User Manual - Page 330

For EP-P2400TBEGUS.

Loading ...
Loading ...
Loading ...
Сымсыз зарядтағышты пайдалану
8
8
Қазақ тілі
3 Мобильді құрылғы, Galaxy Buds құлаққабы немесе Galaxy Watch сағаты толығымен
зарядталған кезде, оларды сымсыз зарядтағыштан алып тастаңыз.
Мобильді құрылғыны, Galaxy Buds құлаққабын немесе Galaxy Watch сағатын
зарядтау бойынша сақтық шаралары
Мобильді құрылғының артқы жағы мен мобильді құрылғының қақпағының арасына
кредиттік карта немесе радио-жиілікті идентификация (RFID) картасын (транспорттық
карта немесе кілт карта сияқты) қойып, мобильді құрылғыны сымсыз зарядтағышқа
қоймаңыз.
Мобильді құрылғы, Galaxy Buds құлаққабы немесе Galaxy Watch сағаты мен сымсыз
зарядтағыш арасында металл заттар мен магниттер сияқты өткізгіш материалдар
болған кезде мобильді құрылғыны, Galaxy Buds құлаққабын немесе Galaxy Watch
сағатын сымсыз зарядтағышқа қоймаңыз.
Мобильді құрылғы, Galaxy Buds құлаққабы немесе Galaxy Watch сағаты дұрыс заряд
алмауы немесе қатты қызып кетуі не мобильді құрылғы, Galaxy Buds құлаққабы, Galaxy
Watch сағаты немесе карталар зақымдалуы мүмкін.
Сіздің сатып алған сымсыз зарядтағышыңызға байланысты бөлек зарядтағышты
сатып алуыңыз керек болуы мүмкін.
Мобильді құрылғының не Galaxy Buds құлаққабының ортасын зарядтау
катушкасының ортасына, ал Galaxy Watch немесе Buds құрылғысын сағатты не
құлаққапты зарядтау катушкасына қойыңыз. Оларды дұрыс орналастырмаған
жағдайда, зарядтау жылдамдығы төмендеуі немесе олар тиісті түрде зарядталмауы
мүмкін.
Мобильді құрылғыға немесе Galaxy Buds құлаққабына қалың қап кигізсеңіз, сымсыз
зарядтау функциясы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Егер сіздегі қап қалың болса, оны
сымсыз зарядтағышқа мобильді құрылғыңызды қоймас бұрын алыңыз.
Бір уақытта бірнеше құрылғыны зарядтау - зарядтау жылдамдығының төмендеуіне
әкелуі мүмкін.
Сымсыз зарядтау кезінде мобильді құрылғыға немесе Galaxy Buds құлаққабына
зарядтағышты қоссаңыз, сымсыз зарядтау функциясы қолжетімді болмайды.
Galaxy Watch сағатын зарядтаған кезде, оны бағдарламалық жасақтаманың ең
соңғы нұсқасына жаңартыңыз. Бағдарламалық жасақтаманың ең соңғы нұсқасы
орнатылмаған болса, зарядтау жылдамдығы баяу болуы мүмкін.
Егер желі сигналы әлсіз жерлерде сымсыз зарядтағышты қолдансаңыз, желі
қабылдауын жоғалтып алуыңыз мүмкін.
Loading ...
Loading ...
Loading ...