Loading ...
Loading ...
Loading ...
41

Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош
келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану
үшін, өнімді www.philips.com/welcome веб-торабында тіркеңіз.

1 Триммер тарағы
2 Қырқатын бөлік
3 Precision Zoom Lock ™ жүйесін реттеу сақинасы
4 Қосу/өшіру сырғытпасы
5 Құралдың штепсельдік ұшы жалғанатын ұя
6 Щетка
7 Құралдың штепсельдік ұшы
8 Зарядтау шамы бар адаптер

Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып
шығып, болашақта анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.

- Адаптердің суланбауын қадағалаңыз.

- Адаптерде трансформатор бар. Адаптерді кесіп тастап, оның
орнына басқа штепсельдік ұш жалғауға болмайды, бұл өте қауіпті
жағдай туғызады.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны
пайдалану нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі,
сезімталдығы төмен, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдар
(соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.

- Құралды суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға немесе ағын сумен
шаюға болмайды. Тек кесу бөлігін ғана ағын су астында шаюға
болады.
- Құралды 5°C және 35°C температура аралығында пайдаланыңыз,
зарядтаңыз және сақтаңыз.
- Тек осыған қосымша берілген адаптерді ғана қолданыңыз.
- Адаптер зақымданған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек
түпнұсқасымен ауыстыру керек.
- Бұл құрал тек адамның сақалын күзеуге арналған. Құралды басқа
мақсатта қолдануға болмайды.
- Егер қию бөлігі немесе реттегіш тарақ зақымдалған болса, құралды
қолданбаңыз, себебі ол жарақаттауы мүмкін.

Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық
стандарттарға сай. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс
қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану
үшін қауіпсіз болып табылады.

Loading ...
Loading ...
Loading ...