Loading ...
Loading ...
Loading ...
68
KK
ҚҰРАЛДЫ ТАЗАЛАУ
Құралды алғаш қолданар алдында оны төменде көрсетілгендей етіп жуыңыз:
- Құралды ашыңыз (1 сурет) және тостағанды MAX деңгейіне дейін құбырдан ағып
тұрған 1,2 л ыстық сумен толтырыңыз (3 сурет).
- Құралды қайта жабыңыз (5 сурет) және оны жалғаңыз (6 сурет).
- Автоматты тазалау бағдарламасын (P4) таңдаңыз және start/stop батырмасын басу
арқылы оны іске қосыңыз (10 сурет).
- Автоматты тазалау бағдарламасының жұмысы аяқталғаны жайлы хабар беретін
дыбыстық белгі естілгеннен кейін құралды ашып (1 сурет), суды төгіңіз және сорпа
пісіргіш тостағанының ішкі бөлігін жақсылап жуыңыз (11 сурет).
Құралды суға батыруға болмайды. Қозғалтқыш блогін (B) және сорпа пісіргіштің
тостағанын (І) ағып тұрған су астында ұстамаңыз.
Қажет болған жағдайда, құрал салқындағаннан кейін пышақтың жүздерін құбырдан
ағып тұрған су астында жуып алыңыз (12 сурет) және ылғал губканың көмегімен
тостағанның ішкі бетін және қозғалтқыш блогін тазалауды аяқтаңыз.
Егер тостағанның ішкі бетінде қандай да бір дақтар қалып қойса, оған ыдыс жууға
арналған сұйық жуу құралы қосылған суды құйыңыз және осылайша бірнше сағатқа
қалдырыңыз, содан кейін қалған қалдықтарды қатты губканың көмегімен кетіріңіз.
Сосын тостағанды жақсылап шайыңыз.
Қозғалтқыш блогін (В) алған кезде және жүздерді тазалау барысында аса сақ
болыңыз, өйткені олар өте үшкір.
Қозғалтқыш блогінің сыртқы бетін (B) және тостағанның қабырғаларын (I) тазалау үшін
ылғал шүберекті қолданыңыз. Тазалап болғаннан кейін құралды жақсылап кептіріңіз.
Еeasy cleaning автоматты тазалау бағдарламасын қолдану барысында сорпа пісіргіштің
тостағанына ыдыс жууға арналған сұйық жуу құралын қоспаңыз (тазалау айналымының
барысында тостағаннан судың төгілу қауіп-қатері бар).
Осы құрал ыдыс жуатын машинада жуу үшін арналмаған.
КЕҢЕС: кейбір тамақтар құрылғы ыдысында дақ қалдыруы мүмкін. Бұл құрылғыға
немесе денсаулыққа ешбір қауіп төндірмейді. Дақтарды кетіру үшін құрылғы
ыдысына ыдыс жуу машинасында пайдалануға арналған тазалау затының (мысалы,
1 таблеткасын, сұйықтық, ұнтақ) біраз мөлшерімен араластырылған біраз су қосыңыз.
Жібіту үшін түнге қалдырыңыз. Содан кейін ысқышпен ақырын қырыңыз, сонда дақтар
жоғалады.
Loading ...
Loading ...
Loading ...