User Manual - Page 93

For GC5057/02.

Loading ...
Loading ...
Loading ...
- Негізінен, бүктесінді кетіру қызуды матаға тасымалдау арқылы
жасалады. Бұрынғы уақытта бұл өте ыстық тақтамен жасалатын.
Содан кейін қызуды тасымалдауды жақсарту үшін бу қосылған.
Біздің зерттеу бүктесіндерді тиімді кетірудің ең жақсы жолы
— қарқынды бу мен оңтайлы тақта температурасының тамаша
тіркесімі екенін анықтады. Бүктесіндерді тиімді кетірудің кілті —
тақта температурасы емес, бу. Қандай да ылғалды кетіру үшін тақта
температурасы бу температурасынан аз ғана жоғары болуы керек.
Бұл оңтайлы температура.
- Бұрында осы оңтайлы температурада будың жоғары мөлшері судың
ағуына әкелетін. Біз бірегей камераны жасадық. Ол су ағуы қаупінсіз
тез үтіктеу үішн матаға терең енетін үйлесімді ылғалды буды береді.
- Енді үтіктеу шынымен де оңай - температураны реттеу керек
емес, қызуды және салқындауды күту керек емес. Үтіктеу азырақ
уақыт алады, үтіктеуді кім орындаса да. Осы OptimalTemp
технологиясының көмегімен кез келген киімді тиімді және қауіпсіз
үтіктеуге болады.
- The Woolmark Company Pty Ltd компаниясы бұл үтікті тек жүннен
жасалған өнімдерді үтіктеуге қолдануды бекіткен. Тек киімді киім
этикеткасындағы және осы үтік өндірушісінің нұсқауларына сай
үтіктеу керек. R1201. Ұлыбританияда, Эйрда, Гонконгта және
Үндістанда Woolmark сауда белгісі куәліктендіру белгісі болып
табылады.
Өнімге жалпы шолу (Cурет 4)
1 ECO түймесі (тек кейбір түрлерде)
2 Тігінен бумен үтіктеуге және буды күшейтуге арналған бу қосқышы
3 Су құятын ыдыстың қақпағы
4 Су деңгейін көрсететін су ыдысы
5 Ақылды шам
6 Үтіктің табаны
7 Ақпараттық тақтай
8 Ашасы бар қуат сымы
Алғаш қолданар алдында
Бұл жабдық тек маталарды үтіктеуге және жаңартуға арналған.
1 Бүкіл орама материалы мен жапсырмаларды алыңыз.
2 Жабдықты пайдаланбай тұрып тақтадан қорғағыш қақпақты
алыңыз.
3 Үтіктен ілу жапсырмасын алыңыз.
ҚАЗАҚША 93
Loading ...
Loading ...
Loading ...