды ұяшықты
су қалмағанша жылытыңыз. Бұйымды өшіріңіз.
Бұйымды барлық керек-жарақтарымен аяз
өткізбейтін жерге сақтауға қойыңыз.
Құрылғы қызмет көрсетуді қажет етпейді.
ҚАУІП
Электрлік токтың соғу қаупі.
Құрылғыда өткізілетін барлық жұмыстарды
орындамас бұрын, құрылғыны өшіріңіз және
қуат айырын ажыратыңыз
.
Су жеткізу жеріндегі електі жүйелі түрде тазалаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Електі зақымдауға болмайды.
Су жеткізу жерінен муфтаны шығарыңыз.
Сурет
Торды шығарып алыңыз (мысалы,
кемпірауызбен), ағынды су астында тазалаңыз
және содан кейін қайта орнатыңыз.
ҚАУІП
Электрлік токтың соғу қаупі.
Құрылғыда өткізілетін барлық жұмыстарды
орындамас бұрын, құрылғыны өшіріңіз және
қуат айырын ажыратыңыз.
Жоғары қысымды бүріккіштің иінтірегін итеріңіз
де, бұйым қосылады.
Бұйымның түр тақтасында көрсетілген кернеу
ток көзінің кернеуіне сәйкес екендігін тексеріңіз.
Қуат сымындағы зақымдардың бар-жоғын
тексеріңіз.
Құбыр кранын толығымен ашыңыз.
Бұйымды желдету: Қосылған жоғары қысымды
шлангісі жоқ бұйымды қосыңыз және су
көпіршіксіз жоғары қысымды ұяшыққа
шығарылғанша күтіңіз (макс. 2 минут). Бүйымды
өшіріңіз және жоғары қысымды шлангіні қайта
жалғаңыз.
Су жеткізу жеріндегі електі кемпірауызбен
шешіңіз және ағынды су астында тазалаңыз.
Жоғары қысымды шүмекті тазалау: Шүмек
каналынан кірленуді инемен кетіріңіз және
қайтадан сумен шайыңыз.
Су құю мөлшерін қайта тексеріңіз.
Қолдану
Жоғары қысыммен қолдану
Қолдануды уақытша тоқтату
Жұмысты аяқтау
Тасымалдау және сақтау
Қолмен тасымалдау
Ұшақтарда тасымалдау
Бұйымды сақтау
Аяздан қорғаныс
Техникалық қызмет көрсету және
күтім
Күту
Су жеткізу жеріндегі електі тазалау
Кедергілер болғанда көмек алу
Бұйым жұмыс істемегенде
Бұйым қысымға жауап бермегенде
Қатты қысым іркілістері
87KK
Loading ...
Loading ...
Loading ...