Candy CCRN 6200W Refrigerator

User Manual - Page 10

For CCRN 6200W. Also, The document are for others Candy models: CCRN6200W, CCRN6180W, CCRN6180S

PDF File Manual, 28 pages, Read Online | Download pdf file

CCRN 6200W photo
Loading ...
Loading ...
Loading ...
KZ
10



Тоңазытқышты орнатудың ең жақсы жерін таңдаңыз: тікелей күн сәулесі түспейтін, тегіс еден болатын жер.Тоңазытқыштың есік-
терін оңай әрі ыңғайлы етіп ашуға болатын жерді таңдаңыз.
Тоңазытқыш тегіс және қатты жерге орнатылуы тиіс. Егер тоңазытқыш еңіс қалыпта тұрса, ішкі суыту жүйелерінің жұмысында ақау
болуы мүмкін. Егер тоңазытқыш тегіс емес жерге орнатылса, астына қоятын зат ретінде тегіс берік және отқа төзімді материалдарды
пайдалану керек. Егер тоңазытқыш аздап шайалып тұратын бола, сіз тоңазытқыштың аяқтарын сағат тілімен немесе сағат тіліне қарсы
бұру арқылы бапталатын аяқтарын ұзарта немесе қысқарта аласыз. Суретте тоңазытқышты орнатуға арналған кеңістік мөлшеріне
көңіл аударыңыз.
Есігінің дұрыс жабылуын қамтамасыз ету үшін, тоңазытқыш аздап артқа еңкейіп тұрады – конструкциялық ерекшелігі.
Сақтау ережелері және тасымалдау:
Қапталған тоңазытқыш тік қалпында 80%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылықта, табиғи желдетілетін жабық бөлмеде
сақталуы тиіс.
Тоңазытқыш ұзақ уақыт желіден ажыратулы тұрған кезде, ішіндегі азық-түлікті алып тастап, камераны тазалаңыз. Камераларда
жағымсыз иістің пайда болмауы үшін, тазалап болған соң, есіктерін аздап ашып қойыңыз.
Тоңазытқышты көлік құралының ішінде ықтимал соққы алуын, жылжуы мен құлап түсуін болдырмау үшін, сенімді етіп бекітіп, кез
келген жабық көлік түрінде тік күйінде тасымалдау керек.
Өткізу: Өткізу шарттары елдің жергілікті заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Пайдалану алдындағы дайындық
Қаптаманы, көбікпласт негізді және аксессуарларды бекітетін жабысқақ таспаны алып тастаңыз. Ілеспе құжаттама мен аксессу-
арларды тексеріңіз. Жинақтамада алшақтық болған жағдайда, сатып алған сәттен бастап 14 күн ішінде дүкенге хабарласыңыз. Тоңа-
зытқышты тиісті орынға жылжытыңыз – «Орналастыру орны» тарауын қараңыз. Пайдаланар алдында корпусты тазалап алыңыз. Ішіне
азық-түлікті салудан бұрын, ылғал жұмсақ шүберекпен тоңазытқыштың сыртқы және ішкі бетін тазалаңыз. Тоңазытқыш біршама уақыт
жұмыс істеп, тоңазытқыштың бөлігі жеткілікті шамада суыған соң, тоңазытқышқа азық-түлікті салуға болады.

Бұл схема сіз сатып алған тоңазытқыштың жинақтамасынан біршама ерекшеленуі мүмкін.

1) Басқару панелі (термостат)
2) Ішкі жарық
3) Реттелетін сөрелер
4) Бөтелкеге арналған сөрелер
5) Көкөніс-жемістерге арналған жәшік
6) Жұмыртқа салатын орын
7) Мұздату камерасының жәшіктері
8) Реттелетін аяқтар


(A) Күту режимінің функционалдық батырмасы;
(B) 1 индикатор
(C) 2 индикатор
(E) 4 индикатор
(F) Жылдам суыту функциясының индикаторы
(G) режимді таңдау түймесі


Тоңазытқыштың есігі ашылып, дисплей тақтасы жанады. Тоңазытқыштың температурасын реттеу үшін «G,» түймесін басыңыз. «G» түй-
месін басқан сайын, 2-3-4 индикаторы жанады, содан кейін жылдам салқындату индикаторы және қайтадан шеңберге 1-2-3-4 - қосылады.
Реттеу режимін таңдауды растамастан позиция автоматты түрде расталады.
Loading ...
Loading ...
Loading ...