Loading ...
Loading ...
Loading ...
54

Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына
қош келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен
пайдалану үшін өніміңізді www.philips.com/welcome веб-бетінде
тіркеңіз.

Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып
шығып, болашақта анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.

Бұл құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балалар және
физикалық, сезу немесе ойлау қабілеттері шектеулі, не болмаса
тәжірибесі және білімі жоқ адамдар басқа адамның қадағалауымен
немесе құрылғыны қауіпсіз пайдалануға қатысты нұсқаулар алған
және байланысты қауіптерді түсінген жағдайда пайдалана алады.
Балалар құрылғымен ойнамауы керек. Балалар тазалауды және
күтуді қадағалаусыз орындамауы керек .

Қолданбас бұрын, құралды әрдайым тексеріңіз. Құралдың қандай
да бір бөлшектері зақымдалса немесе сынса, оны қолданбаңыз,
себебі бұл жарақаттануға әкеп соғуы мүмкін.
Бұл құрылғыны тек пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген
арнайы мақсатта қолданыңыз.
Қолданылатын ортада температура, қысым немесе ылғалдылық
қатты өзгерсе, құралды пайдаланбас бұрын оның қоршаған орта
жағдайларына бейімделуіне 30 минут беріңіз.
Тазалық мақсатында бұл құралды тек бір адам ғана қолдануы тиіс.
Қосымшаларды тазалағанда сақ болыңыз. Қолды күйдіріп алмас
үшін, судың ыстық емес екенін тексеріп тұрыңыз.
Құралды тазалау үшін қысылған ауаны, қыратын шүберектерді,
қырғыш тазалау құралдарын, сондай-ақ бензин немесе ацетон
сияқты сұйықтықтарды пайдалануға болмайды.
Құрылғыны тек бір зарядталатын 1,5 В R6 AA батареясымен
пайдаланыңыз.
Құралды тек 15° C және 35° C аралығындағы температурада
зарядтауға, қолдануға және сақтауға болады.
Құралды күн сәулесі тікелей түсетін жерге қоймаңыз.
Құралды біраз уақыт бойы қолданбайтын болсаңыз, батареяларды
алып тастаңыз.
Ең жоғарғы шуыл деңгейі: Lc= 75 дБ (A).

Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты
барлық қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-

Құрал халықаралық түрде бекітілген IEC қауіпсіздік ережелеріне
сәйкес келеді және оны ағын сумен жуа беруге болады.

1 Дәл тегістеу басы
2 Сап
3 ’Қосу’ көрсеткіші
4 ’Өшіру’ көрсеткіші
5 Ашу’ көрсеткіші
6 Параметр көрсеткіші
7 Батарея орнының қақпағы
8 Ұзын дәл тегістеу тарағы (L)
9 Орташа дәл тегістеу тарағы (M)
10 Қысқа дәл тегістеу тарағы (S)
11 Дәл қыру механизмі
12 Щетка
13 Зарядталмайтын батарея


1 Батареябөлімініңқақпағыналуүшінпараметриндикаторы(%)
«ашық»күйдікөрсеткеншеоңғақарайбұраңыз.
2 Батареябөлімініңқақпағынтұтқадантартыпалыңыз.
-
 55
Loading ...
Loading ...
Loading ...