User Manual - Page 136

For S9721/87.

Loading ...
Loading ...
Loading ...
Қауіпті жағдайлар
- Адаптерді құрғақ күйде ұстаңыз.
Абайлаңыз!
- Адаптерде трансформатор бар. Адаптерді ауыстыруға немесе оған
басқа штепсельдерді қосуға болмайды: бұл өте қауіпті.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны
пайдалану нұсқауларынсыз қозғалу мүмкіндігі мен ойлау қабілеті
шектеулі, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдардың (балаларды
қоса) бұл ұстараны және SmartClean жүйесін қолдануына болмайды.
- Ұстарамен және SmartClean жүйесімен ойнамас үшін, балаларды
қадағалаусыз қалдыруға болмайды.
- Ағын сумен шаймас бұрын, ұстараны әрдайым розеткадан
ажыратыңыз.
Ескерту
- SmartClean жүйесін суға батыруға немесе ағын су астында шаюға
болмайды.
- Ұстараны 80°C-тан жоғары ыстық сумен шаюға болмайды.
- Зақымдалған ұстараны, SmartClean жүйесін, адаптерді немесе басқа
бөлікті пайдаланбаңыз, себебі бұл жарақаттауы мүмкін. Әрқашан
зақымдалған адаптерді немесе бөлікті түпнұсқа түрінің бірімен
ауыстырыңыз.
- SmartClean жүйесін тек түпнұсқа тазалау картриджімен
пайдаланыңыз.
- Су ағып кетпеу үшін, SmartClean жүйесін әрдайым тұрақты, тегіс
және көлбеу жерге қойыңыз.
- SmartClean жүйесін ұстаны тазалау немесе зарядтау үшін қолданар
алдында міндетті түрде картридж бөлімін жабыңыз.
- SmartClean жүйесі қолдануға дайын болғанда, тазалағыш сұйықтығы
ағып кетпеу үшін, оны қозғалтуға болмайды.
- SmartClean жүйесі ұстараңызды жақсылап тазалайды, алайда ол оны
инфекциядан тазаламайды, сондықтан ұстараны басқа адамдармен
бірге қолданбаңыз.
- Құралды тазалау үшін қысылған ауаны, қыратын шүберектерді,
қырғыш тазалау құралдарын, сондай-ақ бензин немесе ацетон
сияқты сұйықтықтарды пайдалануға болмайды.
- Сумен шайған кезде электр ұстараның төменгі жағындағы тесіктен
су ағуы мүмкін. Бұл — қалыпты жағдай және қауіпті емес, себебі
бүкіл электрондық бөлшектер электр ұстараның ішіндегі су
өткізбейтін қуат бөлігінде орналасқан.
136 ҚАЗАҚША
Loading ...
Loading ...
Loading ...