Loading ...
Loading ...
Loading ...
Өңдеу
- Бұл таңба осы өнімді қалыпты тұрмыстық
қалдықпен бірге тастауға болмайтынын
білдіреді (2012/19/EU) (сурет 3).
- Бұл белгі осы өнімде күнделікті үй
қоқыстарымен (сурет 4) бірге тастауға
болмайтын кірістірілген қайта зарядталатын
батарея бар екенін білдіреді (2006/66/EC).
Зарядталатын батареяны кәсіби түрде алу үшін,
өнімді ресми жинау орнына немесе Philips
қызмет көрсету орталығына апарыңыз.
- Электрондық және электр өнімдері мен қайта
зарядталатын батареяларды бөлек жинау
бойынша жергілікті ережелерді орындаңыз.
Дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам
денсаулығына кері әсерін тигізбеуге
көмектеседі.
Қайта зарядталатын батареяларды
алу
Өнімді тастау кезінде қайта зарядталатын
батареяны ғана алып тастаңыз. Батареяны алу
алдында өнім қабырға розеткасынан
ажыратылғанын және батарея заряды
толығымен таусылғанын тексеріңіз.
Өнімді ашу үшін құралдарды қолдану кезінде
және қайта зарядталатын батареяны қоқысқа
тастау кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын
орындаңыз.
1 Құралдың алдыңғы немесе артқы жағында
бұрандалардың бар-жоғын тексеріңіз. Бар
болса, алып тастаңыз.
2 Құралдың артқы және/немесе алдыңғы панелін
жалпақ басты бұрауышпен алып тастаңыз.
Қажет болғанда қайта зарядталатын
батареямен басып шығарылған тізбек тақтасы
көрінгенше қосымша бұрандаларды
және/немесе бөлшектерді алып тастаңыз.
3 Қайта зарядталатын батареяны алыңыз.
Кепілдік және қолдау көрсету
Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса,
www.philips.com/support сайтына кіріңіз немесе
халықаралық кепілдік парақшасын оқыңыз.
Кепілдік шектеулері
Халықаралық кепілдік шарттары бойынша, тозатын
зат болғандықтан, кесу бөлігіне кепілдік берілмейді.
Әмбебап триммер
Өндіруші: “Филипс Консьюмер Лайфстайл Б.В.",
Туссендиепен 4, 9206 АД, Драхтен, Нидерланды
Ресей және Кедендік Одақ территориясына
импорттаушы: "ФИЛИПС" ЖШҚ, Ресей
Федерациясы, 123022 Мәскеу қаласы, Сергей
Макеев көшесі, 13-үй, тел. +7 495 961-1111
A00390: КIРУ 100-240 В ; 50/60 Гц; 2 Вт ШЫҒУ:
4.3 B , 70 мА
II- класс
MG5740/15, MG5730/15, MG5720/15: Кіріктірілген
батарея NiMh
Тұрмыстық қажеттіліктерге арналған
Индонезияда жасалған
Сақтау шарттары, пайдалану
Температура 5°C - 35°C
Салыстырмалы ылғалдылық 20% -
95%
Атмосфералық қысым 85 - 109
kPa
Пластик емес бума материалдарында
қағаз немесе картон бар.
Пластик бума материалдарында LDPE
бар, басқаша көрсетілмеген жағдайда.