Loading ...
Removing the rechargeable battery
Only remove the rechargeable battery when you
discard the appliance. Make sure the battery is
completely empty when you remove it.
1 Check if there are any screws in the back or
front of the appliance. If so, remove them.
2 Remove the back and/or front panel of the
appliance with a screwdriver. If necessary,
also remove additional screws and/or parts
until you see the printed circuit board with
the rechargeable battery.
3 Remove the rechargeable battery.
Guarantee and support
If you need information or support, please visit
www.philips.com/support or read the separate
worldwide guarantee leaet.
Guarantee restrictions
Cutting units are not covered by the terms of the
international guarantee because they are subject
to wear.
ҚАЗАҚША
Маңызды қауіпсіздік
ақпараты
Құрылғыны және оның қосалқы
құралдарын пайдаланудың алдында
осы маңызды ақпаратты мұқият
оқып, оны болашақта пайдалану
үшін сақтаңыз. Бірге берілетін
қосалқы құралдар әр түрлі өнімдер
үшін өзгеше болуы мүмкін.
Қауіпті жағдайлар
- Адаптерді құрғақ күйде
ұстаңыз (Cурет 1).
Абайлаңыз!
- Адаптерде трансформатор бар.
Адаптерді ауыстыруға немесе
оған басқа штепсельдерді қосуға
болмайды: бұл өте қауіпті.
- Бұл құрылғыны 8 және одан
жоғары жастағы балалар және
дене, сезу немесе ақыл-ой
қабілеттері төмен, не болмаса
тәжірибесі және білімі жоқ
адамдар қадағалаумен немесе
құрылғыны қауіпсіз пайдалануға
қатысты нұсқаулар алған және
байланысты қауіптерді түсінген
жағдайда пайдалана алады. Балалар
құрылғымен ойнамауы керек.
Балалар тазалауды және күтуді
қадағалаусыз орындамауы керек.
- Ағын сумен шаймас бұрын,
құрылғыны әрдайым розеткадан
ажыратыңыз.
- Құрылғыны әрдайым қолданар
алдында тексеріңіз. Құрылғы
зақымданған болса, оны
қолданбаңыз, себебі бұл
жарақатқа себепші болуы мүмкін.
Әрдайым зақымданған бөлшекті
түпнұсқа түрімен ауыстырыңыз.
Абайлаңыз
- Зарядтағыш тіректі суға батыруға
және ағын судың астында шаюға
болмайды (Cурет 1).
- Құрылғыны ешқашан суға
батырмаңыз. Құрылғыны ваннада
немесе душта пайдаланбаңыз.
- Құрылғыны 80°C-тан ыстық
сумен шаюға болмайды.
- Бұл құрылғыны тек пайдаланушы
нұсқаулығында көрсетілген
арнайы мақсатта қолданыңыз.
- Тазалық мақсатында бұл
құралды тек бір адам ғана
қолдануы тиіс.
- Адаптер біржолата істен
шықпау үшін, адаптерді электр
ауатазартқыш қосулы тұрған
немесе қосылған розеткаларға
жақын қолданбаңыз.
- Құралды тазалау үшін қысылған
ауаны, қыратын шүберектерді,
қырғыш тазалау құралдарын,
сондай-ақ бензин немесе
ацетон сияқты сұйықтықтарды
пайдалануға болмайды.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
- Осы Philips құрылғысы электромагниттік
өрістерге қатысты барлық қолданыстағы
стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Жалпы ақпарат
- Бұл құрылғыны ағын суда қауіпсіз тазалауға
болады (Cурет 2).
- Құрылғы 100 - 240 вольтқа дейінгі тоқ
қуатымен жұмыс жасай береді.
- Адаптер 100-240 вольтты 24 вольттан
төмен қауіпсіз кернеуге түрлендіреді.
- Ең жоғары шу деңгейі: Lc= 75 дБ (A).
Өңдеу
- Бұл таңба осы өнімді қалыпты тұрмыстық
қалдықпен тастауға болмайтынын білдіреді
(2012/19/EU) (Cурет 3).
- Бұл таңба қалыпты тұрмыстық қалдықпен
(2006/66/EC) тастауға болмайтын
кірістірілген зарядталатын батареяны бар
екендігін білдіреді. Зарядталатын батареяны
кәсіби түрде алу үшін өнімді ресми жинау
орнына немесе Philips қызмет көрсету
орталығына апару ұсынылады (Cурет 4).
- Электрондық және электр өнімдері мен
зарядталатын батареяларды бөлек жинау
бойынша жергілікті ережелерді орындаңыз.
Дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам
денсаулығына кері әсерін тигізбеуге көмектеседі.
Қайта зарядталатын батареяны алу
Құрылғыны тастаудың алдында батареяны
шығарыңыз. Батареяны шығарып аларда ондағы
зарядтың толық таусылғанын тексеріңіз.
1 Құралдың алдыңғы немесе артқы жағында
бұрандалардың бар-жоғын тексеріңіз. Бар
болса, алып тастаңыз.
2 Бұрандасы бар құрылғының артқы және/
немесе алдыңғы панелін алып тастаңыз.
Қажет болса, қайта зарядталатын батарея
мен схемалық тақта ашылғанша қосымша
бұрандаларды және/немесе бөлшектерді
де алып тастаңыз.
3 Қайта зарядталатын батареяны алыңыз.
Кепілдік және қолдау
Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса,
www.philips.com/support сайтына кіріңіз
немесе бөлек дүниежүзілік кепілдік парақшасын
оқыңыз.
Кепілдік шектеулері
Халықаралық кепілдік шарттары бойынша,
тозатын зат болғандықтан, кесу бөлігіне кепілдік
берілмейді.
Сақал триммері
Өндіруші: “Филипс Консьюмер Лайфстайл Б.В.”,
Туссендиепен 4, 9206 АД, Драхтен, Нидерланды
Ресей және Кедендік Одақ территориясына
импорттаушы: “ФИЛИПС” ЖШҚ, Ресей
Федерациясы, 123022 Мәскеу қаласы, Сергей
Макеев көшесі, 13-үй, тел. +7 495 961-1111
BT5200 100-240V 50-60Hz Nimh, BT5205 100-240V
50-60Hz Li-Ion, BT5210 100-240V 50-60Hz Li-Ion
Тұрмыстық қажеттіліктерге арналған
Кепiлдiк бойынша қызмет көрсету жөніндегі
сұрақтарға жауап алу үшін тауарды сатып алған
жерге хабарласыңыз. Өнімнің жарамдылық
мерзімі сатып алған күннен бастап 2 жыл.
Барлық қосымша ақпаратты 8 75 11 65 01 23
телефонына қоңырау шалу арқылы Ақпарат
орталығынан алуға болады (стационарлық
телефон арқылы Қазақстан Республикасы аумағына
қоңырау шалу тегін). По вопросам гарантийного
обслуживания обратитесь по месту приобретения
товара. Срок службы изделия 1 год с даты
продажи. Всю дополнительную информацию
можно получить в Информационном центре по
телефону 8 75 11 65 0123 (бесплатный звонок на
территории РК со стационарных телефонов)
РУССКИЙ
Важные сведения о
безопасности
Перед началом эксплуатации при-
бора и аксессуаров внимательно оз-
накомьтесь с настоящим буклетом
и сохраните его для дальнейшего
использования в качестве справоч-
ного материала. Входящие в ком-
плект аксессуары могут различаться
в зависимости от вида продукта.
Опасно!
- Избегайте попадания жидкости
на адаптер (Рис. 1).
Loading ...
Loading ...