Candy CCPN 200ISRU Refrigerators

User Manual - Page 22

For CCPN 200ISRU.

PDF File Manual, 39 pages, Download pdf file

Loading ...
Loading ...
Loading ...
Тасымалдау кезінде тоңазытқыштың бүлінген жерлерінің болмауын тексеріңіз. Оларды
тапқан кезде жақын маңдағы Өкілетті Қызмет көрсету Орталығына телефон шалыңыз.
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ БОЙЫНША ТАЛАПТАР
Тоңазытқыш қоршаған ортамен жоғары сыйымдылықты газ тəрізді хладагенттен (R600a: изобутан)
жəне жылу айырғыш көбіктендіргіштен (HCFC141b) тұрады, алайда олар жанғыш заттар болып
табылады. Қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін келесі ережелерді сақтауға кеңес беріледі:
• Ақау белгілері бар тоңазытқышты ешқашан қоспаңыз; егер бұйымның ақауы бар екендігіне сізде
күмəн пайда болса, қызмет көрсету орталығына жүгініңіз.
•Кез келген операцияларды орындаудың алдында желілік шнурды электр розеткасынан суырып
тастау қажет.
•Тоңазытқыштың ішкі жағында жəне артқы қабырғасында орналасқан тоңазытқыш жүйесінде,
хладагент бар. Олай болса, тоңазытқыштың тоңазыту жүйесінің трубаларына зиян келтірмеу үшін,
абай болу қажет.
•Егер тоңазытқыштың тоңазыту жүйесінде ағып жатқан нəрсені байқасаңыз, электр розеткасына
қолыңызды тигізбеңіз жəне жақын жерде ашық жалынды пайдаланбаңыз. Терезені ашып, бөлменің
ішін желдетіп алыңыз. Содан кейін қызмет көрсету орталығына көмек сұрап, жүгініңіз.
•Тоңазытқышта қатып қалған қалың мұзды пышақпен немесе басқа да үшкір затпен алмаңыз.
Мұндай жағдайда хладагенттың сұлбасына залал келуі мүмкін, оның жүйеден шығып кетуі өрттің
пайда болуына əкелуі немесе сіздің көзіңізге зиян келтіруі мүмкін.
• Ылғалды, маймен ластанған жəне қоқыс тасталған жерлерде электр құралдары мен аспаптарын
орнатпаңыз, сонымен бірге оған су мен күн сəулесінің тікелей түсуіне жол бермейді.
• Оны жылытқыш электр құралдары мен аспаптарына жақын жерге немесе жанғыш
материалдардың қасына орнатпаңыз.
•Ұзартқыш шнурлар мен жалғастырғыш тетіктерді қолданбаңыз.
•Жүйелік шнурды тым қатты тартпаңыз жəне майыстырмаңыз жəне желілік шнурдың вилкасын
дымқыл, сулы қолмен ұстамаңыз.
•Ақауы бар желілік шнурды жəне вилкасының ақауы бар желілік шнурды пайдаланбаңыз; бұл
электр тогынан немесе өрттен зардап шегуге əкелуі мүмкін.
• Желілік шнурды вилкасы таза болуы қажет, вилкада шаң-тозаңның болуы өртке əкелуі мүмкін.
• Тоңазытқыштың еріту үдерісін үдету үшін механикалық құрылғылар мен басқа да жабдықтарды
пайдаланбаңыз.
• Тоңазытқыштың еріткен кезде, ашық отты жəне электр жылытқыш, бу тазартқыш, балауыз шам,
майлы жалын жəне осыған ұқсас құрылғылар сияқты, электр жабдықтарын пайдалануға тыйым
салынады.
• Тоңазытқышқа жақын жерде жанғыш спрейлерді, мысалы, аэрозолды қорабы бар бояуды
пайдаланбаңыз. Бұл өрттің шығуына немесе жарылысқа əкелуі мүмкін.
• Егер өндіруші мұндай пайдалануға кеңес бермеген болса, азық-түліктер мен тамақ өнімдерін
сақтауға арналған бөлімшелерінде электр аспаптарын пайдаланбаңыз.
• Эфир, жанармай, сұйытылған мұнай газы, газ тəріздес пропан, аэрозолды спрейдің ыдысын, желім,
таза ішімдік сияқты, жанғыш жəне оңай ұшатын зат
тарды то
ңазытқышта сақтамаңыз. Бұл
жарылысқа əкелуі мүмкін.
•Дəрі-дəрмектер мен ғылыми зерттеуге арналған материалдарды тоңазытқышта сақтамаңыз.
•Олардың температурасын қатаң сақтау талап етілетін, материалдарды сақтаған жағдайда, мұндай
материалдардың химииялық ыдырау қауіпі бар жəне бақылау мүмкін емес химиялық реакция
болуы мүмкін, бұл қауіп-қатер туғызуы мүмкін.
• Тоңазытқыштың корпусындағы жəне оның ішкі жағындағы желдеткіш саңылаулар қалқаланбауы
тиіс.
• Тоңазытқыштың төбесіне контейнерлер мен суы бар ыдыстарды қоймаңыз.
• Өз бетіңізше аталған тоңазытқыштың жөндеу жұмыстарын орындауға тырыспаңыз. Барлық
жөндеу жұмыстары қызмет көрсету қызметінің білікті қызметкерлері арқылы орындалуы тиіс.
• Аталған тұрмыстық электр аспаптары, ақыл-ой қабілет немесе тəндік кемістігі бар тұлғалардың
(соның ішіне балалар да кіреді), сонымен бірге жеткілікті тəжірибе мен білімге ие емес
тұлғалардың пайдалануына арналмаған. Тек электр аспаптарын пайдалану бойынша нұсқаулықты
3
Loading ...
Loading ...
Loading ...