Loading ...
Loading ...
Loading ...
- Сумен шайған кезде электр ұстараның төменгі жағындағы тесіктен
су ағуы мүмкін. Бұл — қалыпты жағдай және қауіпті емес, себебі
бүкіл электрондық бөлшектер электр ұстараның ішіндегі су
өткізбейтін қуат бөлігінде орналасқан.
- Зақымданған ұстараны, адаптерді немесе басқа
бөлікті пайдаланбаңыз, себебі бұл жарақаттауы мүмкін. Зақымданған
адаптерді, зарядтағышты немесе бөлшектерді тек түпнұсқа
түрлерімен ауыстырыңыз.
- Құралды тек 10°C және 35°C температура аралығында ғана
қолдануға, зарядтауға және сақтауға болады..
- Ұстараны міндетті түрде сұйықтық өткізбейтін бетке қойып,
пайдаланыңыз.
- Тек берілген адаптерді, зарядтау құралын және қосалқы құралдарды
пайдаланыңыз.
- Жарақаттанып қалмас үшін және қырыну бастарында шаң жиналып
қалмас үшін әрдайым қорғаныс қақпағын ұстараға кигізіп қойыңыз.

- Құрал халықаралық мақұлданған IEC қауіпсіздік ережелеріне сәйкес
келеді және оны ағынды сумен шаюға болады.
- Ұстара электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық
стандарттарға сәйкес келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы
нұсқауларға сай дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми
дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз болып табылады.

- Құралда кернеудің автоматты таңдағышы бар, сондықтан, кернеуі
100 және 240 вольт аралығындағы розеткаларға жалғауға болады.
- Адаптер 100-240 вольтты 24 вольттан төмен қауіпсіз кернеуге
түрлендіреді.

PT866/PT860: Ұстараны толық зарядтау үшін шамамен 1 сағат уақыт
кетеді.
PT736/PT735/PT730/PT725/PT720: Ұстараны толық зарядтау үшін
шамамен 8 сағат уақыт кетеді.
Ұстараны алғаш рет немесе ұзақ уақыт бойы қолданбағаннан соң
зарядтағанда, зарядтау шамы тоқтаусыз жанғанша зарядтаңыз.
Толығымен зарядталған ұстара қуат сымынсыз 17 рет қырыну үшін 50+
қырыну минутын береді (PT866/PT860) немесе қуат сымынсыз 14 рет
қырыну үшін 40+ қырыну минутын береді (PT736/PT735/PT730/PT725/
PT720).
Қырыну әдетіңізге, тазалау дағдыларыңызға немесе сақал түріне
байланысты қырыну уақыты қуат сымынсыз 17 рет қырыну үшін 50+
қырыну минутынан (PT866/PT860) немесе қуат сымынсыз 14 рет
қырыну үшін 40+ қырыну минутынан (PT736/PT735/PT730/PT725/
PT720) аз болуы мүмкін.
66
Loading ...
Loading ...
Loading ...