Loading ...
Loading ...
Loading ...
52
Құралды қуат сымынан тартып өшірмеңіз.
Қалыпты түрде тазалау мен техникалық қызмет сияқты
тұтынушы әрекеттерінен басқаларын мақұлданған
қызмет орталығы жасауы керек.
Шәйнекті ас суын қайнату үшін ғана пайдаланыңыз.
Барлық құралдар қатаң сапа тексерісінен өтеді. Онда
кездейсоқ таңдалған құралдарға сынақтар жасалады,
олар қолданыс салдарын түсіндіреді.
Тазалау үшін қырғыш жөкелерді қолданбаңыз.
Қақтың түзілуіне кедергі жасайтын сүзгіні алу үшін
шәйнекті үйкектен алыңыз, оны суытыңыз. Ыстық суға
толы шәйнектен ешқашан сүзгіні алмаңыз.
Қақты жоғарыда аталған әдістерден басқа ешқандай
әдістермен кетірмеңіз.
Шәйнек пен оның қуат сымын жылу көздерінен, су
немесе сырғанақ беттер мен өткір қырлы жерлерден
алшақ ұстаңыз.
Құралды жуынатын бөлмеде және су көзінің жанында
пайдаланбаңыз.
Қолыңыз немесе аяғыңыз су болса, шәйнекті
қолданбаңыз.
Жұмысында әдеттен тыс белгілер байқалса, қуат
сымын бірден ажыратыңыз.
Розеткадан суырғанда, қуат сымынан тартпаңыз.
Құрал қосылып тұрғанда, абай болыңыз. Әсіресе
шүмектен шығатын ыстық будан байқаңыз.
Қуат сымын еш уақытта үстелден салбыратып
қоймаңыз: еденге құлап түсу қаупі бар.
Су қайнап жатқанда, сүзгіні және қақпақты ұстамаңыз.
Шәйнектің тат баспайтын болаттан жасалған негізгі
бөлігі ысып кететіндіктен, абай болыңыз. Шәйнектің
тұтқасын ғана ұстаңыз.
Істеп тұрғанда, шәйнекті жылжытпаңыз.
Құралды ылғалды және аяз жерде ұстамаңыз.
Суды қыздырғанда, сүзгіні міндетті түрде салыңыз.
Бос шәйнекті қыздыруға болмайды.
Шәйнек пен оның қуат сымын жұмыс бетінің артына
қойыңыз.
Кепілдік тек өндірістік ақаулар мен үйдегі қолданыс
үшін жарайды. Осы пайдалану нұсқауларын
орындамағаннан болған бұзылу және зақымдалу
жағдайларына кепілдік жүрмейді.
АЛҒАШ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА
1. Ораманың барлық элементтерін, ішіндегі, сондай-ақ
сыртындағы керек-жарақтарды және жапсырмаларды
алып тастаңыз.
2. Баусымның ұзындығын реттеңіз, қалғанын үйкек
астына орап қойыңыз. Баусымды арнайы ойыққа
салыңыз. (1 сурет)
Қолдануды бастамас бұрын шәйнекте суды екі-үш рет
қайнатып, суды төгіп тастаңыз, өйткені онда шаң-тозаңның
бөлшектері болуы мүмкін. Шәйнек пен сүзгіні бөлек-бөлек
жуыңыз.
ҚОЛДАНУ
1. ШӘЙНЕККЕ СУДЫҢ ҚАЖЕТ МӨЛШЕРІН ҚҰЙЫҢЫЗ
(6 сурет)
Үйкекте тұрған шәйнекті ешқашан толтырмаңыз.
Шәйнектегі судың деңгейі ең жоғарғы таңбадан аспауы,
ең аз таңбадан төмен болмауы қажет. Егер шәйнек
толып кетсе, қайнап жатқан су шәйнек жиегінен төгілуі
мүмкін.
Шәйнекті сусыз қоспаңыз.
Шәйнекті қоспас бұрын, қақпақтың жабық екендігіне көз
жеткізіңіз.
2. ШӘЙНЕКТІ ҮЙКЕГІНЕ ҚОЙЫҢЫЗ. РОЗЕТКАҒА
ҚОСЫҢЫЗ.
3. ТЕМПЕРАТУРА БОЙЫНША ӨШЕТІН ШӘЙНЕКТЕР
ҮШІН
Қажетті температураны таңдаңыз.
суды қайнату үшін; бірден ішуге мүмкіндік беретін
температура. (7 сурет)
4. ШӘЙНЕКТІ ІСКЕ ҚОСУ
Қосу/өшіру түймесін басыңыз (үлгісіне байланысты,
тұтқаның үстіңгі немесе астыңғы жағында орналасқан).
(8 сурет)
5. ТЕМПЕРАТУРА БОЙЫНША ӨШЕТІН ШӘЙНЕКТЕР
ҮШІН
егер суды жылытқаннан кейін, сіз тез басқа режімге
көшкіңіз келсе, шәйнекті қайта қосу қажет. Үдерісті тездету
мақсатында, судың қызуы тез басталуы үшін сізге салқын
су қосуға болады.
6. КЕЙБІР ҮЛГІЛЕР ЖАРЫҚТАНДЫРУМЕН
ЖАБДЫҚТАЛҒАН.
7. ШӘЙНЕК АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ӨШЕДІ:
су қайнайтын немесе таңдалған температураға жеткенде.
Одан суды құйып алу үшін үйкектен алмас бұрын, оны
қолмен ажыратуға болады. Су қайнағаннан кейін кейбір
үлгілерде жарықтандыру мен сигналдық белгісі өшеді.
Шәйнекті үйкектен алмас бұрын қосу/сөнд. батырмасы
«сөндірулі» жағдайында тұрғанына көз жеткізіңіз.
Қолданып болғаннан кейін шәйнекте суды
қалдырмаңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
ШӘЙНЕКТІ ТАЗАЛАУ
Шәйнекті желіден ажыратыңыз.
Оны суытыңыз, сосын ылғал губкамен сүртіп алыңыз.
Шәйнекті, үйкекті, электрлі баусымды немесе
штепсельді ешқашан суға салмаңыз: электрлі
қосылыстар да, ажыратқыш та сумен жанаспауы қажет.
Қажақты губкаларды қолданбаңыз.
СҮЗГІНІ ТАЗАРТУ (ҮЛГІГЕ БАЙЛАНЫСТЫ) (9 сурет)
Алынбалы сүзгі шәйнектен құйылып жатқан сумен бірге
қақ бөлшектерінің түсуінің алдын ала отырып, оны
ұстап қалатын матадан дайындалған. Бұл сүзгі суды
жұмсартпайды және одан әк қоспаларын кетірмейді,
сндықтан судың қасиеті өзгеріссіз қалады. Суда әк
мөлшері көп болған жағдайда, сүзгі өте тез бітеліп қалады
(10-15 рет қолданғаннан кейін). Оны үнемі тазалап тұру
қажет. Ылғал сүзгіні ағынды сумен, құрғақты – абайлап
жұмсақ қылшақпен тазартыңыз. Егер қақ кетпеген
жағдайда, қақты кетіруді жүргізіңіз.
ҚАҚТЫ КЕТІРУ
Егер су құрамында әк қоспалары көп болатын болса,
онда, ең кем дегенде, айына бір рет немесе одан да
жиірек қақты тұрақты түрде кетіріп отыру керек.
8 % Ақ сірке суы: Шәйнекке ½ л сірке суын құйыңыз,
Қыздырмай 1 сағатқа қалдырыңыз.
Лимон қышқылы: ½ Л суды қайнатыңыз, 25 Г лимон
қышқылын қосыңыз және 15 минутқа қалдырыңыз.
Пластмасса шәйнектерден қақты кетіруге арналған
арнайы препараттар: өндірушінің нұсқаулығын
сақтаңыз.
Шәйнектің ішіндегісін төгіңіз және 5-6 рет шайыңыз.
Қажет болған жағдайда үрдісті қайталаңыз.
Сүзгіні тазарту (үлгіге байланысты):
Сүзгіні ақ сірке суына немесе лимон қышқылының
ерітіндісіне салыңыз.
Қақты жоғарыда аталған әдістерден басқа ешқандай
әдістермен кетірмеңіз.
АҚАУЛАР
ЕГЕР ШӘЙНЕКТІҢ КӨЗГЕ КӨРІНЕТІН
ЗАҚЫМДАНУЛАРЫ БОЛМАСА:
Шәйнек жұмыс істемейді немесе су қайнағанша
сөндіріледі:
Шәйнектің электр желісіне дұрыс қосылғанын
тексеріңіз.
Шәйнекте су болған жоқ болмаса қақ жиналып
қалған, осының салдарынан су жоқ болған кезде
шәйнекті ажырататын қауіпсіздік жүйесі іске
қосылды: шәйнектің суығанын күтіңіз, оны негізінен
алыңыз және су құйыңыз. Қақ жиналып қалса,
алдымен қақты тазалаңыз.
Ауыстырып-қосқышты басу арқылы шәйнекті қосыңыз: ол
шамамен 15 минуттан кейін жұмыс істейді.
Суда пластмассаның дәмі бар:
Loading ...
Loading ...